Құрақ - «құрау» деген сөзден шыққан. Құрақ түрлі-түсті маталардан құралады. Қазақ ұғымында құрақ көрпеше «бірі екеу, екеуі үшеу, төртеу... болып, тапқаны құралсын, басы құралсын» деген ырыммен жас отау иелеріне беріледі. Енемнің айтуынша, құрақ табыстың құралғанын, кіріс кіргенін «тілеп» тұратын көрінеді. Сол үшін де енді ғана үй болып отау құрған жас отбасыға құрақ көрпеше беріледі. Енем тірі кезінде «Балаларымның дүниесі құралсын, жан басы мен мал басы көбейсін» деп үнемі құрақ құрап отыратын.
Құрақ - «құрау» деген сөзден шыққан. Құрақ түрлі-түсті маталардан құралады. Қазақ ұғымында құрақ көрпеше «бірі екеу, екеуі үшеу, төртеу... болып, тапқаны құралсын, басы құралсын» деген ырыммен жас отау иелеріне беріледі. Енемнің айтуынша, құрақ табыстың құралғанын, кіріс кіргенін «тілеп» тұратын көрінеді. Сол үшін де енді ғана үй болып отау құрған жас отбасыға құрақ көрпеше беріледі. Енем тірі кезінде «Балаларымның дүниесі құралсын, жан басы мен мал басы көбейсін» деп үнемі құрақ құрап отыратын.
Мен он перзент тәрбиелеп, қызды қияға, ұлды ұяға қондырған анамын. 20 немерем бар, алды студент. Бақытты әжемін. Жасым жетпіске келсе де қыздарым мен келіндеріме ақыл айтып, халқымыздың салт-дәстүрлерін насихаттаудан жалыққан емеспін. Қазақтың салтының, дәстүрінің қай-қайсысында да тәрбие, наным-сенім және терең философия бар.
Ауылды қаймағы бұзылмаған қазақы өңір дейміз. Ауылда халықтық салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмаған қалпында сақталған, ауыл адамдары ұлттық болмыс-бітімнен ажырамаған деп түсінеміз. Әйтсе де, ауылда да қазақтың салт-санасын білмейтіндер бар. Жақында ағайындас бір абысыным кенже қызын ұзатты. Қыздың жасауына деп өз қолыммен әдемі етіп құраған 4 құрақ көрпеше қоспақ болдым. Сонда абысыным «Қызым қалаға тұрмысқа шықты ғой.
Құрақ сәннен қалған. Қазір небір әдемі дап-дайын көрпешелер сатылуда» деді. «Қазір бәрі бар, ал бұрынғылар жоқшылықтан әр мата қиындысынан құрап көрпе тіккен дейсің бе? Әлде бұрынғылар сәнді білмепті ме?» дедім ренжіп. Керісінше, бүгінде қала адамдарының үйлеріне бас сұға қалсаңыз, құрақ көрпешелерді, құрақ жастықтарды, тіпті интерьердің өзінен құрақты көресіз. Қаладағы туыстарымның үйінен қазақтың құрақ құрау қолөнерінің ежелгі түрінің қайтадан жаңғырып, қазіргі заманмен жарасым тауып отырғанын көріп қуанамын. Ал, отау құрған жас отбасыға неліктен құрақ көрпе, көрпеше берілетіндігін білмейтін ауылдағы 60 жастағы абысыныма қынжыламын.
Құрақ - «құрау» деген сөзден шыққан. Құрақ түрлі-түсті маталардан құралады. Қазақ ұғымында құрақ көрпеше «бірі екеу, екеуі үшеу, төртеу... болып, тапқаны құралсын, басы құралсын» деген ырыммен жас отау иелеріне беріледі. Енемнің айтуынша, құрақ табыстың құралғанын, кіріс кіргенін «тілеп» тұратын көрінеді. Сол үшін де енді ғана үй болып отау құрған жас отбасыға құрақ көрпеше беріледі. Енем тірі кезінде «Балаларымның дүниесі құралсын, жан басы мен мал басы көбейсін» деп үнемі құрақ құрап отыратын. Және құрақта үшбұрыш геометриялық фигурасын жиі пайдаланатын. Ал, қазақтың дәстүрлі көзқарасы бойынша, үшбұрыш су, жер, ауа – ұш ғаламның белгісі болып саналатын балықты, оқты, құсты меңзейді. Жалпы, қазақтың ұғымында үшбұрыш кірісті, бірігуді бейнелейді.
Құрақ көрпешені базардан сатып алғаннан гөрі әр ана өзі құраса жақсы екен. Мұны көргені көп марқұм енем айтып отыратын.
Ол егер үйде шығын болса дереу ескі тігін машинасының құлағын бұрап, құрақ құрауға кірісетін. Енем мата қиындыларынан тігілетін құрақтағы бояуларды үйлестіре білуге де үлкен мән беретін еді. «Құрақта түстердің белгілі бір бірлікте тұруы ғарыштан молшылық, қуат тартатын қасиетке ие» дейтін. Маған құрақ құрауды енем үйреткен. Ұлдарым еншісін алып бөлек шыққанда және қыздарым ұзатылғанда бәріне де өз қолыммен құрақ көрпеше тігіп бергенмін. Ұл-қыздарымның бүгінде тұрмыстары жақсы.
Енем 90 жасқа келгенше құрақ құрады. Одан перзенттері жаман болмады. Менің күйеуім он перзенттің әкесі болса, ағасының тоғыз баласы бар. Ең үлкен қайынағамнан тараған ұрпақ та көп.
Міне, құрақ өнерінде осындай наным-сенімнің негізі жатыр. Одан бөлек, ата-әжелеріміз құрақты тіл-көзден сақтайтын, жамандықтан қорғайтын тұмар ретінде де пайдаланған екен. Ерте кезде баласы шетіней берген үй «тіл-көзден аман болсын» деген ырыммен қырық құрақ құрап, жас нәрестені соған ораған. Қырық құрақ матадан сәбиге көйлек кигізсе, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапан, тақия тіккен.
Сонымен қатар құрақ құраудың тәрбиелік мәні де ерекше. Әжелеріміздің мата қалдықтарын тастамай, іске жаратуы үнемділікке, ұқыптылыққа, түстерді үйлестіре білетін әсемдікке үндейді. Төзімділікке тәрбиелейді. Қиялды ұшқыр етіп шыңдайды, танымды арттырады. Жан-дүниені байытып, ой-өрісті кеңейтеді.
Ұсақ мата қиындыларын қиюластырудың денсаулыққа да айтарлықтай пайдасы бар. Жүйкені тыныштандырып, тынықтырады, көзді шынықтырады. Жалпы, құрақтың философиялық, тәрбиелік, эстетикалық мән-маңызы зор.
Қазір кейбір үйге бара қалсаң, фэн-шуй дей ме, әйтеуір құрбақа мүсініне ұқсас кәдесыйға тиын тістетіп төріне қойылғанын көремін. Тасбақа мүсіндерін де көргенмін. Үй егесінен мұнда не сыр жатқанын сұрай қалсаң, оның үйге ақша, молшылық «шақыратынын» айтады. Табыс шақыру үшін қытайдың фэн-шуйін пайдаланғанша, өзіміздің ертеден келе жатқан құрағымызды неге төрге шығармасқа? Құралуды ойлаған әрбір отбасының отанасы құрақ құрай алса игі.
Сабира ЗИЯДИНА,
ОҚО, Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылы.