Вареник қамырын қалай илейді?

0
5 816

Қамырдың бабын келтіріп илеу де өнер. Сондықтан бұл өнерді үйреніп алған артықтық етпейді.


Вареник қамырын қалай илейді?

фото: be-ledy.ru


Суға иленген қамыр

Алдымен вареник дайындамас бұрын, қамырын илеуді үйреніп алайық. Ендеше жай сумен қамырды илеуді бастаймыз.


Керектілер:

  • 200 мл. салқын су
  • 1 дана жұмыртқа
  • ½ шай қасық ас содасы
  • 400 гр. ұн.


Дайындалу тәсілі:

Табаққа суды құйып, жұмыртқа мен тұзды салып араластырамыз. Артынша еленген ұнды саламыз да, қамыр илейміз. Қамыр қаттылау иленуі керек.



Айран қатқан қамыр

фото: fb.ru

Қажетті өнімдер:

  • 200 мл кефир
  • 1 дана жұмыртқа
  • ½ шай қасық ас содасы
  • 400 гр. ұн.

Дайындалу тәсілі:

Мұнда да айранға тұзды, жұмыртқаны салып, бірқалыпқа келгенше араластырасыз. Сосын ұнды қосып, жақсылап қамыр илейсіз.


Сүт қосылған қамыр

фото: papigutto.com.ua

Қажетті өнімдер:

  • 2 дана жұмыртқа
  • ½ шай қасық тұз
  • 200 мл жылылау сүт
  • 1 ас қасық өсімдік майы
  • 400 гр. ұн.

Дайындалу тәсілі:

Жұмыртқаны табаққа жарып салып, тұзбен араластырып, көпіршітесіз. Осы араласпаған сүт пен өсімдік майын құйып, жақсылап араластырыңыз. Содан соң еленген ұнды салып, қамыр илейсіз.


Қайнаған суға иленген қамыр

фото: sovets.net

Қажетті өнімдер:

  • 400 гр. ұн
  • ½ шай қасық ас содасы
  • 50 мл өсімдік майы
  • 250 мл қайнаған су

Дайындалу тәсілі:

Ұнды електен өткізіп, тұз қосыңыз. Сосын өсімдік майы мен қайнаған суды құйыңыз да қамырды илеңіз. Дайын қамырмен түрлі варениктер жа жасай беруге болады.

Дайындаған: Қ.ӘТИ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Өз қолыңызбен шұжық жасап көрдіңіз бе?

Сіз ұнатқан жеміс қандай құпияңызды ашып береді? (ТЕСТ)


Жаңа піскен нанмен сүт қатып шай ішкен қандай?!