Өте дәмді бұндай тортты бұрын-соңды жеп көрмеген боларсыз!
Қауын мен қарбыз тортқа ерекше дәм беріп, түсін де өзгертеді. Қазіргідей дәнді-дақылдар науқанында жасасаңыз, бағасы да қымбатқа түспейді. Табиғи өнімдерден дайындалған тортты ересектер де, балалар да сүйсініп жейтіні анық.
Қауын мен лимон қосылған ерекше торт
Қажетті өнімдер: Бисквит үшін:
- 150 гр. қауын
- 130 мл су
- 100 мл өсімдік майы
- 125 гр. қант
- 80 гр. сұлы жармасы
- ұн
- 1,5 шай қасық қамыр қопсытқыш
- Ванилин
- Крем үшін:
- 200 гр. қауын
- 1 дана лимон
- 50 мл су
- 1 стақан қант
- 1 стақан крахмал.
Дайындалу тәсілі:
- Бисквитті дайындау үшін, алдымен қауынды блендермен майдалаймыз. Сосын ванилин, қант, су қосып араластырамыз.
- Кофеұнтақтағышта ұнтақталған сұлы жармасын, өсімдік майы мен қамыр қопсытқышты, ұнды салып, араластыру керек.
- Араласпаны формаға құйып, 180 градусқа қыздырылған пеште 45 минут бойы пісіреміз. Піскен коржды суытып, арнайы жіппен 3 дөңгелекке бөлеміз.
- Енді кремін дайындау ғана қалды. Кремді дайындау үшін қауынды блендермен майдалаймыз. Содан соң оған лимон шырыны мен қабығын қосамыз. Крахмал мен қантты салуды да ұмытпаңыз. Осы араласпаны отқа қойып, үнемі араластыра отырып қайнатамыз. Отты өшіріп, кремді суытамыз.
- Осы кремді әрбір коржға, барлық жеріне айналдырып жағамыз. Соңында тортты жеміс-жидектермен әсемдеп, 1-2 сағат тоңазытқышқа салып қою керек.
Қарбыз бен кивиден дайындалған ТОРТ
Қажетті өнімдер:
- 100 гр. бадам ұлпасы (хлопья миндаля)
- 500 гр. қаймақ
- 50 гр. ванильді қант
- 4 дана киви
- 200 гр. құлпынай
- 100 гр. қант
- 1 дана қарбыз
- 10 мл хош иістендіргіш
Дайындалу тәсілі:
- Қарбыздың қабығын бүтын қалпында аршып тастайсыз. Сосын пышақтың көмегімен одан цилиндрге ұқсас пішін жасаймыз.
- Қаймақты шұңғыл табаққа салып, қант, ванильді қант және хош иістендіргішпен араластырамыз.
- Сосын қарбызды тәрелкеге салып, сыртына қаймақты жақсылап жағып шығамыз. Оның сыртына, яғни тортты айналдыра бадам ұлпасын себелеп немесе шашып шығыңыз.
- Енді тортты әсемдеу ғана қалды. Киви мен құлпынайды кесіп, торттың бесін әсемдейсіз. Тортты тоңазытқышқа салып қойыңыз. 1-2 сағаттан кейін алып жей беруге болады.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Айрин Тастемір: «Шоколадты құлпынай жасауды үйретіп, айына 1 миллион теңге табамын»
Жаз бойы дайындауға болады: Кәді мен фарш тағамы