​Жұмыртқадан дайындалатын ең оңай 3 таңғы ас

0
8 811

Таңғы ас дәмді болса, күні бойы көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүреді. Сондықтан да таңғы асқа немқұрайлы қарамаған дұрыс.


​Жұмыртқадан дайындалатын ең оңай 3 таңғы ас

Таңертең жұмысқа асыққанда не дайындарыңды білмей, жай ғана шай ішіп, нанға май жағып жей салатын кездер болады. Бірақ бұл дұрыс емес екен. Өйткені адамның бір күндік өмірі сол таңғы асқа байланысты дейді мамандар. Мәселен, таңғы ас дәмді болса, күні бойы көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүреді екен. Сондықтан да таңғы асқа немқұрайлы қарамаған дұрыс. (Тағы да оқыңыз: Балаларға шұжықтың (колбаса) қай түрін беруге болмайды?)

Жұмыртқа қосылған тағамдарды әсіресе балалар жақсы көреді. Сабаққа барарда балаңыздың қарны ашып қалмас үшін осы таңғы асты әзірлеп беруіңізге болады.


1 таңғы ас – жұмыртқадан жасалған құймақ


Тағы да оқыңыз: Балаларға шұжықтың (колбаса) қай түрін беруге болмайды?

Қажетті заттар:

  • 2 дана жұмыртқа
  • Тұз, бұрыш
  • Өсімдік немесе сары май (табаға жағу үшін).

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен жұмыртқаны табаққа жарып салып, тұз, бұрыш қосып, шанышқымен араластырамыз. Сосын көпіршіген жұмыртқаны табаға құйып, қақпағын жауып пісіреміз.
  2. Пісіп шыққан құймақты тәрелкеге салып, орама жасаймыз. Оралған құймақты шетінен бастап жіңішке қалыпта тураймыз.
  3. Туралған құймақты тәрелкеге салып, қалаған тұздығымызды құямыз да таңғы асқа ұсына береміз.


2 таңғы ас – жұмыртқадан жасалған орама


Қажетті заттар:

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен жұмырқаны шанышқымен жақсылап араластырып, көпіршітіп аламыз. Содан соң туралған заттарды қосып, дәмдеуіш пен аскөкті де саламыз. Артынша тағы бір рет араластырып жібереміз.
  2. Енді табаны отқа қойып қыздырып, араласпаның біраз бөлігін құямыз. Құймақ піскен уақытта бір шетін орап, шетіне қарай жақындатамыз. Сосын ашық қалған жерге жұмыртқа араласпасынан тағы құямыз. Осылайша шетінен орап, барлығы піскенше жалғастыра береміз. Сонда қалың әрі өте дәмді орама пісіп шығады.
  3. Ораманы бірнеше бөлікке бөліп, бетіне ірімшікті себелеп, дастарханға ұсына беруге болады.


№3 таңғы ас – жұмыртқа мен шұжықша пісірмесі


Қажетті заттар:

  • 1 дана жұмыртқа
  • 1 дана шұжық
  • Үккіштен өткізілген ірімшік
  • Тұз, бұрыш, өсімдік майы.

Дайындалу тәсілі:

  1. Шұжықшаны қақ ортасынан, ұзынынан бөлеміз. Сосын шұжықшадан жүрек жасаймыз. Тіс тазалағышты пайдаланып, шұжықшаны біріктіруге болады.
  2. Табаға азырақ май құйып, шұжықшаның екі бетін де қызарғанша қуырып алу керек. Енді осы жүрекшенің ортасына жұмыртқаны жарып саламыз. Жұмыртқа пісейін дегенде екінші бетін аударып, бетіне ірімшікті себелейміз де, табаның қақпағын жабамыз.
  3. Дайын болған пісірмені көкөністермен, картоп езбесімен ұсынуға болады.

Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Балаларға шұжықтың (колбаса) қай түрін беруге болмайды?


Той дастарханына арналған дәмді орамалар


Ең дәмді мәзір: Қияр мен сәбіз қосылған қыстық салат