"​Саусақты сықырлатпа, таңдайыңды тақылдатпа" - НЕГЕ?

0
6 739

"Болмайды, буындарыңа сарысу жиналып, шодыр болып қалады» деп қорқытатын әжелеріміз.


Бұл ырымдардың шыққан тегін білсеңіз, балалардың ермегі, кейде үлкендердің де әдетіне айналып кеткен осы саусақты сықырлату, таңдайды тақылдатудың қаншалықты жаман екенін біліп, мұндай істерден бас тартқан болар едіңіз.

Кейде бала күнімде өзім де байқамай, саусағымды сытырлатып отырған кезімде үлкендердің тыйым салғанын көріп «сытырлатса не болады екен?» деген сұрақты талай қойғанмын. «Болмайды, буындарыңа сарысу жиналып, шодыр болып қалады» деп қорқытатын әжелеріміз. Қыз бала болғандықтан, тіпті саусағымыздың да сұлу болғанын қалаймыз ғой. Сол саусақ сытырлатудың «қорқынышты нәтижесін» естігеннен соң бұл әдетімді сап тыйғанмын.

Кейін білсем, бұл ұнамсыз әрекетке саналады екен. Ол туралы ел аузында тараған мынадай аңыз да бар:

«Ібілістің әке-шешесі Әбілет пен Тәбілет құлшылық кезінде таңдайын қағып, оғаш дыбыс шығарады екен. Ал тәспі тартқанда саусақтарын сықырлатады екен. Алла-Тағала оларды осы жаман әдетінен қанша тыйса да, олар осы әдетін жалғастыра беріпті. Осының кесірінен Әбілет пен Тәбілет Тәңірінің теріс назарына ілігеді.

Сондықтан, қазақтың кішкентай балаларына «Саусағыңды сықырлатпа, таңдайыңды тартпа! Ол шайтанның жақсы көретін ісі» деп тыйым салып отырған.

фото: zen.yandex.ru


Ал лағынеттелген ібілістің сүйкімсіз әдетін жасау бағыңды қайтарады деп тыйып отыратыны осыған байланысты шыққан екен.

Ырым-тыйымдардың шығу төркінін зерттегенде ешқайсысы тектен текке айтылмайтынын түсінесіз. Сонымен қатар, дін мен дәстүрдің

Мына үш жағдайда саусақты шытырлату мәкрүһ:

1.Намаз оқып тұрған уақытта.

2. Мешітте намаз уақытын күтіп отырған мезгілде.

3. Арнайы намаз оқу үшін мешітке шыққан кезде.

«Бұдан тыс уақыттарда, қажет болып жатса саусақты шытырлатудың күнәсі жоқ. Қажетсіз кезде шытырлату- жеңіл мәкруһ»- деген дін ғалымдары.

Дегенмен, зияны жоқ десек те тыйым салынған істі жасамаған жөн.

Нұр Әлем,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ТОҚЫМҚАҒАР дәстүрін қай кезде орындайды?


Әкесі ТІРІ адам МАЛДАС құрып отырмайды