Әйелдер қауымы той-думанға, кешкілік отырыстарға шақырту қағаз келген күннен бастап ойлана бастайды. «Енді қалай салмақ тастасам болады? Тойға дейін арықтауым керек» деп, бастарын қатырады. Сөйтіп кейбірі дәрінің көмегіне жүгінсе, енді бірі тез арықтататын диетаны ұстанып жатады. Мұндайда әрине ағза зардап шегеді. Бірақ біз бұған мән бермейміз.
фото: slimim.com
Әйелдер қауымы той-думанға, кешкілік отырыстарға шақырту қағаз келген күннен бастап ойлана бастайды. «Енді қалай салмақ тастасам болады? Тойға дейін арықтауым керек» деп, бастарын қатырады. Сөйтіп кейбірі дәрінің көмегіне жүгінсе, енді бірі тез арықтататын диетаны ұстанып жатады. Мұндайда әрине ағза зардап шегеді. Бірақ біз бұған мән бермейміз.
Ал, дәрісіз 10 келіден арылуға болады дегенге сенесіздер ме? Бірақ бұлайша арықтаудың өзіндік шарттары бар. Ең алғашқысы – кешкі алтыдан кейін тамақ жемеу. Сонымен қатар, қанттың орнын жеміс-жидектермен алмастыру керек. Үзілістерде простокваша, йогурт, қышқыл сүт өнімдерін ішуге болады. Тәтті күлшелерден үзілді-кесілді бас тартасыз.
Екінші шарты – бір орында отырып жұмыс істемеу. Үнемі қозғалыста болу. Күні бойы компьютер алдында отырып жұмыс жасайтын болсаңыз да арасында жаттығулармен айналысуды ұмытпауыңыз керек. Үй жағдайында да физикалық жаттығуларды жасау артықтық етпейді. Осылайша күні бойы қозғалыста жүрсеңіз, өзіңізді ауыр диеталармен қинаудың қажеті жоқ. Барлық тағамнан ауыз тиіп, мөлшерімен жеуге болады.
Үшінші шарт – тағам құрамындағы минералдарға, дәрумендерге көңіл бөлу. Жалпы тәттілердің артық салмақ қосатынын, бойында дәруменнің жоқ екенін білеміз. Сол себепті де майлы тағамдардан, тәтті десерттерден бас тартуға тура келеді. Мұндай жағдайда майдың орнын толтыру үшін бір қасық балық немесе өсімдік майын ішуге болады. Бұл майларды дәріханалардан сатып ала аласыз. Тағам құрамында көмірсулар аз болса, онда таңғы асқа міндетті түрде күріш ботқасын әзірлеңіз.
Бір аптада 10 келі салмақтан арыла салу оңай шаруа емес. Сондықтан да өз-өзіңізге сенімді болсаңыз, тәулігіне 40-45 минут жаяу жүруді де ұмытпаңыз. Ал, белдегі, қарындағы, бөксеге жиналған майлардан арылу үшін арнайы жаттығуларды жасайсыз. Мұндай жаттығулармен күн сайын 30 минут айналыссаңыз жеткілікті. Осындай шарттарды орындағанда ғана сіз денеге жиналған артық майларды жоя аласыз. Ол үшін сізге табандылық пен сенімділік қажет. Жоғарыда айтылғандарды бұлжытпай орындайтын болсаңыз 10 келі салмақ бір аптада «жоқ» болары сөзсіз.
Ас содасымен ванна қабылдап көріңіз!
Бұл тәсілді дәрісіз-ақ майларды еріткісі келетін қыз-келіншектер тәжірибеден өткізіп көруіне болады. Ас содасын үйбикелері күнделікті тағамға пайдаланатындықтан оның қаншалықты майды кетіретінін жақсы біледі. Мәселен, ас содасы қасыққа тұрып қалған қақты, қазанның күйесін, газ плитасының бетіндегі дақтарды оңай кетіреді. Айналып келгенде мұның барлығы тағамнан қалған, шашыраған майлар емес пе? Яғни, ас содасы майды кетіреді дегенге күмәнмен қараудың қажеті жоқ. Олай болса, ас содасымен қабылдауға болатын ваннаны ұсынамыз!
Ванна қабылдауға: 300 гр. ас содасы, 0,5 келі теңіз тұзы, жылы су қажет. Барлығын жақсылап араластырып, ваннаға құйылған 38-39 градустағы суға саласыз. Егер басында су ыстықтау болса, салқын су қосуға болады. Мұндай ваннаны бар болғаны жарты сағат қабылдау керек. Ас содасы мен теңіз тұзы қосылған ваннаны қабылдау кезінде тек артық майлардан арылып қана қоймайсыз, целлюлитке қарсы кереметтей қасиеті бар екенін де айта кетейік. Алайда мұндай ваннаны барлық адамға бірдей қабылдау ұсынылмаған. Ең алдымен дәрігермен ақылдасып алып, содан кейін ғана ванна қабылдауды бастаңыз. Әсіресе жүрек-қан тамыр аурулары, варикоз болған жағдайда, тері аурулары мен гинекологиялық аурулары бар жандарға қабылдау ұсынылмайды.
Кофемен де семіздіктен арыла аласыз!
Кофенің құрамында пайдалы заттар өте көп. Кофенің зат алмасуды реттеп, артық майды ерітетін қасиеті бар екенін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Ең керемет қасиеті кофе – қатерлі дерттің алдын алады. Кофені күн сайын мөлшермен ішетін жандар, ракпен ауырмайтынына сенімді болса болады. Себебі, кофеде антиоксиданттар басқа тағамдарға қарағанда көбірек екен. Сондықтан да кофемен арықтауға болатынын тағы бір рет естеріңізге саламыз!
Кофе – ашқарақтықты жояды, яғни, ашығуды басады екен. Сонымен қатар, сергектік сыйлап, күш-қуатыңызды арттырады және қанайналымды жақсартады. Құнарлылығы төмен болғандықтан да ешқандай диетасыз азуға көмек береді. Кофенің әсерінен майлар әдеттегіден де жылдам жиырылып, қарныңыздың ашқанын да ұмытасыз.
Кофенің осындай пайдалы жағымен қатар, денсаулыққа зиянды тұсы да жоқ емес. Бұл дәмді сусынды күн сайын ішкеннен соң жүрек-қан тамырларына салмақ түседі, ағзада кальций азаяды, ұйқысыздыққа шалдығуыңыз да ғажап емес. Ашқарынға кофе ішкен жағдайда асқазан қыжылы пайда болады. Дегенмен, «сұлу болу үшін құрбан ете білу де керек» - деп бекер айтылмаса керек.
Құрманкүл Әти,
ERNUR.KZ