​Балаға КӨЗ ТИГЕНДЕ мына ҮШ ӘДІСТІ жасаңыз

0
127 053

Есіңде болсын! Бұл әдісті үйіңе кісі келіп кеткен соң міндетті түрде жасауға тиіссің.


​Балаға КӨЗ ТИГЕНДЕ мына ҮШ ӘДІСТІ жасаңыз

фото: desktopbackground.org

Қазақтың ырымы мен тыйымы жақсылыққа шақырады, тәрбиелейді сонымен қатар емдейді де. Бұған құрбымның айтқандары дәлел.


«Үлкен әпкем жас болса да өте ырымшыл. Ол үйдің тұңғышы болған соң әжеміз бауырына басып, меншіктеп алған. Бала күнімізде «әже апа» деп мазақ ететінмін. Өйткені оның жанымда отырып алып «қолыңды жу», «оң қолыңмен же», «аяғыңды айқастырма», «аузыңды ашып есінеме», «етегіңді жап» деген тыйымдары мезі ететін. Бірақ бүгінгі күні қазанымыз қарайып қалса да әпкемнің кеңесіне жүгінетін болдым. Тіпті, балам ауырып қалса дәрігерден бұрын әпкеме хабарласамын. Оның айтқандары кәдімгідей ем болады.

фото: ilimvemedeniyet.com

Оқи отырыңыз:

Шақырғаннан қалма: Асарға КІМДЕР шақырылмайды?


Құрбан айтта құрбандық шалып ағайын-туыс, көрші-қолаңды шақырып, ас берген едік. Қақпаның алдында үлкен ұлым қонақтарды күтіп алып, қолына су құюды міндетіне алған. Ал сүлгіні ұстап тұру кенже ұлыма жүктеліпті. Екеуі де елдің назарына түсті білем, қонақ кеткен соң бүк түсіп жатып алды. Дене қызуы жоқ, тамақ жемейді, тіпті дастархандағы тәттілерге де назар салмайды. Алғашында шаршаған болу керек деп мән берген жоқпын. Ыдысымды жинап, үйімді тазалап алған соң, әдеттегідей өзіміз шай ішейік деп дастарханға жиналдық. Ұлдарымды шақырсам келмейді. Үлкенім ішінің ауырғанын айтып, орнынан тұрмады. Ал кішкентайым қыңқылдап мазамды алды. Науат қосылған шайдан бір-екі ұрттады да жаныма қисайып жатып алды. Дереу жедел жәрдемге қоңырау шалдым. Олар келем дегенше әпкем екі ұлымды да емдеп жазып алды. Аяқ астынан қажет болатын «ырым емді» сіздердің де біліп жүрулеріңіз керек болар деп айтып отырмын» деді құрбым.


Оның айтуына қарағанда әпкесінің әрекетінен соң екі ұлы да жадырап шыға келіпті.


«Әпкем стақандағы суды ұрттады да ұлымның бетіне бүркіп ұшықтады. Оқыстан болған әрекетке ұлдарым кәдімгідей сілкініп қалды. Сосын әпкем маған қарап:


- Қит етсе дәрігерге жүгіре бермей, бір АЛЛАҒА сыйынып, өзің аналық мейіріміңмен осындай болмашы ем-домды жасасаң балаң жүгіріп кетеді. Есіңде болсын! Үйіңе кісі келіп кеткен соң міндетті түрде мен айтқан 3 ӘДІСТІ қолдан:


БІРІНШІСІ, баланы суық сумен ұшықта. Ұшықтау – көз бен сөзден, суықтан қорғайды. Баланың бойына сіңген назарды сілкіну арқылы сыртқа шығарады.


ЕКІНШІСІ, тұзды басынан айналдырып алып, отқа таста. Тұз баланың бойындағы ауырлықты алады. Бір шөкім тұзды алақаныңа салып, балаңның басынан үш рет айналдырып, жанып жатқан отқа таста. Бұл да ырым. Кейбіреулер секілді Аллаға шірік қосу деп ойлама. Бұл жай ғана сенім. Бұл істің бәрін Аллаға сыйынып барып жасайтыныңды ұмытпа.


ҮШІНШІСІ, «Фалақ» пен «Нас» сүресін оқы. Бұл бұрынғы әжелерімізден келе жатқан салт.


Тіпті, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз да осы қос сүрені көбірек оқыған деген деректер бар. Сондықтан да кішкентай балаларға осы сүрелерді оқып, дем салуға болады.


Міне, осы үшеуі саған да, ұлыңа да көмек береді, деді әпкем.

фото: oko-13.kz


«Әпкемнің жедел жасаған ісінен соң екі ұлым да лақылдатып құсып тастады. Артынан тұзды суға салып, шомылдырып алдық. Кейін 1 шыны бал қосылған су ішкізіп, төсектеріне жатқыздым. Таңға дейін тыныш ұйықтады. Ырымға сенбейтін әдетіме әпкем нүкте қойды. Енді күнде таңертең үйді адыраспандау, баламның басынан сипамай, жай ғана маңдайынан иіскеу әдетіме айналды» деді құрбым.


Иә, кейбіріміз ырым мен тыйымға Аллаға серік қосу деп қарайтынымыз өтірік емес. Бірақ, ырымның да көп жағдайда көмегі тиетінін құрбымның әңгімесінен білген боларсыз. Әжемнің көз тиген баланы медицинамен емес, дұғамен оқып емдейді деген әңгімесі ойыма орала кетіп, интернеттен көз тигенде оқылатын дұғаны іздеп таптым.


Көз тиген балаға мына дұғаны оқыңыз

«Уғи́зукә (қыз баласы болса «уғизуки») бикәлима́ти

Лла́һит тә́ммә́ти мин кулли шайта́нин

уә һә́ммәтин, уә мин Кулли айниль Лә́ммә».


Мағынасы:

«Сені түрлі жын-шайтанның, түрлі зиянкестің

(мысалы: микроб, вирус, паразит, зиянды жәндіктер)

және әр түрлі жаман көздің кесірінен сақтасын деп,

Алланың кәміл сөзіне сыйынамын».


Аталмыш дұғаны Ибраһим пайғамбар өзінің балалары Исхақ пен Исмаилге (ғ.с.) оқыған екен. Одан кейін Мұхаммед пайғамбар да (с.а.у.) оны өзінің екі немересі Хасан мен Хусейнге оқитын болған деседі.


Жазып алған - Асыл АРМАН,

ERNUR.KZ


Оқи отырыңыз:


«ҚАЛҒАН ҒҰМЫРЫН БАЛА-ШАҒАСЫНА БЕРСІН» деп айтуға БОЛМАЙДЫ


ТАБАЛДЫРЫҚТЫ неге БАСУҒА болмайды?