Асқабақ тосабымен семіздіктен арыла аласыз

0
3 991

Қазіргі кезде әйелдер қауымы артық салмақтан арылу үшін неше түрлі дәрі-дәрмектер ішіп, емдәм ұстанып, тіпті, спортпен шұғылданудан да бас тартпайды. Әйтеуір қандай жолмен болсын салмағын азайтса болғаны.


Асқабақ тосабымен семіздіктен арыла аласыз

Қазіргі кезде әйелдер қауымы артық салмақтан арылу үшін неше түрлі дәрі-дәрмектер ішіп, емдәм ұстанып, тіпті, спортпен шұғылданудан да бас тартпайды. Әйтеуір қандай жолмен болсын салмағын азайтса болғаны. Дегенмен олар бұдан бөлек халықтық жолдармен де арықтауға болатынын білсе де бұған аса мән бермейді. Сол себепті де тез арада арықтағысы келетін бикештер үшін халықтық тәсілдерді ұсынып отырмыз.

Асқабақ тосабы

Асқабақ тосабы - артық майлармен ғана күреспей, адамның бүкіл ағзасына жағымды әсер етеді. Сондай-ақ, ол ағзаны артық заттардан тазалайтын қасиетке ие.

Бұл тосапты дайындау үшін оны қабығынан тазалап, дәндерін алып тастайсыз. Сөйтіп асқабақты бөлшектеп турап, ыдысқа саласыз да, оған апельсин мен лимон қабығының үгіндісін қосып, бетіне қант себесіз. Баяу отта қайнатасыз. Осылайша дайындалған тосапты күн сайын жеу қажет.

Сонымен қатар асқабақ шырыны да семіздіктен арылтады. Ол асқазан-ішек жұмыстарын жақсартып, қант диабетімен ауыратындарға да ем.

Қырыққабат шырыны

Қырыққабаттан дайындалған шырынның пайдасы орасан. Мұндай шырынды жаңа дайындалған кезде ішкен дұрыс. Қырыққабаттан дайындалған шырынды тамақтанудан 40 минут бұрын бір стақаннан ішіп отыру керек. Үш апта ішкенде ғана нәтижесін көре аласыз. Ал, мұндай шырынды дайындау үшін қырыққабаттың басын кесіп алып, оны майдалап турайды да, шырынын сығады.

Бұл шырын ағзаны тазалап, көмірсулардың майға айналуын тоқтатады да, зат алмасуды реттейді. Ең алғаш қабылдағанда аш қарынға ішу қажет. Содан кейін 30 минут өткесін тамақтана беруге болады. Бір күн ішінде бірнеше рет дайындап ішсе де артықтық етпейді. Қырыққабат шырынын лимон, сәбіз, қызылша сынды көкөніс шырындарымен қосып ішуге де болады. Мұндай шырынды бүйректің қабынуы кезінде, ұйқы безі ауруларында ішсе кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан да осы аурулармен ауыратындардың қырыққабат шырынын ішпегені жөн.