Коронавирустан емделудің ең тиімді жолы – дұрыс тамақтану мен диета.
Коронавирус жұқтырған әрбір адамның тыныс жолы, ішек пен асқазан жолы зақымданады. Сондықтан да мұндай жағдайда ең дұрысы тамақтануға көңіл бөлу керек.
Мамандардың пікірінше коронавирус жұқтырған жағдайда мына ас-сулардан бас тартқан дұрыс:
Апельсин шырыны
Егер ауру мазалап жөтел мен тамақ ауруы қысса сізге апельсин мен мандаринді ас мәзіріне қоспаған абзал. Себебі бұл жемістерде асқазанның шырышты қабығын зақымдайтын лимон қышқылы өте көп. Оның үстіне онсыз да қабынып тұрған ауруды одан әріқабындыра түседі.
Тәттілер
Науқастанған кезде тәтті жегіміз келіп тұратыны анық. Тәттілер арқылы ағза энергия алып, ауруға қарсы тұрғысы келеді. Бірақ та тәтті өнімдерді көп жеудің қажеті жоқ. Өйткені құрамында қанты бар тағамдар иммунитетті әлсіретіп тастайды. Кәмпит пен күлшелердің орнын бірнеше бөлік қара шоколадпен алмастырыңыз. Сонда ағза өзіне қажеттіні алып, біраз уақытқа дейін «тынышталатын» болады.
Газды сусындар
Газды сусындарды тамақтану рационынан мүлде алып тастаңыз. Құрамында қанты мол мұндай сусындар жүрек-қан тамыр жүйесін, зат алмасу жұмысын бұзып, қатерлі ісікті туындатуы ғажап емес. Әсіресе коронавирус ауруы кезінде кофеин ағзаны құрғатып, қант иммунитетті түсіреді. Осылайша вирус жұқтырған ағза аурумен күресуге қауқарсыз бола түседі.
Алкогольді ішімдіктер
Алкоголь – кез келген ауру кезінде зиянды болмақ. Алкогольді ішімдік – ағзаны барынша құрғатады. Сонымен қатар, спиртті ішімдіктер қабынған асқазан-ішек жолдарындағы барлық мәселелерді өршіте түсетіндіктен ішімдіктен бас тартқан дұрыс. Ал, іш өту немесе іш қату кезінде ішімдікті татып алмаған жөн.
Фаст-фуд
Шетел ғалымдары фаст-фуд өнімдері жұқпалы инфекциялық аурулар секілді иммунитетті әлсіретіп, қатты қабындырады дейді. Сол себепті де фаст-фудтан ауру жұқтырмаған жағдайда да бойды аулақ ұстау керек. Коронавирус инфекциясы табылған болса фаст-фуд тағамдарын тамақтану рационынан мүлде шығарып тастаңыз. Сонда ғана иммуниттеті әлсіреуден сақтап, ауруға қарсы ағзаны қалыптастыра аласыз.
Ащы тағамдар
Егер сізді тұмау мазалаған болса, ащы тағамдар ағзаңызға кері әсер етуден басқа пайдасын тигізбейді. Керісінше мұрын мен тамақ шырышты қабығын зақымдайды.
Қандай тағамды жиі жеген дұрыс?
Ең пайдалысы: жеміс-жидектер, тауық сорпасы, жидектерден дайындалған морс және қалауыңыздағы тағамдар. Бұдан бөлек мына кеңестерді де есте ұстаған абзал:
Асқабақ дәні
Коронавирус жұқтырғандарға мырыш элементі жақсы көмектеседі екен. Испания елінде 250 еріктіге зерттеу жүргізіліп, мырыштың ағзаға аса қажеттігі анықталған. Ал, аталмыш элементтің жетіспеушілігі ауруды одан әрі асқындырып жібереді.
Мырыштың әйел ағзасына қажетті бір күндік мөлшері – 8 мг, ал, еркектерге 10 мг ұсынылады. Мырышты қай өнімнен көбірек алуға болатынын білесіз бе? Ол үшін күнделікті ас мәзіріне асқабақ дәндерін қосыңыз. Оның 100 грамында 10 мг мырыш бар. Сондай-ақ етте, теңіз өнімдерінде, саумалдық пен жаңғақта мырыш бар.
Майшабақ
Covid-19 кезінде адам ағзасына қажетті дәрумендердің бірі – Д дәрумені. Бұл дәруменді балықтың майлы сорттарынан алуға болады. Әсіресе майшабақ пен нәлім балықтың бауырында, майлы сүт өнімдерінде, саңырауқұлақта, тауық жұмыртқасында молынан екен.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
САЛМАҚ ҚОСТЫРМАЙТЫН тәттілер:"Қызыл барқыт", "Вупипай", "Сникерс"
3 күнде 3 келі САЛМАҚТАН арылтатын БАНАН + СҮТ диетасы
Нан жемесеңіз ағзада қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?