Өте ОҢАЙ әрі ДӘМДІ балмұздақ мәзірі

0
4 316

Мұндай балмұздақты қысы-жазы жегіңіз келеді.


Өте ОҢАЙ әрі ДӘМДІ балмұздақ мәзірі

Балмұздақ балалардың да, ересектердің де сүйіп жейтін тәттісі. Әсіресе көктем-жаз айларында балмұздақтың өтімділігі арта түседі. Бұл тәтті бойыңызды салқындатып, шөліңізді басады. Егер өз қолыңызбен балмұздақ жасайтын болсаңыз оның пайдалы әрі дәмді болары сөзсіз.


Банан мен сүт қосылған үй балмұздағы


Қажетті өнімдер:

  • 2 дана банан
  • 100 мл. сүт.

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен бананның қабығын аршып, дөңгелек қалыпта тураймыз.
  2. Сосын туралған банандарды мұздатқышқа салып қою керек.
  3. Мұздатқышта тұрып қатқан банандарды блендерге салып, еземіз. Сүт қосып біркелкі болғанша араластыра береміз.
  4. Осылайша дайындалған балмұздаққа жаңғақ пен шоколад қосуға болады. Дайын бананды мұздатып та, дәл осы қалпында жеуге де болады.


Кілегей мен жұмыртқадан дайындалған балмұздақ

Қажетті өнімдер:

  • 300 мл сүт
  • 300 мл кілегей
  • 4 дана жұмыртқа
  • 120 гр. қант
  • ½ шай қасық ванильді қант
  • 50 гр. шоколад

Дайындалу тәсілі:

  1. Сүтті ыдысқа құйып қайнатамыз. Сосын сәл ғана суытамыз.
  2. Жұмыртқаның ақ уызы мен сары уызын бөліп алу керек. Сары уызына қант пен ванильді қантты қосып,бұлғауышпен араластырамыз.
  3. Жылы сүтті аз-аздан жұмыртқаның сары уызы құйылған табаққа құямыз. Үнемі қозғап отыруды ұмытпау керек. Содан соң осы араласпаны қайтадан сүт құйылған ыдысқа құю керек.
  4. Ыдысты өте жай отқа қойып, қозғап отырамыз. Сүт қайнауға дейін жетпеуі керек. 80 градусқа дейін ысығанда ыдысты оттан алып, суытамыз. Ал, сүт пен жұмыртқаның сарысы қосылған араласпаны електен өткіземіз. Осы сүтке енді кілегейді қосамыз. Барлығын жақсылап араластыруды ұмытпаймыз.
  5. Дайын араласпаны арнайы формаға немесе ыдысқа қйұып, мұздатқышқа саламыз. Арасында балмұздақты алып араластырып тұру керек. Сонда балмұздақ біркелкі болып шығады.
  6. Дайын балмұздақтың бетіне шоколадты үккіштен өткізіп әсемдейміз.


Құлпынай мен банан балмұздағы

Қажетті өнімдер:

  • 350 гр. құлпынай
  • 3 дана банан
  • 1-2 шай қасық какао
  • Азырақ қойылтылған сүт қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Құлпынай мен банандарды тазалап, бірнеше бөліккке бөліп тураймыз да, мұздатқышқа салып қоямыз.
  2. Блендерге мұздатылған құлпынайды саламыз. Қойыртылған сүтті қосып, тағы да араластырамыз.
  3. Дәміне қарай қойылтылған сүтті қоса беруге болады. Біркелкі болғанша блендермен араластырып, ыдысқа құямыз да мұздатқышқа саламыз.
  4. Енді таза блендерге мұздатылған бананды салу керек. Сонымен бірге какао мен қойылтылған сүтты саламыз.
  5. Жақсылап араластырып, ыдысқа құйып, мұздатқышқа салып қоямыз.
  6. 2-3 сағатта балмұздақ та дайын болады.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Ауызашарға ЕРЕКШЕ әдіспен дайындалатын кәуап пісіруге болады


1 литр сүттен 1 литр йогуртты қалай дайындайды?