"Зор" бәліш

0
4 312

"Зор" бәлішті көбiне пирог деп те атайды. Бiрақ, тәттi пирогпен шатастырмаңыз. Кешкi ас үшiн пiсiрсеңiз, тойымды әрi тәбеттi ашатын ас болып саналады.


"Зор" бәлішті көбiне пирог деп те атайды. Бiрақ, тәттi пирогпен шатастырмаңыз. Кешкi ас үшiн пiсiрсеңiз, тойымды әрi тәбеттi ашатын ас болып саналады.

Қажетті заттар:

Қамыр үшiн:

*** 1 стақан айран

*** 1 дана жұмыртқа

*** 1 шай қасық қант

*** Жарты шай қасық тұз

*** Жарты шай қасық ас содасы

*** 500 грамм ұн

Салма үшiн:

*** 500 грамм сиыр немесе қой етi

*** 3 дана пияз

*** 8 дана картоп

Дайындау тәсілі:

1.Салмаға қажеттiлердiң барлығын бiркелкi етiп, төртбұрыштап тураңыз.

2.Тұз бен бұрышты қосып араластырыңыз. Ал, қамырды илеп болған соң, оны екiге бөлiңiз. Бiр бөлiгi шамамен 650 грамм, екiншi бөлiгi 210 грамм болғаны дұрыс.

3.Қамырдың бiрiншi бөлiгiн жарты см қалыңдықта, ал диаметрi 29 см шамасында етiп оқтаумен жайыңыз.

4.Қамырды табаға салыңыз. Қамырдың шетi сыртқа шығыңқырап тұрғаны жөн.

5.Ортасына салманы салып, табадан шығып тұрған қамыр жиегiн ортаға қарай жинап жабыңыз. Қамырдың қалған кiшкентай бөлiгiн оқтаумен жайып, қақпақ секiлдi етiп табаның жоғарғы жағында ашық қалған жерге орналастырып, салма салынған қамырмен бiрiктiрiңiз.

6.180 С температурадағы пешке салып, шамамен 70 минут уақыт пiсiрiңiз.

7.Қамырдың бетiн сәл пiсiңкiрегенде табаға 100-150 грамм ет сорпасы немесе қайнаған су құю керек.

8.Зур-бэлиш пiскен соң, оны пештен алысымен, кәдiмгi сары майды үстiне, барлық тұсына жағып шығыңыз.

9.Кешкi ас дайын! Зур-бэлиштiң қақпақ ретiнде жабылған тұсын ашып, үстелге әкелiңiз. Тағамды тәрелкелерге салып, отбасы мүшелерiне ұсыныңыз.