Жаңғақты тоқаш

0
5 385

Қажетті заттар: Қамыр үшiн: /// 500 грамм ұн /// 70 грамм қант /// Жарты шай қасық ас тұзы /// 10 грамм құрғақ ашытқы /// 250 мл жылы сүт /// 80 грамм сары май


Жаңғақты тоқаш

Қажетті заттар:

Қамыр үшiн:

/// 500 грамм ұн

/// 70 грамм қант

/// Жарты шай қасық ас тұзы

/// 10 грамм құрғақ ашытқы

/// 250 мл жылы сүт

/// 80 грамм сары май

/// 1 ас қасық күнбағыс майы

/// 1 дана жұмыртқа

/// ванилин

Салма үшiн:

/// 50 грамм сары май

/// 200 грамм ұнтақталған грек жаңғағы

/// 80 грамм қант

/// 50 мл сүт

/// 1 шай қасық корица

Дайындау тәсілі:

  • Жаңғақты тоқаш пiсiру үшiн алдымен қамырды дайындау керек.
  • Үлкен ыдысқа ыстық сүт құйып, ашытқыны, қант пен ванилиндi салып араластырыңыз.
  • Жұмыртқа қосып былғаңыз. Осы сұйықтыққа тұз бен сары май қосып және ұн салып қамыр илеңiз. Қамырды жылы орап, жылы жерге 2 сағатқа қойыңыз.
  • Табаға сары май құйып ерiтiңiз де қант пен ұнтақталған грек жаңғағын салып қуырыңыз.
  • Аздап сүт құйыңыз, қоспа ботқа тәрiздес болуы керек.
  • Қамырды төртбұрыш етiп жайыңыз. Бетiне жаңғақты салманы салып, бүктеңiз. Бiрнеше бөлiкке бөлiп кесiңiз. Әдемi пiшiнге келтiрiңiз.
  • Қалыпқа арнайы қағазды салып, тоқаштарды жайғастырыңыз. Тоқаштардың бетiне жұмыртқа сарыуызын жағып, 25 минут 200 С-та қыздырылған пешке салып пiсiрiңiз.