​Арықтауға ерік-жігері жетпей жүргендерге мына нәрселер жақсы көмектеседі

0
5 167

Сыймай қалған киімдеріңізді көрінетін жерге іліп қойыңыз


​Арықтауға ерік-жігері жетпей жүргендерге мына нәрселер жақсы көмектеседі

Көптеген қыз келіншектер әдемі фигураға қол жеткізу үшін дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керектігін біледі. Осылайша тек сымбатыңызды сымдай етіп қана қоймайсыз, денсаулығыңыз да нығая түседі. Бірақ бұл өте қиын жол. Ал, арықтайтын адамға жоғарыда айтқандарды істеу үшін мықты мотивация мен мықты ерік-жігер қажет.


Ерік-жігерді оятып, діттеген мақсатқа жетуге көмектесетін әдістерді білгіңіз келе ме?

Ең алдымен арықтағысы келетін жанға не үшін семіздіктен арылғысы келетінін түсініп алу қажет. Егер ол жай ғана отырысқа бару үшін арықтағысы келетін болса, бұндай мотивация жеткіліксіз болады. Сондықтан да арықтауды армандап жүргендер мынадай мотивацияларды таңдаса болады.


Сырт келбетім әдемі болса, бәрін бағындырамын



Сырт келбеттің тартымсыз болуынан көбі ұялып, өзіне деген сенімділікті жоғалтады. Ал, оны қалыпқа келтіру үшін сізге фигура қажет. Бірақ та әдемі фигура иесі болу үшін спортпен шұғылдану керек болады. Осы орайда сіз өзіңізге «Мен салауатты өмір салтын ұстанамын. Сол арқылы ішкі ағза жұмыстарын жақсартып, сырт келбетімді, әсіресе мүсінімді тартымды» етемін деп мотивация беріңіз. Қатты арықтай алмасаңыз да, күнделікті жаттығу жасау арқылы салбыраған теріні сәл де болса қалыпқа келтіріп, целлюлиттен арыла бастайсыз.


Нәтижелерді ойлап, соған сай әрекет жасаңыз

Кейбіреулер жаттығу жасауды тез бастап, диетаға да отыруды қиынсынбайды. Алайда өзінің ақалғанындай салмаққа түскеннен кейін немесе оған жетпей-ақ, өз-өздерін тастап жібереді. Мұның барлығы мотивацияның, ерік-жігердің әлсіз болуынан. Сол себепті де адам жаттығуды бастаған соң тастамау керектігін, семіздіктен арылғаннан кейін де осы өмірін жалғастыратынын білуі керек. Арықтау оңайлықпен келмейтінін ұмытпасаңыз, ерік-жігеріңіз арта түседі. Осылай ойлау арқылы сіз дұрыс тамақтану мен спортты өмірлік серігіңіз етесіз.


Жоспарды дұрыс жасау керек

1-2 аптада 10 келі салмақ тастаймын деп жоспарласаңыз, бұл әрекетіңізден түк те шықпайды. Әрине, бұлай мақсат қоюға да болады. Бірақ, ортасына жеткенде, диетаны бұзып алатыныңыз сөзсіз. Мақсатыңызға жете алмаған соң, мотивацияңыз да жоғалады. Сол себепті де арықтауға да бірден қол жеткізе алмайсыз. Ол үшін жоспарды дұрыс қоя біліңіз. Мәселен, 1 айда3-4 келі салмақ тастауға болады.

Жоспарды қалай құрған дұрыс? Дәптерге қай күннен бастап арықтайтыныңыз, ұзақтығы қанша айға жалғасатынын, күніне қанша рет тамақтанатыныңызды, жаттығу жасау уақыттарын барлығын жазасыз. Сөйтіп осы жоспарды көзге көрінетін жерге іліп қою керек. Мұндай жоспар шын мәнінде сізге мотивация береді.


Күнделік арнап, блог жүргізіңіз

Жай ғана күнделік арнап, барлығын жазып жүруге болады. Бірақ күнделік жазу мотивациясы айтарлықтай тамаша нәтиже береді деп айту қиын. Егер инстаграм желісінде парақша ашып, блок жүргізетін болсаңыз, онда барлық жоспарларыңызды жазсаңыз, көпшілікке берген уәдеңізде тұру үшін диетаны аяғына дейін ұсытайсыз. Мотивацияны жоғалтқан салмағыңыздан, әдемілене бастаған фигураңыздан алатын боласыз.


Жаза қолданып та мотивация алуға болады

Жаза түрін өзіңіз ойлап табасыз. Өзіңіз ойлаған мақсатқа жету жолында ойыңыз күнделікті жасауға тиіс жаттығуды жасамасаңыз, көп тамақ жеп қойсаңыз, өз-өзіңізді жазалаңыз. Көйлек-көншек алмаймын деп сөз беріңіз. Керісінше, егер сіз өзіңіз ойлаған мақсатқа жете алсаңыз, еркелеуіңізге болады. Қалаған затыңызды сатып алыңыз немесе массажға, спа-салонға жазылыңыз. Өзіңізді ерекше әрі әдемі сезініп, диетаны одан әрі бар ынтаңызбен жалғастыратын боласыз.


Сыймай қалған киімдеріңізді көрінетін жерге іліп қойыңыз

Көбіне адамдар жас кезінде арық болады да, кейін келе толыса бастайды. Яғни, бұрынғы киген киімдері сыймай, жаңа күйінде қала береді. Міәне, мұндайда мотивацияны сізге ескі киімдеріңіз береді. Ескі, сыймай қалған киімдерді жатын бөлмеңіздегі көрінетін жерлерге іліп қойыңыз. Ол сіздің көзіңізге күн сайын түсуі керек.

Дәл осылай ескі суреттерді шығарып, әр жерге іліп қою да мотивацияның «көкесі». Екі әдісті де қолданып көрсеңіз өкінбейсіз.


Спортты жақсы көру



Спортпен шұғылданып, түрлі жаттығуларды жасағаннан кейін фигураңыз қалыпқа келе бастайды. Сізге айтар кеңесіміз нәтижеге жеткен кезден ғана емес, жаттығу жасап жатқан сәттен де ләззат алыңыз. Жаттығуды сүйіңіз.


Тамаққа да позитив керек

Диета ұстайтын қыз-келіншектер диетаны бастаған уақытта отырысқа немесе қандай да бір басқосуларға бара қалса, оған зиянды тағамды ұсынатыны сөзсіз. Сол кезде олар: «Жоқ, маған бұндай тамақты жеуге болмайды. Мен диетадамын» деп жауап береді. Бұлайша жауап қату дұрыс емес. Оның орнына сіз: «Мен бұл тағамға қарағанда пайдалырақ бірдеңе жегім кеп тұр» деп жауап берсеңіз, өзіңізді ештеңеден бас тартпағандай сезінесіз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қыста семірмеудің ерекше 8 амалы


Арықтауға арналған әдеттерді БІР-ақ КҮНДЕ үйреніңіз