Қазақ халқында тұмарды қастерлеу, тұмарды кие тұтып төрге ілу, мойынға тағу кең тараған. Молда-қожаларга қасиеттi дұғалар жаздырып, оны үш бұрыштап бүктеп, сыртын былғарымен әдемiлеп қаптап балаларының мойнына немесе ауру адамдарга таққан. Тұмарды баланың бесігіне таққан және «тiл-көзден, пәле-қазадан сақтасын» деген ниетпен перзенттің мойнына байлаған. Одан бөлек, дiмкәс, аурушаң адамдарға «дертінен айықсын» деген мақсатта қасиетті Құран аяттары жазылған қағазды былғарымен қаптап таққан. Тіпті тұмар төрт түлікке де тағылған. Қазіргі кезде үй интерьерінде ою-өрнекпен әшекейленген, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіріліп тұмар жасалып жүр. Бұл дұрыс па? Ал, тұмар тағу қашан пайда болды?

Ғалым-этнограф Ақселеу Сейдімбеков «Барың мен жоғыңды парықтау» деп аталатын мақаласында тұмардың төркіні туған жермен байланысты екенін айтады. «Тәңірлік наным-сенімдегі әрісі – түркілер, бергісі – көшпелі қазақ үшін - күн, көк, от, су сияқты жер де киелі. «Қара жер» киелі жер деген мағынада. Байырғы көшпелілер тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір шөкім топырағы болған. Тұмар сөзі байырғы түркі тілінде «тума иер» - «туған жер» деген сөздердің кірігуінен шыққан. Кейін ислам дінінің орнауына байланысты тұмардың ішіне дұға салып жазу дәстүрі қалыптасты».
Аты аңызға айналған, бүкіл әлемге мәшһүр ғалым, ғұлама әл-Фараби туралы халық аузында сақталған мынадай бір әңгіме бар. Ұлы ұстаз қартайған шағында бір топ шәкірттерінің басын қосып: «Сендерге аманатым бар, егер құпиясын сақтап, шартын орындасаңдар айтамын», - дейді. «Аманатқа қиянат жасауға болмайды, айтқаныңызды орындаймыз», - деп шәкірттері уәде береді. Сонда ұстаз оларға көннен тігілген тұмарды ұсынып, қабірінің басында ғана ашуды өтінеді.
Арада көп уақыт өтпей-ақ ұлы ұстаз дүниеден өтеді. Марқұмды арулап, жерлеу рәсімі кезінде уәде бойынша әлгі тұмарды ашып қараса, ішінен тілдей қағаз шығады. Қағазда: «Бұл туған жерім – Отырардың топырағы еді. Қабіріме осыны салыңдар», - деп жазған екен. Өтініші үлкен тебіреніспен орындалады. Данышпанның аты данышпан, өмірден өтіп жатып та туған жердің қасиетін кейінгілерге ұқтырып кетіпті.