​Глютенсіз диетамен аптасына 5 келі салмақ тастауға болады

0
3 522

Глютенсіз диетаның пайдасы салмақ тастаумен қатар жалпы денсаулықты жақсартады, ішек жұмысын қалпына келтіреді.


​Глютенсіз диетамен аптасына 5 келі салмақ тастауға болады

Глютен – бұл бидай, қара бидай, арпа секілді дәнді дақылдарда кездесетін ерекше ақуыз. Құрамында глютені бар сорпа – тойымды, ал йогурт – дәмді болып келеді.


Глютен – бұл артық салмақтың негізгі көзі. Сондықтан болса керек соңғы кездері құрамында глютені жоқ өнімдерді тұтыну қыз-келіншектер арасында кеңінен танылып келеді. Диетологтардың пікірінше глютенсіз диета жалпы денсаулықты нығайтуға көмектеседі және ішек жұмыстарының жақсаруына алып келеді.


Глютенсіз диета кезінде артық салмақ тастау баяу жүреді. Нәтижеге қол жеткізу қиын соғуы мүмкін. Төменнен глютенсіз диетаның пайдалы, кем тұстары жайлы және аптаға арналған ас мәзірі туралы оқи аласыздар.


Глютенсіз диетаның оң тұстары

Глютенсіз диета о баста аллергиясы бар жандарға арналған. Уақыт өте диета кеңінен таныла бастады және глютенсіз тамақтану арықтауға арналған қалыпты диеталар қатарынан орын алды. Себебі глютенсіз тамақтану біраз артық салмақтан арылтатыны байқалған. Сондай-ақ күнделікті тамақтану рационынан глютенді алып тастау ішекке түсетін ауырлықтан арылтады, зат алмасу процесін, көңіл күйді жақсартады. Глютенсіз диетаны тіпті кішкентай сәбилердің ықылығы басылмаған немесе іші желденіп, кеуіп кете берген кезде де тағайындайды.


Глютенсіз диетаның зиянды тұстары

Көп ретте глютенсіз дайын азықтардың құрамына ағзаға зиянды синтетикалық алмастырғыштар қосылады. Сондықтан азық-түлік аларда құрамымен мұқият қарап танысып алған жөн. Глютенсіз азықтардың бағасы, күнделікті тұтынып жүрген тағам шамалы қымбатқа түсуі мүмкін. Сол себепті де глютенсіз диета үнемді диета түріне жатпайды.

Глютенсіз диета шамалы жүйкеге салмақ салуы мүмкін, себебі ондағы шектелген, жеуге болмайтын тағам түрлері өте көп. Яғни қалап тұрған нәрсеңізді жей алмайсыз. Сондай-ақ глютенсіз диета кейбір дәрумендердің жетіспеушілігіне де алып келуі мүмкін.


Глютенсіз диетаға арналған апталық мәзір

Жоғарыда айтып кеткеніміздей глютенсіз диета кезінде, құрамында глютені бар барлық азықты мәзірден алып тастайсыздар. Глютеннің негізгі көзі – бидай, арпа, қарабидай. Сондай-ақ глютенсіз диета кезінде дәнді дақылдардан өзге олардан өндірілетін макарон өнімдері, тәттілер, пісірмелер, квас, сыра секілді сусындардан да бас тартуға тура келеді. Дайын тұздықтар, хош иістендіргіш, көкөніс және ет консервілеріне де тыйым салынады. Қалташадағы шай мен тез еритін кофе, балмұздақ, иогурттарға да мұқият болған жөн.


1 күн

Таңғы ас: тары ботқасы

Түскі ас: бұқтырылған сиыр немесе бұзау еті, қайнатылған күріш

Кешкі ас: көкөніс салаты (сіркесу қосуға болмайды), майлылығы аз айран


2күн

Таңғы ас: Күріш ботқасы

Түскі ас: фрикаделки және түсті қырыққабаттан дайындалған сорпа

Кешкі ас: қайнатылған қарақұмық, қайнатылған тауық төс еті


3күн

Таңғы ас: Кептірілген өрік (курага) қосылған, жүгері жармасынан ботқа

Түскі ас: Бұқтырылған сиыр еті, қайнатылған күріш

Кешкі ас: Көкөніс салаты, майсыз айран


4 күн

Таңғы ас: Тары ботқасы

Түскі ас: Омлет, күріш ұнынан 1 тілім нан және ірімшік. 1стақан тауық сорпасы

Кешкі ас: Майсыз ірімшік (творг)


5 күн:

Таңғы ас: Күріш ботқасы

Түскі ас: Қайнатылған қарақұмық, қайнатылған тауық төс еті

Кешкі ас: Қыздырылып пісірілген алма және 1 тілім күріш наны


6 күн

Таңғы ас: Жүгері жармасынан ботқа

Түскі ас: Бұқтырылған сиыр еті және қайнатылған күріш

Кешкі ас: Үккіштен өткізілген сәбіз салаты, бұқтырылған көкөністер


7 күн

Таңғы ас: Тары ботқа

Түскі ас: Қайнатылған ақ балық, картоп езбесі

Кешкі ас: күріш наны, жеміс салаты


Нәтиже

Дәл осы диетамен аптасына 5 келі салмақ тастауға болады. Қосымша тәтті пісірмелерден де бас тарту керек. Глютенсіз диетаның пайдасы салмақ тастаумен қатар жалпы денсаулықты жақсартады, ішек жұмысын қалпына келтіреді.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.

Тағы оқыңыз: АЗ ҚИМЫЛДАЙТЫНДАРҒА АРНАЛҒАН: Диетасыз арықтаудың 5 құпиясы.