Ең дәмді диеталық құймақ-котлеттер

0
3 489

Еттің орнын қандай азықпен алмастыратыныңызды білмей жүрген болсаңыз, құймақ-котлеттер жасап көріңіз!


Ең дәмді диеталық құймақ-котлеттер

Сұлы жармасы мен кәдіден дайындалған құймақ-котлет

Қажетті өнімдер:

  • 1 дана кәді
  • 2 дана жұмыртқа
  • ½ стақан сұлы жармасы
  • Дәміне қарай сарымсақ, тұз, бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Кәдіні жуып, ірі үккіштен өткіземіз. Сосын шырынын сығып тастау керек.
  2. Сарымсақтың қабығын аршып, оны арнайы езгішпен езесіз. Сұлы жармасына 1 жұмыртқаны жарып салып, араластырамыз.
  3. Содан соң осы араласпаны блендермен араластыру қажет. Сонда қою қамыр пайда болады.
  4. Осы араласпаға кәдіні, сарымсақты, тағы бір жұмыртқаны, тұз бен бұрышты саламыз.
  5. Барлығын жақсылап қасықпен араластырып, қызып тұрған табаға 1 ас қасықтан салып пісіреміз. Котлет сияқты жасап алып, пісіруге де болады.
  6. Котлеттердің әрбір бетін 3 минуттан қызарта пісіріп аламыз.


Қаймақ пен картоптан құймақ-котлет

Қажетті өнімдер:

  • 6 дана картоп
  • дәміне қарай тұз
  • 1 дана жұмыртқа
  • Қуыру үшін зәйтүн майы
  • 2 ас қасық қаймақ

Дайындалу тәсілі:

  1. Картопты майда үккіштен өткізіп аласыз. Жұмыртқа мен тұз қосып, жақсылап араластырыңыз.
  2. Осылайша дайындалған езбеден котлеттер жасап, қыздырылған зәйтүн майына салып пісіріп алсаңыз болғаны.
  3. Дайын драниктерді қаймақпен ұсынсаңыз, дәмі кіре түседі.


Сарымсақ қосылған құймақ-котлеттер

Қажетті өнімдер:

  • 260 гр. картоп
  • 70 гр. пияз
  • 7 гр. сарымсақ
  • 10 гр. сұлы жармасы

Дайындалу тәсілі:

  1. Пияз бен сарымсақты аршып, блендермен ұнтақтаңыз. Ботқа болғанша араластырып, сосын шырынын сығып тастайсыз.
  2. Картоптың қабығын аршып, оны орташа үккіштен өткізу керек. Оның да шырынын сығып тастап, сарымсақ пен пияз езбесін қосамыз. Сұлы жармасы мен ұнды қосып, тағы да араластырамыз. Жарманың ұнтақталғаны да, ұнтақталмағаны да жарай береді. Бұрыш қосып араластырып, түбі күймейтін табаны қыздырамыз. Қолмен дайын араласпадан котлеттерге ұқсас драниктер жасап, ыстық табаға салып қуырамыз. Табаның қақпағын жабуды ұмытпаңыз.
  3. Құймақтардың екінші бетін аударып, қақпағын жауып тағы да 2 минуттай пісіреміз.
  4. Дайын құймақтарды тәрелкеге салып, дастарханға ұсына беруге болады.


Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ЖҮЗУМЕН АЙНАЛЫСҚАНДА қалай ТАМАҚТАНУ керек

Мына 6 белгі сіздің арықтап жатқаныңызды білдіреді

Өте танымал ЖАПОН диетасы: жұмыртқа мен кофе