Аталмыш диетаның бірінші шарты – құрамында ашытқысы бар тағамдардан бас тарту.
фото: s1.1zoom.ru
Әйелдердің мүсінін бұзып, сымбатына сын тақтыратын іштегі майдан құтылудың жолдары көп. Мәселен, бірі арнайы жаттығулар болса, екінші бір әдіс дұрыс тамақтануға, күнделікті ішіп-жеп жүрген дәмді, майлы тағамдардан бас тартуға шақырады. Алайда, көп қыз-келіншектер мұны жасай алмай жатады. Бірақ біз айтқалы отырған диета дәл сол іштегі майды кетіруге арналған.
Аталмыш диетаның бірінші шарты – құрамында ашытқысы бар тағамдардан бас тарту. Оларға сыра, ұн, сүт өнімдерінен жасалатын ашытқы қосылған тағамдар жатады. Міне, осындай тағамдарды тамақтану рационынан мүлде алып тастау қажет. Диетаның ұзықтығы – 1 апта.
Екіншіден, тамақтанып болғаннан кейін екі сағат өткеннен соң ғана сұйықтық ішуге болады. Егер олай ете алмаймын десеңіз, тамақтанудан 20 минут бұрын су немесе шай ішіп алған дұрыс. Сондай-ақ, тамақтану кезінде сұйықтық ішуге мәжбүр болсаңыз, 1 стақан жылы суды аз-аздан ұрттап ішсеңіз ештеңе етпейді. Бірақ та мұны жиі-жиі қайталауға болмайды. Әйтпесе диета бұзылады, ешқандай пайдасы болмауы да ғажап емес.
Үшіншіден, тек жасұныққа бай көкөністер мен жемістерді тұтынасыз.
фото: pp.vk.me
Тағы да оқыңыз:
Наурызда тары жеп салмағыңызды азайтыңыз!
Бір апталық диета мәзірі
Дүйсенбі
Таңғы ас: 1 стақан су (ұйқыдан тұрған бойда ішу керек), 3 дана алма, қантсыз шай.
Түскі ас: 1 стақан су (тамақтанудан 20 минут бұрын), 200 гр. қырыққабат, кез келген қантсыз сусын.
Кешкі ас: 1 стақан су, 5 дана шикі сәбіз, қантсыз сусын.
Сейсенбі
Таңғы ас: 1 стақан су, 4 дана алмұрт, қантсыз сусын.
Түскі ас: 1 стақан су, 200 гр. қайнатылған қызылша, қантсыз сусын.
Кешкі ас: 1 стақан су, 5 дана болгар бұрышы, қантсыз сусын.
Сәрсенбі
Таңғы ас: 1 стақан су, 2 дана апельсин, қантсыз сусын.
Түскі ас: 1 стақан су, 200 гр. брокколи, қантсыз сусын.
Кешкі ас: 1 стақан су, 4 дана алма, қантсыз сусын.
Бейсенбі
Таңғы ас: 1 стақан су, 1 дана грейпфрут, қантсыз сусын.
Түскі ас: 1 стақан су, 200 гр. қайнатылған қызылша, қантсыз сусын.
Кешкі ас: 1 стақан су, 10 дана қара өрік, қантсыз сусын.
Жұма
Таңғы ас: 1 стақан су, 200 гр. жүзім, қантсыз сусын.
Түскі ас: 1 стақан су, 200 гр. кольраби қырыққабаты, қантсыз сусын.
Кешкі ас: 1 стақан су, 1 дана апельсин, 1 дана алма және қантсыз сусын.
Сенбі
Таңғы ас: 1 стақан су, 00 гр. кептірілген өрік, қантсыз сусын.
Түскі ас: 1 стақан су, 4 дана қызанақ, қантсыз сусын.
Кешкі ас: 1 стақан су, 200 гр. кез келген қырыққабат, қантсыз су.
Жексенбі
Таңғы ас: 1 стақан су, 3 дана алмұрт, қантсыз сусын.
Түскі ас: 1 стақан су, 5 дана қайнатылған сәбіз, қантсыз сусын.
Кешкі ас: 1 стақан су, 3 дана балғын қияр, қантсыз су.
Есте сақтаңыз! 1 стақан суды міндетті түрде тамақтанудан 20 минут бұрын ішіңіз. Ал, қантсыз сусынды тамақтанып болған соң, екі сағаттан кейін ғана ішу керек.
Аударған: Қ.Әти,
Тағы да оқыңыз:
Наурызда тары жеп салмағыңызды азайтыңыз!
5 күндік АЛМА ДИЕТАСЫ 7 келіге арықтатады