​Құлпынай қосылған трайфл

0
3 744


​Құлпынай қосылған трайфл

Тәтті торттар мен пісірмелерді жақсы көрмейтін жан жоқ шығар?! Өзі тәтті, өзі дәмді трайфл дайындау да қазір сәнге айналды. Трайфл дастарханыңыздың сәнін келтіріп, үйіңізге келген қонақтың көңіл күйін көтереді. Оны түрлі-түсті етіп дайындасаңыз, тіпті, тамаша болары сөзсіз!


Трайфлға қажетті өнімдер:

  • 100 гр. ұн
  • 100 гр. қант
  • 4 дана жұмыртқа
  • 2 ас қасық какао ұнтағы
  • Салмасына:
  • 200 гр. құлпынай
  • Крем үшін:
  • 250 гр. кілегей
  • 60 гр. қант ұнтағы


Дайындалу тәсілі:

  1. Жұмыртқаның ақ уызы мен сары уызын бөліп аламыз. Сосын табаққа қант пен жұмыртқаның ақ уызын салып, миксермен барынша көпіршітеміз.
  2. Содан соң миксерлеуді тоқтатпай, жұмыртқаның сары уызын біртіндеп саламыз. Сонда жұмыртқа жақсылап көпірши түседі.
  3. Ұнды какаомен араластырып, 2-3 рет електен өткіземіз. Сосын көпіршітілген жұмыртқамен араластырып, табаға құямыз. Табаға пергамент қағазын салып, өсімдік майын жағамыз.
  4. 180 градусқа қыздырылған пеште қамырды пісіріп аламыз. Корж 10 минутта дайын болады.
  5. Піскен коржды стақанның көмегімен кесіп шығамыз. Корждар стақанға салуға ыңғайлы болуы керек. Ал, корждың қалған бөлігін блендермен ұнтақтаймыз.
  6. Құлпынайды тазалап жуып, 3-4 бөлікке бөлеміз.
  7. Кремін дайындау үшін қант ұнтағы мен кілегейді көпіршітеміз.
  8. Енді трайфлды жинау ғана қалды.
  9. Стақанға бірінші дөңгелек коржды салып, оның бетіне құлпынайды, көпірген кілегейді салып, осы қалыппен тағы бір қабат жасайсыз. Кремнен кейін ең бетіне ұнтақталған коржды себелейсіз. Осылайша дайындалған тәтті десертті 1-2 сағат тоңазытқышқа салып қойыңыз.

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қыстың қамы: маринадталған қияр мен қызанақ

Құлпынай тосабын жаптыңыз ба?