Көңіліңіз күз болып жүр ме? Бұндай күй кейде ағзада қажетті дәрумендердің жеткіліксіздігінен, кейде ағза қажетсіз ас қалдықтарынан «мезі» болғанда орын алады. Құтылуға болады! Қажетсізден тазартып, қажеттімен қамтамасыз ететін сусын бар. Ол – мейіз шырынсуы.
Көңіліңіз күз болып жүр ме? Бұндай күй кейде ағзада қажетті дәрумендердің жеткіліксіздігінен, кейде ағза қажетсіз ас қалдықтарынан «мезі» болғанда орын алады. Құтылуға болады! Қажетсізден тазартып, қажеттімен қамтамасыз ететін сусын бар. Ол – мейіз шырынсуы.
Тағамтану ғалымдарының зерттеуі бойынша мейіз (изюм, сущенный виноград) құрамында ас қорыту жолдарын жақсартып, бауырдың қызметін жеңілдететін заттар бар. Мейізден дайындалған тұнба, шырынсу бауырды ғана емес, сонымен бірге қан құрамын да токсиндерден тазалап, триглицеридті төмендетеді. Іштің қатуын емдейді. Иммунитетті көтереді. Ағзаны ауыр металдардан тазалайды. Сонымен қатар, асқазан сөлінің бөлінуін арттырып, бойыңызға ерекше қуат құйылады. мейіз тұнбасын қабылдаудан соң қан құрамындағы қант мөлшері де төмендейтіні анықталған. Сондықтан да мейіз шырынсуын таңертең ағза оянғаннан кейін ішу керек. Сонымен мейіз шырынсуы қалай дайындалады?
ҚҰРАМЫ: 100 грамм мейіз және 300 мл су.
1-әдіс. Мейізді жылы суда 15 минут қалдырыңыз. Содан соң салқын сумен жақсылап жуыңыз. Одан кейін мейізге 350 мл қайнаған су құйыңыз. 24 сағат қалдырыңыз. Таңертең ашқарынға қабылдаңыз. Шырынсуды ішіп болған соң мейізді жеп тауысыңыз.
2-әдіс. Суды қайнауға жеткізіңіз. Су бетінде көпіршіктер пайда болғанда, жуылған мейізді салып, баяу отта 20 минут қайнатыңыз. Тұнбаны жылытып ішіңіз. Бастысы, ашқарынға ішу керек. Таңғы астан 35-40 минут бұрын қабылдаңыз. Негізі күнде түнде тұнба даярлап, таңертең ішкен дұрыс. Мейіз нәрсуының кереметін 4 күннен соң-ақ байқайсыз. Жалпы, бір ай ішу қажет.