Жылы су – ішкі ағза жұмыстарын белсенді етеді, лимон мен бал бактерияға қарсы қасиеттерге ие. Осындай пайдалы сусынды күнделікті таңертең ашқарынға ішуді әдетке айналдырыңыз.
Лимон, бал және жылы су өз алдына да пайдалы бола алады. Алайда, үшеуінің қоспасы денсаулыққа екі-үш есе көбірек пайда келтіреді. Сонымен қатар, лимон мен бал қосылған суды мына алты жағдайда міндетті түрде ішуге кеңес береміз.
Асқорытуды жақсартады
Лимон мен бал салынған жылы су асқазан-ішек жолдарындағы токсиндерді айдайды. Егер сіз осыдан кейін майлы тағамды көп жеп қоятын болсаңыз, аталмыш сусын асқорыту жүйесін қалыпқа келтіріп, жағымсыз әсерден қорғайды. Лимонда дәрумендер мен минералдар, сондай-ақ, бауырдың жұмысын жақсартатын заттар бар. Осының барлығы сіздің күні бойы ешқандай ауырлықты сезінбей, қалағаныңызды ішіп-жеуге кедергі келтірмейді.
Несеп айдайды
Лимон мен балдың құрамындағы антиоксиданттар асқазан-ішек жолдарындағы токсиндерді ғана емес, бүкіл ағзадағы зиянды заттарды сыртқа шығарады. Сондай-ақ, осы үш қоспадан дайындалған сусын несеп айдайтын да қасиетке ие. Соның арқасында несеп жолдары тазарып, саулығы да арта түседі.
Арықтауға көмектеседі
Семіздіктен арылғысы келетіндер бұл сусынның жылдам әсер ете қоймайтынын түсінуі керек. Әйтпесе лимон мен бал қосылған сусын тек иммунитетті көтеріп, ағзаны тазартудан арыға аспайды. Айтарлықтай нәтижеге жету үшін үш қоспадан тұратын сусынды бірнеше ай бойы ішуге тура келеді. Сонда сусын ағзаға қажетті микроэлементтермен қанығып, артық салмақтан арылатын болады. Мәселен, бал 22 түрлі аминқышқылдарынан, дәрумендерден, микроэлементтерден тұрады. Оның құрамында зиянды қант та жоқ. Сол себепті де бал қосылған су семіртпейді.
Семіздіктен арылып, сымбатты қалыпқа келтіру үшін балды дұрыс таңдау керек. Табиғи таза бал әрқашанда пайдалы. Таза балдан күніне 2 ас қасыққа дейін қолдануға болады.
Арықтауға арналған сусынды былай дайындайды:
1 стақан қайнатылған жылы суға 1 шай қасық бал салып, 2 шай қасық жаңа сығылған лимон шырынын құйыңыз.
Су міндетті түрде жылы болуы керек. Егер су тым ыстық болса, балдың құрамы өзгеріске ұшырап, пайдасы болмай қалады.
Мұндай сусынды таңертең ашқарынға және түскі, кешкі астан 20 минут бұрын, үш рет ішуі керек.
Арықтағысы келетіндер бал мен лимон шырыны қосылған суды ішіп қана қоймай, денеге физикалық күш түсіруді де ойлағаны абзал.
Демнің таза болуы
Таңертең осы пайдалы сусынды ішкеннен кейін ауыз қуысы да тазарады. Ол үшін сусынды ішіп қана қоймай, ауыз қуысын шаясыз. Лимон мен бал ауыз қуысындағы бактерияларды өлтіріп, ондағы жағымсыз иісті жояды.
Таза тері
Антиоксиданттар барлық ағзаға, тіпті, тінге, теріге де пайдалы. Бал, лимон шырын қосылған жылы суды үнемі ішу терінің саулығын арттырып, әдемі, тегіс әрі таза етеді.
Иммундық жүйені нығайтады
Мұндай сусынды ауа райының осындай құбылмалы кезеңдерінде, әсіресе тұмаудың өршіп тұрған уақытында ішкен өте пайдалы. Себебі бұл сусын иммундық жүйені нығайтып, кез келген сыртқы қауіптен қорғайды. Лимонның бойындағы С дәрумені ағзаның қорғаныш қабатын күшейте түседі.
Тағы да оқыңыз:
Жүзім диетасымен 4 күнде 2 келі салмақ тастайсыз
Күзгі арықтау: ҚЫЗАНАҚ диетасы