Диета ұстауды қолға алсаңыз, КОЛЛАГЕН қабылдауды да бастаңыз!

0
10 469

Коллаген арықтауға септігін тигізетін керемет зат.


Диета ұстауды қолға алсаңыз, КОЛЛАГЕН қабылдауды да бастаңыз!

Коллаген - ақуыздың бір түрі. Ол тек адамның терісінде немесе бұлшықеттерінде ғана емес, сіңірде, ішкі ағазаларда, қан тамырларында да болады. Оның пайдасы ұшан-теңіз. Коллагенді 30-дан асқаннан кейін қабылдаған дұрыс. Осы уақытта адамның ағзалары шаршап, бойындағы энергиясы азайып, сыртқы бір демеуді қажет етеді. Сол себепті де мамандар 30 жастан асқанда коллаген қабылдауды бастауға болатынын айтады. Ал, 40 жастан асқандарға міндетті түрде қабылдау керек дейді.

Сырт келбетінің сұлулығына аса мән беретін жандар коллагеннің пайдасын жақсы білетін көрінеді. Себебі коллагеннің көмегінсіз ішкі ағзаларға әсер ету мүмкін емес. Коллагеннің арықтауға, терінің жасаруына қандай пайдасы барын білгіңіз келсе, төмендегі кеңестерге көз жүгіртіңіз.


Целлюлитті азайтады

Бұл ретте ғалымдар мынадай зерттеу жасап көрген екен. Целлюлиті бар 105 әйелді тәжірибеге қатыстырып, коллаген қабылдауға кеңес берген. Осылайша ғалымдар 6 ай бойы оларды бақылап, соңында целлюлиттің азайғанын байқаған. Сонымен бірге тері тегістеліп, тығыздығы арта түскен. Коллаген қабылдау – терінің сырт көрінісін жақсартады. Осылайша көзге оғаш көрінетін тері қыртыстарын коллагеннің көмегімен жоя аласыз.

Арықтағысы келетіндер ақуызға бай тағам жеу керек дейді мамандар. Әсіресе коллаген арықтауға септігін тигізетін керемет зат болып табылады. Сол себепті де диета ұстауды бастаған болсаңыз, коллаген қабылдауды да бастаңыз. Екеуін бірге алып жүрсеңіз, семіздіктен арылу қиынға соқпайды.


Буындар мен сүйектерді нығайтады


Коллаген буындарды нығайтып, иілгіш етеді. Мұны да ғалымдар зерттеу барысында анықтаған. 24 апта бойы 10 гр. коллагеннен қабылдап, адамдардың буын-буыны сырқырағаны, жүру барысында аяғының ауырғаны, сыздағаны басылған. Бұдан бөлек, әйелдерге жүргізген зерттеуде 131 әйелдің етеккір үзілісі кезіндегі буын-буынның сырқырауы азайып, сүйектері де жақсы жұмыс істей бастаған. Ол үшін 12 ай бойы 5 грамнан коллаген қабылдау керек. Өздеріңіз байқағандай коллагеннің осындай да пайдасы бар көрінеді.


Жаттығудан кейін ағзаны қалыпқа келтіреді

Коллагеннің құрамындағы аминқышқылдары жаттығудан кейін ағзаның қалыпқа келуіне көмектесіп қана қоймай,энергияның да сақталуына септігін тигізеді. Бұлшықет күшін арттырады. Ғалымдар жүргізген зерттеулерде коллагеннің жарақат алу қаупін де азайтатын қасиеті бар екені анықталған.


Ішек жұмысын қалыпқа келтіреді

Егер ағзада коллаген азайып кетсе, терінің сырт көрінісі нашарлап, қабынбалы процестер жүреді. Сондықтан да мұндай жағдайда құрамында коллагені бар препараттарды қабылдаған дұрыс. Тіпті, ішек-қарын жұмысын қалыпқа келтіру үшін немесе алдын алу мақсатында осындай дәрілерді ішкен дұрыс.


Коллагенді қалай таңдаймыз?


Коллагенді сатып аларда оның қаптамасындағы мынадай нәрселерге назар аударыңыз:

  1. Ең алдымен коллагеннің құрамында С дәрумені болуы керек;
  2. Артық қоспалар мен бояулар болмағаны дұрыс;
  3. Гидролизді коллаген болуы маңызды.


Қанша түйір коллаген қабылдаған дұрыс?

Коллагенді қабылдау мөлшері оның шығарылу түріне байланысты. Мысалы, таблетка түрінде шығарылған болса, күніне 2 данасын қабылдайсыз;

Капсула түрінде болса, ұйықтар алдында 3 данасын ішу керек.

Ұнтақ түріндегі коллагенді күніне 10 грамнан қабылдайсыз.

Ал, биологиялық қоспа түрінде шығарылған түрі болса, күніне 10-15 гр. қабылдауға болады.


Кімдерге коллаген зиянды?

Жалпы коллагеннің зияндылығы аз. Дегенмен мына жағдайларда коллагенді қабылдамаған дұрыс:

  • Жүкті және емізулі әйелдерге;
  • Осы препаратқа аса сезімталдық байқалғанда;
  • Теріде аллергиялық бөртпелер пайда болса;
  • Ішек-қарын жүйесінің жұмысы бұзылса;
  • Қан қысымы төмендесе және де ауыз қуысынан жағымсыз иіс шыға бастаса сол күннен бастап коллагенді қабылдамауға кеңес береміз. Ең дұрысы коллаген затын дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қабылдаңыз!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


«5 ас қасық» диетасымен арықтағыңыз келе ме?


Қарындағы майды 1 аптада кетіретін ДИЕТА