Өріктен тосап қайнатып үлгерген боларсыз. Болмаса қазір де өрікті дүңгіршектерден табуға болады. Өрік тосабын қайнатып, одан пирог пісіріп көріңіз. Жалпы, өріктен жасалған тосабыңыз болса, мұндай пирогты жыл он екі ай дайындай аласыз.
Қажетті қоспалар:
- 1 стақан грек жаңғағы
- 2/3 стақан ерітілген сары май
- 2/3 стақан шекер
- 5 дана жұмыртқа
- 1 дана апельсин
- 2/3 стақан сүзбе
- 6 ас қасық ұн
- 4 ас қасық өрік тосабы
- 60 гр. шоколад.
Дайындалу тәсілі:
- Пешті 180 қойып қыздырып, табаға пергамент қағазын салыңыз.
- Грек жаңғағын ұнтақтап, құрғақ табаға салып қуырасыз.
- Шұңғыл табаққа сары май мен ұнды салып, жақсылап араластырасыз. Оған жұмыртқаның сары уызын, үккіштен өткізілген апельсин қабығын, сүзбені, жаңғақты салып, араластыру керек.
- Ал, жұмыртқаның ақ уызын басқа ыдысқа салып, әбден көпіршітеміз. Көпіршіген жұмыртқаға қант қосып, тағы да араластырамыз. Содан соң осы араласпаны ұн салынған қоспамен араластырыңыз.
- Дайын болған қамырды пергамент қағазы салынған табаға құйып, пешке саласыз. Пирог 30 минутта дайын болады.
- Енді піскен пирогтың бетін әсемдеу ғана қалды. Ол үшін өрік тосабына 1 ас қасық су қосып, отқа қойып қыздыру керек. Қайнатылған тосапты сүзіп, блендермен араластырыңыз да, пирогтың бетіне құйыңыз. Ал, оның бетіне үгітілген шоколадты себелеңіз. Сонда әдемі пирог та дайын болады.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Қарбыз бен қауыннан МАРМЕЛАД жасай білесіз бе?