Мына КЕКСТІ 30 минутта ПІСІРУГЕ болады

0
4 783

​Өз қолыңмен дайындаған тәттіден дәмді ешнәрсе жоқ шығар, сірә?!


Мына КЕКСТІ   30  минутта ПІСІРУГЕ болады

Иә, қазіргі таңда тәтті пирогтар мен торттарды ғаламтор желісі арқылы тез-ақ үйреніп алуға мүмкіндік бар. Тіпті, қалаған мәзіріңізді ютуб каналынан тауып алуға болады. Алайда, қазақша мәтінде жазылған мәзірлер әлі де болса өте аз. Біз сіздерге үнемі өз ана тілімізде түрлі тағамдар мен тәттілер мәзірін ұсынып, дайындалу жолдарымен таныстыратын боламыз.

Бүгінгі мәзірде лимон қосылған кекс. Балаларыңызды қуантқыңыз келсе, өте дәмді әрі тәтті кексті 30 минутта жасап көріңіз. Лимонның орнына лайм немесе апельсин қосуға да болады.

Қажетті өнімдер:

  • 1 дана жұмыртқа
  • 100 гр. қант
  • 30 гр. сары май
  • 1 дана лимонның қабығы
  • 15-20 гр. лимон шырыны
  • 20%-дық 60 гр. қаймақ
  • 120 гр. ұн
  • 4 гр. қамыр қопсытқыш
  • 40 гр. мак

Дайындалу тәсілі:

Табаққа ұн, қамыр қопсытқыш, макты салып, араластырып аламыз.

Жұмыртқа мен қантты бөлек табаққа салып, миксермен араластыру керек. Әбден көпіршіген уақытта сары майды салып, біркелкі қалыпқа келгенше миксерлейміз.

Лимонды тазалап жуып, қабығын үккіштен өткізіп аламыз. Содан соң шырынын сығып, жылы қаймақты құйып, миксермен араластырамыз.

Сұйық араласпаға құрғақ қоспаларды қосып, жақсылап араластыру керек.

Сосын дайын қамырды кондитерлік қалтаға құйып, кекске арналған формаларға салып шығамыз. Кексті пісіру кезінде барынша көтерілетіндіктен қамырды формаға толтырмай құйған жеткілікті.

Осылайша қалыптарға құйылған кексті 160 градусқа қыздырылған пеште 20-25 минут ұстаймыз.

Егер кондитерлік қалтаңыз болмаса, қамырды қасықпен құюға да болатынын естеріңізге саламыз.

Кекстің піскен-піспегенін тіс тазалағышпен тексереміз. Егер піскен болса қамыр тіс тазалағышқа мүлде жабыспауы тиіс.

Лимон қабығы мен шырынын қосып дайындағандықтан кекс күтірлек нан сияқты қызарып піседі. Ал, дәмі тіл үйіреді. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Құманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ЖЕМІС қосып та ӨТЕ ДӘМДІ салат жасауға болады


2 келі ҚЫЗАНАҚ пен алмадан КЕТЧУП дайындауға болады