Стақандағы «ҚЫЗЫЛ БАРҚЫТ» тәттісі

0
3 390

8 наурыз - Аналар мейрамы қарсаңында анаңызға, бауырыңызға немесе ең жақын адамыңызға 1 стақан "Қызыл бархыт" тәттісін сыйлаңыз. Өте әдемі әрі өте дәмді мұндай ТРАЙФЛДАН бір қасық жеген адам оған "ғашық" боп қалады.


Стақандағы «ҚЫЗЫЛ БАРҚЫТ» тәттісі

"Қызыл барқыт" тәттісін стақанға салып жинау оңай әрі ыңғайлы. Заманауи аспаздар ойлап тапқан бұл әдісті қазіргі таңда үй шаруасындағы әйелдер де жасай алады. Ендеше мейрам қарсаңында сіз де қарап отырмаңыз! Төмендегі мәзір бойынша дайындасаңыз, бәрі де ойдағыдай шығады.


Қажетті өнімдер:

  • Қамырына:
  • 350 гр. ұн
  • 200 гр. қант
  • 200 мл өсімдік майы
  • 300 мл айран
  • 30 гр. какао-порошок
  • 1 шай қасық ас содасы
  • 7 гр. қамыр қопсытқыш
  • 5 гр. тұз
  • 3 дана жұмыртқа
  • Қызыл түсті бояғыш
  • 5 мл ванильді сығынды
  • Крем үшін:
  • 350 гр. сүзбелі ірімшік (творожный сыр)
  • 200 гр. сары май
  • 100 гр. қант ұнтағы
  • Нәрлендіру үшін:
  • 20 мл коньяк
  • 20 мл шәрбат
  • 20 мл су

Дайындалу тәсілі:


Аталмыш тәттіні дайындау үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – корждарды пісіру. Екінші кезеңде сироптар мен кремін дайындаймыз. Үшінші кезеңде трайфлды жинаймыз.


1-кезең

  • Табаққа жұмыртқаларды жарып салып, қант қосып, венчикпен араластырамыз.
  • Осы араласпаға айранды құйып, араластыру керек. Содан соң ас содасын, какао ұнтағын салып, жақсылап араластыруды жалғастырамыз.
  • Сосын ұнды електен өткізіп салып, тұз бен қамыр қопсытқышты қосамыз. Ванильді сығындығы да құйып, тағы бір араластырып жіберу керек.
  • Енді қызыл бояуды, өсімдік майын құйып, араластыру керек. Егер миксермен араластыратын болсаңыз, ең төменгі жылдамдыққа қойған дұрыс.
  • Формаға пергамент қағазын салып, қамырды екі бөліп пісіріп аламыз. Піскен коржды суытып, әрқайсысын асханалық пленкамен орап, тоңазытқышқа салып қоямыз.


2-кезең

  • Ыдысқа шәрбатты, коньяк пен суды құйып, араластырамыз. (Шәрбатты дайындау үшін 160 мл суға қант салып, отқа қойып қайнатамыз. Қант ерігенше шәрбатты оттан алмаймыз. Егер қаласаңыз, хош иістендіргіш қосуға болады. Суыған соң корждарға алдымен шәрбатты құясыз).
  • Табаққа еріп тұрған майды салып, сүзбелі ірімшікті қосамыз. Қант ұнтағын да салып, миксермен 5 минуттай араластырасыз. Егер тәттісі аздау болса тағы да қант ұнтағын қосуға болады.


3-кезең

  • Корждарды тоңазытқыштан алып, сиропты жағамыз. Осы корждарды бірнеше бөлікке бөліп, стақандарға саламыз. Оның бетіне крем жағып, қайтадан корждарды саламыз да, ең бетіне кремді қайталап салып шығамыз. Содан соң стақандағы тәттілер 3-4 сағат тоңазытқышта тұруы керек.
  • Дайын трайфлды өзіңізге ұнайтын жеміс-жидектермен, шоколадпен әсемдеңіз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


20 құймақтан ЕРЕКШЕ тортты қалай дайындайды?


Итальянша лағман әзірлеп көрдіңіз бе?