Диетологтар МЫНА 7 ТАҒАМДЫ мүлде ЖЕМЕЙДІ

0
5 470

​Диетологтардан үлгі алғыңыз келсе, сіз де бұл тағамдардан бас тартыңыз! Сонда сымбатыңыз сымдай тартылып, киімдеріңіз де жарасымды бола түседі.


Диетологтар МЫНА 7 ТАҒАМДЫ мүлде ЖЕМЕЙДІ

Диетологтар бұл тағамдарды мүлде жемейді екен. Сырт көрінісі мен құрамына үңіліп, пайдалы деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ, соған қарамастан диетологтар төмендегі тағамдардан бас тартқан.


Қайта өңделген ет

Кез келген еттен жасалған жартылай фабрикаттар: шұжықша, котлет, шұжықтар. Бұл өнімдерге консервант молынан қосылады әрі тұзды болып келеді. Сондықтан да болар диетологтар өз тамақтану рационынан зиянды майларға бай тағамдарды алып тастайды екен.


Кетчуп пен тұздықтар

Егер сіз осы тұздықтардың затбелгісін оқыған болсаңыз, онда құрамында қандай заттар бар екені жазылады. Әсіресе кетчуп пен кез келген дайын тұздықтарда көп көлемдегі натрий, дәмдеуіштер мен қант бар. Ең дұрысы салатқа болсын, басқа да тағамдарға болсын тұздықты үй жағдайында өзіңіздің дайындағаныңыз абзал. Тұздық дайындауға ерінсеңіз, жай ғана зәйтүн майын қосқан жеткілікті.


Мұздатылған тағамдар

Диетологтар мұздатылған дайын тағамдарды жеуге түбегейлі тыйым салады. Себебі мұндай тағамдарда тұз, қант, консервілер, дәмін күшейткіштер өте көп. Осындай зиянды заттар көптігінен бөлек, қатырылған тағамдарда ағзаға ең қажетті жасұнық мүлде болмайды.


Жеміс қосылған йогурт

Жоғарыда айтып өткеніміздей, атауына немесе сырт көрінісіне қарап, бұл десертті өте пайдалы тағамға жатқызуға болады. Дегенмен, диетологтар жеміс қосылған йогуртқа қант пен бояулар, қоюлатқыштар қосылатынын айтады. Жеміс қосылған йогурттың орнына табиғи йогурт сатып алып, жеміс-жидек қосып жеген дұрыс. Тәттіні жақсы көретін болсаңыз, қант алмастырғыш немесе бал қоссаңыз артықтық етпейді.


Чипсы


Чипсы әзірлеу үшін картопты майға қуырады. Осы үшін де бұл тағамды зиянды деп есептейді. Майға қуырылған картопты туралған жеміс-жидектермен алмастыруға болады. Ол үшін жемістерді чипсы секілді жұқалап турап, пешке бір салып алыңыз. Сосын қытырлатып жей бересіз.


Тез дайындалатын ботқалар

Мұндай ботқалардың ағзаға еш пайдасы жоқ. Себебі, тез пісу үшін оны бірнеше рет өңдеуден өткізеді. Осындай өңдеулер барысында жармалардың бойындағы пайдалы заттар жойылып, қарынның тез ашуына себеп болады.


Тәтті газдалған су

Тәтті газды сусындарды диетологтар не үшін ішпейді? Өйткені оның ешқандай пайдасы жоқ. Керісінше зияны көп деуге болады. Мысалы, 1 күнге қажетті қантты алу үшін 1 стақан кока-кола ішкен жеткілікті.

Мұндай сусындарда қатерлі ісіктің пайда болуына әсер ететін компоненттер бар дейді мамандар. Сонымен қатар, газды суда болатын фосфор қышқылы қанттың сіңуіне кедергі жасайтын көрінеді. Бұл сіздің денсаулығыңызға өте қауіпті болуы ғажап емес.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арықтағысы келетіндерге қандай жемістерді ЖЕМЕУ КЕРЕК


Жаттығу жасамай-ақ 4-7 келі САЛМАҚ ТАСТАЙ АЛАСЫЗ