Антибиотиктер 1-3 күн ішінде ағзадан несеп арқылы шығып кетеді. Алайда, оның келтірген жағымсыз әсері ағзада қалып қояды. Яғни, әлсіреген ағзаны бұрынғы күйіне келтіру оңай емес. Не істеу керек?
Қазіргі заманда антибиотиктің не екенін білмейтін жан жоқ шығар. Бұл миллиондаған адамдардың өміріне араша болған дәрілік зат. Антибиотик секілді күшті дәрілер шыққанға дейін шын мәнісінде адамдар болмашы аурулардың өзінен қаза тауып, түрлі инфекциялық аурулардың зардабын тартқан. Ал, антибиотик дәрілер ағзаға тез әсер етіп, ауруды басады. Бірақ мұндай препараттардың зиянды әсері де жоқ емес. Мысалы антибиотиктер иммуниетті әлсіретіп, ағзаның шырышты қабықшасына жағымсыз әсер қалдырып, ішкі ағзалардың жұмысын бұзады.
Антибиотиктер 1-3 күн ішінде ағзадан несеп арқылы шығып кетеді. Алайда, оның келтірген жағымсыз әсері ағзада қалып қояды. Яғни, әлсіреген ағзаны бұрынғы күйіне келтіру оңай емес. Не істеу керек?
Антибиотик қабылдағаннан кейін ағзаны қалыпқа келтіру
Аталмыш антибиотиктер ең алдымен иммундық жүйе мен бауырға зиян келтіреді. Ағзаның қалыпқа келуіне диета ұстау арқылы көмектесе аласыз. Әсіресе мұндай тазару кезінде қуырылған, майлы, қақталған тағамдар мен алкогольді ішімдіктерден бас тартқан дұрыс. Ағзаға жеңіл сіңетін ақуызға бай тағамдарды тұтынған абзал. Ал, бауыр жұмысын жақсарту үшін бал жеген пайдалы.
Антибиотикті үздіксіз қабылдағаннан кейінгі кезеңде ішектер мен ағзаны шлактардан тазалау үшін жасұныққа бай ботқа жеу керек дейді мамандар. Әсіресе сұлы ботқасы ішекке өте пайдалы екен. Сонымен қатар, дәрігерлер суды көп мөлшерде ішуге кеңес береді.
Пробиотиктерді қабылдау керек
Пробиотиктер дегеніміз - тірі микроорганизмдерден және микробты заттардан құралған препарат, ол табиғи жолмен қолдану барысында физиологиялық, биохимиялық және иммундық реакцияларды микробты экологиялық жүйелерді қоздыру арқылы ағзаға пайдалы әсер береді. Анығын айтқанда пробиотиктер таблетка немесе капсула түрінде жасалатын микроағзалар. Бұл микроағзалар зат алмасу жүйесіне түсіп, ішек пен бүкіл ағзаның жұмысын жақсартып, қалыпқа келтіреді. Ең белгілі әрі дәмді пробиотик – банан болып табылады.
Иммунитетті нығайту керек
Мамандардың айтуынша ұзақ уақыт бойы антибиотик қабылдап, ауыр сырқаттан жазылғаннан кейін арнайы препараттарды қабылдау керек екен. Болмаса құрамы антиоксиданттарға бай табиғи өнімдер де жақсы көмектеседі. Мысалы, кептірілген жемістер (әсіресе өрік, қара өрік), жаңғақтар (орман жаңғағы, бадам), аскөк (ақжелкен), табиғи какаоны айтуға болады. Бірақ та кофе мен қою демделген шай ішу ұсынылмайды. Мұндай сусындар әлсіз азғаны одан әрі босаңсытып, құрғатып жібереді.
Ең дұрысы тауық еті мен балықтан түрлі тағамдар дайындап, буға пісіруге, қайнатып жеуге болады. Сондай-ақ тәттілер мен майға піскен тоқаш нанды көп жеуге болмайды.
Үй жағдайында ағзаны қалай қалыпқа келтіруге болады?
Дәстүрлі ем қабылдаудан бөлек, ағзаны үй жағдайында өзіңіз де қалыпқа келтіре аласыз. Өйткені антибиотик қабылдау кезінде ағзаға зиянды тұздар мен тіндер жиналады. Оларды шығару үшін:
- Ішекті тазалағыңыз келсе, 2-3 белсендірілген көмір таблеткасын ашқарынға қабылдап, артынан көп мөлшерде су ішесіз.
- Күні бойы 2-3 л су ішіп, ішекті шлактар мен токсиндерден тазартасыз.
- Сонымен қатар, таза суға 1 шай қасық бал мен 1-2 тамшы алма сірке суын араластырып, ашқарынға ішкен де пайдалы. Ұйқыға жатардан бұрын майсыз йогурт ішкен дұрыс.
- Иммунитетті нығайту үшін қарапайым қара шайды қалақай қайнатпасына алмастырыңыз. 3 ас қасық қалақайға 2 л қайнаған су құйып, 3 сағаттай қойып қоясыз. Сосын кәдімгі шайдың орнына іше берсеңіз болады.
- Ағзадан антибиотиктерді шығаруға көкжидек (голубика) шырыны да көмектесе алады. Бұдан бөлек, мына үш шайдың қоспасынан да сусын дайындап ішсеңіз артықтық етпейді. 1 шай қасық шайқурай (зверобой), жарты шай қасық сәлбен (шалфей), 1/3 бөлік түймешетенді аласыз. Шөптер қоспасына қайнаған су құйып, 2 сағаттай тұндырып қою керек. Осы уақыт өткеннен кейін шайды сүзіп, тамақтанудан бұрын және тамақтану арасында іше беруге болады.
Неден бас тарту керек?
Антибиотик қабылдап, сауыққаннан кейінгі кезеңде уақытша бас тартуға тура келетін азықтар бар. Олардың біріншісі – қант. Қант залалданған ағзаға зиянын тигізетін ең күшті азықтардың бірі. Қант жегеннен кейін асқазан тамақты қорыта алмайды.
Тағы бір бас тартатын тағамдардың бірі – газды сусындар. Газды сусындар бояулар мен түрлі қоспаларға бай болатындықтан да ішпегеніңіз дұрыс. Ал, алкогольді ішімдіктен түбегейлі бойыңызды алшақ ұстаңыз. Тұзды, ащы тағамдар бұл кезеңде пайдасынан гөрі зиянын көбірек тигізеді. Сол себепті де майлы, қуырылған тағамдар мен нан өнімдерін тамақтану рационыңыздан уақытша алып тастағаныңыз абзал. Әлсіз ағза мұндай ауыр тағамдарды қорытуға қиналып, соңында жұмысының бұзылуына әкеп соқтыруы ғажап емес.
Дайындаған: Қ.ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,
Тағы да оқыңыз:
АРЫҚ әлде ТОЛЫҚ? Қайсысының денсаулығы МЫҚТЫ?