​ЧИАмен бір аптада 4 кг салмақ жоғалтасыз

0
4 775

Чиа дәні жайлы естуіңіз бар ма? Бұл керемет өнім денсаулыққа өте пайдалы қасиеттерімен ерекшеленеді.


​ЧИАмен бір аптада 4 кг салмақ жоғалтасыз

Чиа дәні Мексикада өсетін өте танымал өсімдіктердің бірі. Бұл өсімдікті ежелгі ацтектер мен майялықтар бағалы өсімдікке балаған екен. Яғни, чианың тарихы тереңде екенін осыдан-ақ түсінуге болады. Чианы әсересе аз уақыттың ішінде көбірек салмақ жоғалтқысы келетіндер пайдаланса айтарлықтай әсер етеді. Оның арықтауға тікелей әсер ететін қасиеттері жайлы толығырақ тоқталатын боламыз.

Чиа құрамында қарапайым сүтке қарағанда алты есе көп кальций бар. Ал темір қарақұмықтың бойындағыдан 7 есе көп екені дәлелденген. Сондай-ақ, жасушаларды оттегімен қамтамасыз ететін антиоксиданттар да жетерлік.

Чиа дәнінің көп бөлігі өте пайдалы жасұнықтан тұрады. Жасұнық ішек жұмысын жақсартып, тәбетті басатын, зат алмасуды жақсартатын кереметтей қасиеттерге ие.

Чиада балықтың майлы сорттарында болатын ең пайдалы омега-3 майлы қышқылы бар. Бұл майлы қышқыл арқылы аталмыш дәннің калориясы арта түседі. Бірақ бұдан қорқудың қажеті жоқ. Омега-3 майлы қышқылы ми жұмысын жақсартып, зиянды холестеринді ағзадан шығарады. Бұдан бөлек, терінің саулығын жақсартуға да айтарлықтай әсері бар екен.

Чианың құрамында А, С, Е және В тобындағы дәрумендер мен магний, фосфор, калий мен мырыш та көп.

Чианың пайдалы қасиеттері:

  • Асқорыту жүйесінің жұмысын жақсартады;
  • Қан қысымын төмендетіп, қандағы қант пен холестеринді түсіреді;
  • Ағзаны жасартады;
  • Бұлшықеттер мен тіс, шаш, сүйекті нығайтады;
  • Арықтауға айтарлықтай септігін тигізеді;
  • Токсиндерді шығарады;
  • Жүректі, қан тамырларын нығайта түседі;
  • Онкологиялық аурулардың алдын алады;
  • Сергектік сыйлап, стресті төмендетеді;
  • Қабынуға әсері бар керемет өнімдердің бірі.


Чианы қай уақытта қабылдауға болмайды?

Ең алдымен аллергиялық әсері бар ма, жоқ па соны тексеру қажет. Сондай-ақ, мына аурулар бойыңыздан табылса чианы қолданбаған дұрыс:

  • Қан қысымыңыз төмен болса;
  • Бауыр жеткіліксіздігінде;
  • Қалқанша без ауруларында;
  • Іш қатуы кезінде;
  • Жүктілік және емізулі әйелдерге чианы қолдануға болмайтынын ескертеміз.


Чианы қалай қабылдаймыз?

Чиа дәндерін суға салып, 1-2 сағатқа тоңазытқышқа салып қоясыз. 200 мл суға 1 шай қасық чиа салсаңыз жетеді. Осы уақыт аралығында чиа дәні көпсіп, кілегейлене түседі. Бірақ бұл сусынды осы қалыпта ішпейсіз. Тағы 1 литр су қосып, жақсылап араластырып, күні бойы ішсеңіз болады.


Айран мен чиа

Чиа мен айран өте пайдалы ас болары сөзсіз. Жоғарыда сумен араластырғандай чианы енді 200 мл айранға саламыз. Сосын тоңазытқышта 2-3 сағат ұстап, тамақтан 1 сағат бұрын ішу маңызды.

Чиа дәнінің пайдасы мен жағымды қасиеттері өте көп. Оның қазіргі таңда арықтауға көп септігі тиіп жүргені біздің елімізде де белгілі болып жүр. Сол себепті де арықатуды армандайтын қыз-келіншектер мен ер-азаматтарымызға чиа өнімін пайдалануды ұсынамыз. Тек учаскелік дәрігеріңізбен ақылдасуды ұмытпасаңыз болғаны.

Дайындаған: ҚұрманкүлӨмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


"Семіртпейді" дейсіз бе? Бұларды көп ЖЕУГЕ БОЛМАЙДЫ


ДИЕТАЛЫҚ әдіспен дайындалған ең дәмді ТЕФТЕЛИ