Денедегі майды "ЕРІТЕТІН" 4 коктейль

0
3 997

Коктейльді кешкі астан кейін және физикалық жаттығу жасаудан бұрын және кейін ішкен де пайдалы.


Денедегі майды

Шілденің шіліңгір ыстығында салқын коктейль ішіп арықтауға бола ма? Әрине, өйткені бұл сусындар тек артық салмақтан арылтып қана қоймай, шөлді басып, ағзаны тазалайды.

Зімбір арықтауға көмектесеін ең керемет өсімдіктердің бірі. Ол қанайналымды жақсартып, зат алмасуды ретке келтіреді. Оның үстіне тері астына жиналған май қабаттарын ерітетін коктейль жасауға ең тиімді азық та зімбір екенін естеріңізге саламыз.

Зімбір шаршауды басып, иммунитетін нығайтатын, өмірге деген құлшынысты оятатын қасиеттерге ие.


Классикалық зімбір коктейлі



Қажетті өнімдер:

  • 2 ас қасық үккіштен өткізілген зімбір тамыры
  • 2 л таза су
  • Қанттың орнына 1 шай қасық бал қосылады
  • 1 ас қасық лимон шырыны


Дайындалу тәсілі:

Барлық қоспаларды бір ыдысқа салып араластырамыз. Қайнаған ыстық суды құямыз. Барлығын жақсылап араластырып, 1 сағаттай қойып қою керек. Дайын коктейльді салқындатып та, жылы қалпында да іше беруге болады.


Кефир, бұрыш пен даршын қосылған коктейль


Қажетті өнімдер:

  • 1/3 л майсыз кефир
  • ½ шай қасық ұнтақталған даршын
  • Азырақ ұнтақталған қызыл бұрыш
  • 50 гр. зімбір тамыры


Дайындалу тәсілі:

Коктейльді дайындау үшін барлық қоспаларды блендерге салып ұнтақтап аламыз. Осылайша дайындалған коктейльді кешкі астың орнына іше беруге болады.


Киви мен айран коктейлі


Қажетті өнімдер:

  • 1 дана киви
  • 200-250 гр. майсыз кефир
  • 1 тілім лимон
  • Дәміне қарай жалбыз қосылады.


Дайындалу тәсілі:

Кивидің қабығын аршып, майдалап турау керек. Сосын барлық керектілерді блендерге салып, жақсылап араластырамыз. Сонда коктейль де дайын болады.


Цитрусты жемістер қосылған коктейль


Қажетті өнімдер:

  • 1 дана киви
  • ½ банан
  • ½ дана алма
  • Жарты бас анардың балғын шырыны
  • 1 дана апельсин шырыны
  • ½ стақан су

Дайындалу тәсілі:

Барлық жемістердің қабығын аршимыз. Сосын киви, алма, бананды блендерге салып майдалаймыз. Сосын барлығын сумен араластырып іше беруге болады.

Дайындаған: Қ. ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Семіруге жол бермейтін 7 тағам


ІШ ӨТКЕНДЕ мына тағамдардан бас тартыңыз!