КӨКТЕМГІ РЕЦЕПТ: ​«Кемпірқосақ» торты

0
7 274


КӨКТЕМГІ РЕЦЕПТ: ​«Кемпірқосақ» торты

Өте дәмді әрі әдемі тортты балалардың туған күнінде дайындасаңыз, олардың қуанып қалары сөзсіз. Мұндай түрлі-түсті боямен әрленген торт дастарханға сән беріп, тәбетті одан әрі аша түседі. Ендеше "Кемпірқосақ" тортының жасалу мәзіріне көңіл бөлейік.

Қажетті өнімдер:

  • Қамырына:
  • 4 дана жұмыртқа
  • 150 гр. қант
  • 100 гр. ұн
  • Салмасына:
  • 0,5 стақан таңқурай
  • Крем үшін:
  • 200 гр. қаймақ
  • 180 гр. сүзбе
  • 60 гр. қант ұнтағы
  • 1 шай қасық ванильді қант
  • Тегістейтін крем үшін:
  • 250 гр. маскарпоне
  • 80 гр. сары май
  • 50 гр. қант ұнтағы
  • Тағы да басқа:
  • 0,75 стақан су
  • 2 ас қасық тосап
  • Әсемдеу үшін:
  • 165 гр. ақ конфет
  • 40 шт. маршмеллоу (түрлі-түсті конфет)
  • 1 ас қасық кондитерлік ұнтақ (посыпка)


Дайындалу тәсілі:

  1. Бисквитті дайындау үшін жұмыртқаның сары уызы мен ақ уызын бөліп алып, сары уызына қантты қосып көпіршітеміз. Ал, ақ уызын тоңазытқышқа салып қоя тұру керек. Миксерді бар жылдамдығына қойып, сары уызын көпіршітесіз.
  2. Миксердің венчигін жуып, кептіріп алыңыз. Содан соң ақуызды тоңазытқыштан алып, оған азырақ тұз қосып, миксермен жайлап араластырыңыз. Осылайша миксердің жылдамдығын жайлап көтере бересіз. Аз-аздан қант қосып отыруды ұмытпаңыз. Ақуыз әбден қоюланып, барынша көпіршігеннен кейін араластыруды тоқтатасыз. Содан соң ақуыз бен сары уызды біріктіріп, Осы араласпаға ұнды қосып, май жағылған формаға құямыз. Сосын 180 градусқа қыздырылған пеште 30 минутта дайын болады.
  3. Дайын бисквитті пештен алып, бірден рещеткаға төңкеріңіз. Суыған соң кремін дайындауға кірісеміз.
  4. Дуршлагқа дәкені бірнеше қабаттап салып, қаймақты құйыңыз. Астына шұңқырлау табақ қоясыз. Осы қалыпта тоңазытқышқа салып қоямыз. Сонда қаймақ одан сайын қоюлана түседі.
  5. Бөлек ыдысқа сүзбені, қаймақ пен қант ұнтағын, ванильді қантты салып араластырамыз. Миксермен араластырып, тоңазытқышқа салыңыз.
  6. Бисквитті домалақ қалыпта үш бөлікке бөлеміз. Ал, бисквиттің құрғақ болмауы үшін тосап пен суды араластырып, дайындап алыңыз.
  7. Енді тортты жинауды бастаймыз. Алдымен су мен тосап араласпасын бірінші қабатқа жағып, оның бетіне сүзбе араласпасын саламыз. Содан соң таңқурайдың жартысын қамырдың әр жеріне қойып шығу керек.
  8. Торттың екінші қабатын қойып, оған да осы жаққандарды жағып шығамыз да, үшінші коржды қоямыз. Оның бетіне тосап пен су араласпасын жағып, тоңазытқышқа біраз уақытқа салып алу керек.
  9. Енді торттың бетін тегістеуге арналған кремді дайындаймыз. Ол үшін жұмсақ сары май мен қант ұнтағын венчикпен араластыру керек. Сосын миксермен ең жоғарғы жылдамдыққа қойып араластырамыз.
  10. 2 минуттан кейін маскарпонені салып, қайтадан миксерлейміз. 3 минутта крем де дайын болады.
  11. Осы кремді торттың беті мен қабырғаларына жағып шығамыз. Тортты дастарханға ұсынарда әсемдеу керек. Конфеттерден кемпірқосақ жасап, астыңғы жағына кондитерлік ұнтақты себелесеңіз болғаны. Торт дайын!


Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Тойымды әрі дайындалуы ОҢАЙ ПИРОГ-ПІСІРМЕ


Қуырылған картоп: Жаңа рецепт


Ең ТОЙЫМДЫ таңғы ас: жұмыртқа мен лаваштан ДӘМДІ рецепт