Қытай қыздарының АРЫҚ әрі СЫМБАТТЫ болуының сыры неде?

0
3 676

​Қытайлықтар қалай тамақтанады? Олардың ұстанымдары бізге сәйкес келе ме?


Қытай қыздарының АРЫҚ әрі СЫМБАТТЫ болуының сыры неде?

Ғаламтордағы мәліметтерге сүйенер болсақ, қытайлықтар тамақты көп жеп, нанды аз жейді екен. Кейбіреулер қытай қыздарының сымбатының сымдай тартылуы тұқымынан деп түсіндіреді. Шындығында олай емес көрінеді.

Егер сіздің де арықтап, көрші елдің қыздарындай тартымды, сылқым бикешке айналғыңыз келсе олардың тамақтану тәртібімен таныс болыңыз!


Қытайлықтар көп су ішеді

Бұл елде әрбір кеңседе су құйылған ыдыстар тұрады. Оны қытайлықтар үнемі ішіп жүреді. Себебі олар судың ағзаға зиянды токсиндерді айдап шығатынына сенеді. Оның үстіне олар тамақтанып отырғанда тәтті сусындарды қосып ішпейтін көрінеді. Ең көп ішілетіні шай немесе су.

Газды судың орнына тәтті қосылмаған шай немесе су ішетін болсаңыз, 100-300 ккал қосып алудан сақтанған боласыз.

Суды көп ішу арқылы тамақтану тәртібін реттеп, зат алмасуды жақсартуға мүмкіндігіңіз бар. Сонымен қатар, шаршауды басып, денсаулығыңыздың нығаятынына да сеніңіз.


Көкөністі көбірек, етті азырақ жейді

Біздің елімізде етті басты тағам ретінде ұсынып, көкөністерді қосымша тағам орнына әкелетінін білеміз. Ал, қытайлықтарда бәрі де керісінше. Мысалы, олар етті емес, тағамға көкөністі көбірек қосады екен.

Мысалы, қытайлықтардың түскі асы мынадай болуы мүмкін:

Бұршаққынды үрмебұршақ (стручковая фасоль) және сүйегімен ұсынылған үйрек еті. Өздеріңіз байқағандарыңыздай мұнда ет тым көп емес. Дегенмен, қытайлықтар қайнатылған күрішті көп жейтінін білеміз. Өйткені басқа азық-түліктермен салыстырғанда күріш тез қорытылады әрі оның құрамында қаныққан майлар аз.


Нан жемейді

Қытай еліне барып келгендер қазақтар «Ол жақта нан сатылмайды екен. Нан тауып жеу қиын» деп жатады. Шын мәнінде қытайлықтар қарапайым нанның орнына буға піскен нан жейді екен. Сондықтан да болар, қарапайым нанды көп сата бермейді.


Сорпа – олардың ең сүйікті асы

Қытайлықтар тамақтануды сорпадан бастайды. Көбіне қызанақ пен омлет қосылған сорпа ішеді. Сонымен қатар, олар көбіне құрамы пайдалы заттардан тұратын сорпаларды дайындайды. Таңғы асқа міндетті түрде күріш қосылған ботқа жейтін көрінеді. Бірақ, ботқаны сүтпен емес, суға бұқтырып пісіреді екен.

Қытайлықтар жалпы алғанда қатаң диета ұстанбайды. Суды көп ішіп, тәттіні аз жейді. Десертке жеміс-жидек жегенді мақұл көреді. Қытайлықтардың семірмеуінің басты себебі де осы тамақтану тәртібіне байланысты болса керек.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


10 келіден арылтады: ШҰЖЫҚТЫ жақсы көретіндерге арналған 10 күндік диета


ЖҮРЕК ТАЛМАСЫның алдын алу үшін КИВИ жеу керек