ЖЕМІС қосып та ӨТЕ ДӘМДІ салат жасауға болады

0
4 135

Денсаулықты нығайтатын салаттар мәзірі саулығыңызды арттырып қана қоймай, дастарханыңыздың сәнін келтірсін!


ЖЕМІС қосып та ӨТЕ ДӘМДІ салат жасауға болады

Күз мезгілі жеміс-жидектер мен дәнді-дақылдардың ешбір тыңайтқышсыз пісетін уақыты. Өйткені жаздың соңғы айларында күн көзі жарқырап, егіндіктегі кез келген жемістің пісуіне барынша ықпал етеді. Осындай табиғи өнімдер әрбіріміздің денсаулығымызды нығайтып, ағзаны дәруменмен байытатыны сөзсіз. Ендеше күз мезгілінде піскен жеміс-жидектерден салат жасайық!


Қауын мен жүзім қосылған ерекше салат



Қажетті өнімдер:

  • 700 гр. қауын
  • 250 гр. жүзім
  • 1 ас қасық ұнтақталған жаңғақ
  • 100 гр. ірімшік
  • 0,5 стақан кілегей
  • 4 ас қасық апельсин шырыны
  • 1 шай қасық ұнтақталған зімбір.


Дайындалу тәсілі:

  1. Қауынның қабығын тазалап, ұсақтап тураңыз. Жүзімдерді жуып, сабағынан үзіп алыңыз да, табаққа салыңыз.
  2. Сосын қауынды, ұнтақталған жаңғақты жүзім салынған табаққа аударып, барлығын араластырасыз.
  3. Кілегейді миксермен барынша көпіршітіп, апельсин шырыны мен зімбірді қосамыз.
  4. Осылайша дайындалған кілегей араласпасын салатқа құйып, 10 минуттай тоңазытқышқа салып қоясыз. Соңында ұзыншалап туралған ірімшікті салып, абайлап салатты тағы бір араластырып жібереміз. Салатымыз дайын.


Банан мен мандарин салаты


Қажетті өнімдер:

  • 1 дана банан
  • 1-2 дана алма
  • 1 дана алмұрт
  • 1 дана мандарин
  • Азырақ мейіз
  • Ұнтақталған күлше
  • 350 мл йогурт
  • 1 шай қасық даршын
  • Ванилин


Дайындалу тәсілі:

  1. Барлық жемістердің қабығын аршып, орташа көлемде турайсыз. Мандаринге әзірше тиіспей қоя тұрыңыз.
  2. Табаққа туралған жемістермен, мандарин бөліктерін саласыз. Сосын ұнтақталған күлше мен мейізді қосып, барлығын жақсылап араластырасыз.
  3. Салатқа ванилинді қосып, йогуртты құйыңыз. Содан соң тағы бір рет араластырып жіберсеңіз болғаны.
  4. Салаттың бетіне даршын ұнтағын себелеп, шоколадты үккіштен өткізіңіз. Дайын салатты біраз уақыт тоңазытқышқа салып қою керек.


Алма мен сәбізден салат


Қажетті өнімдер:

  • ¼ дана қырыққабат
  • 1 дана алма
  • 3 тал балдыркөк
  • 1 дана сәбіз
  • 3 ас қасық табиғи йогурт
  • ½ дана лимон
  • Дәміне қарай тұз салынады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Балдыркөкті тазалап, ұзыншалап тураймыз. Ал, сәбізді үккіштен өткіземіз немесе ұзыншалап әрі жіңішке етіп турауға болады.
  2. Қырыққабатты да ұзыншалап әрі жіңішкелеп турау қажет.
  3. Алманың қабығын аршып, дәндерінен тазартамыз да, ұзыншалап тураймыз.
  4. Барлық көкөністерді біріктіріп, жарты лимонның шырынын сығып құямыз. Дәміне қарай тұз салып, барлығын жақсылап араластыру керек. Соңында йогуртты құйып, тағы бәр араластырып жібереміз. Сонда дәмді әрі балғын салат та дайын болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


2 келі ҚЫЗАНАҚ пен алмадан КЕТЧУП дайындауға болады


Кәді мен баялды қосылған ең дәмді пісірме


Мына 7 көкөністі қыс мезгіліне міндетті түрде сақтап қойыңыз