Салатпен қатар, бүтіндей пісірілген тауық еті де дастарханға ерекше сән береді. Әсіресе жаңа жыл дастарханы бұл тағаммен толыға түседі.
фото: zhenskoe-schastye.ru
Салатпен қатар, бүтіндей пісірілген тауық еті де дастарханға ерекше сән береді. Әсіресе жаңа жыл дастарханы бұл тағаммен толыға түседі. Сол себепті де өте оңай әрі тез дайындалатын тауықты бүтіндей пісіріп көрейік.
Тағы да оқыңыз: Жаңа жылдық салаттар мәзірі
фото: itd3.mycdn.me
Қажетті өнімдер:
- 1 келі шығатын бүтін тауық
- 6-7 дана картоп
- 1 дана лимон
- 2-3 тіс сарымсақ
- Ұнтақталған қара бұрыш пен тұз
- Өсімдік майы
- Тауық етіне арналған дәмдеуіштер
- ¾ стақан шарап немесе қайнатпа сорпа қажет.
Дайындалу тәсілі:
- Тауықты тазалап жуып, кептіріңіз. Аяқтарын кондитерлік жіппен байлаңыз. Жалпы байламауға да болады.
- Тауықты формаға салыңыз да, лимонмен сүртіп шығыңыз. Лимонды тауықтың барлық жеріне жағып, табаға да тигізуге болады. Ал, лимонның жартысын тауықтың ішкі жағына салып қою керек. Сөйтіп тұз, бұрыш, дәмдеуіштерді де тауықтың барлық жеріне жағып шығасыз. Біраз уақыт осылай тұра тұрсын. Тауық еті маринадталуы керек.
- Енді картопты дайындай берейік. Ол үшін картоптың қабығын аршып, төртбұрыштап немесе сопақшалап турап, кастрөлге салыңыз. Тұз қосып, қайнату керек. Бір қайнаған соң картоптың суын төгіп, тауықтың қасына салады. Картоп пен тауыққа өсімдік майын себелеп, сорпаны немесе өзіңізге ұнайтын шарапты құйыңыз. Осылайша дайындалған тауықты пешке салып, 40 минут пісіресіз.
- Егер тауықтың үстіңгі жағы күйетіндей болса, фольга қағазымен жауып қоюға болады. Тым құрғақ болса тағы да су немесе сорпа құйған дұрыс. Тауық еті сүйегінен ажырай бастағанда, ал, картоп жұмсарғанда тағам да дайын дей беріңіз. Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Құрманкүл Әти,
Тағы да оқыңыз: