​Ми мен қан тамырларына пайдалы диета арықтауға да көмектеседі

0
6 582

Американ ғалымдары шығарған бұл диетаның негізгі мақсаты – ойлау қабілетін дамыту және артық салмақпен күресу. Бір айда аталмыш диетаны ұстанатын болсаңыз, 3-6 келіге дейін салмақ тастау мүмкіндігі бар.


​Ми мен қан тамырларына пайдалы диета арықтауға да көмектеседі

Мидың жақсы жұмыс істеуі үшін оған пайдалы азықты жеткізіп отыру керек. Ғалымдардың зерттеуінше мына тағамдар миға өте пайдалы екен:

  • Көкөністер мен жасыл жапырақтар. Олардың құрамында хлорофилл заты болғандықтан да қанның көрсеткішін жақсартып, ағзадағы тіндерді қалыпқа келтіреді.
  • Жеміс-жидектер мен дәмдеуіштер. Бұл өнімдердің құрамы дәрумендерге, жасұнық пен антиоксиданттарға бай. Ал, дәмдеуіштердің тек табиғи түрін пайдаланған дұрыс. Тауық еті мен күркетауық еті ағзаны диеталық ақуызбен қанықтырады. Қызыл етті пайдаланбаған дұрыс.
  • Майлы балық. Басқасын айтпағанда майлы балық миға өте пайдалы дейді ғалымдар. Мұндай балықты жиі-жиі жеп тұру керек. Әсіресе қызыл балықта омега-3 өте көп. Майлардың тағы бір қайнар көзі – жаңғақтар. Жаңғақтарда көңіл күйді көтеретін триптофан заты бар. Сондай-ақ, жаңғақтарды жегеннен кейін қан тамырлары жаңара түседі.
  • Зәйтүн майы. Бұл да мидың жұмысына өте қажетті майлардың бірі. Оның құрамында ақылды кемітуге қарсы майлы қышқылдар бар. Сонымен қатар, дәнді-дақылдар мен тұтас дәнді нанда В тобындағы дәрумендер мен жасұнық молынан. Аталмыш дәрумендер де ми жұмысының жылдамдығын арттыруға атсалысады.


Ми жұмысы мен қан тамырларына зиянды тағамдар

Диета кезінде қант және глюкозасы бар шырындар, фаст-фуд, сары май, қызыл ет, майлы ірімшік, ішімдік және де құрамында транс-майлары бар азық-түліктерді ас мәзіріне қосуға болмайды.

Тәттінің орнын кез келген жеміс-жидекті жеу арқылы толтыруға болады. Аптасына 1-2 рет зефир немесе ащы шоколад жеу ұсынылады. Тамақтану арасында лажы барынша көкөністер мен жемістер жеуге тырысыңыз. Салаттар жасап, дәмді смузи ішсеңіз артықтық етпейді.


Арықтау үшін...


Жоғарыда айтылған тағамдарды тамақтану рационыңызға қосу арқылы және де зиянды деген тізімдегі азық-түліктерді алып тастаумен өз салмағыңызды да қалыпқа келтіре аласыз. Тек мұнымен шектелмей мына тәртіпке бағынатын болсаңыз да, сымбатыңыз сымдай болатынына күмәніңіз болмасын.

  • Кешкі сағат 19:00-ден кейін ештеңе ішіп-жемеңіз.
  • Жемістер мен ботқалар, нан сияқты өнімдерді түске дейін жеп алған дұрыс. Ал, кешке майсыз ет пен көкөністерді дайындаңыз.
  • Диета шарттарының тағы бірі – зиянды тамақтардан бас тартып қана қоймай, қуырылған, майлы тағамдарды да жемеген дұрыс. Тағамды қайнату, буға пісіру, пеште дайындау әдістерін пайдаланып әзірлейсіз.
  • Шай, кофе сынды сусындарды қантсыз ішу керек. Қанттың орнына қант алмастырғыш немесе азырақ бал қосуға болады.
  • Күніне 3-5 рет тамақтануды әдетке айналдырасыз. Ал, тағам мөлшері көп болмауы тиіс. Мысалы, тамақтанып болған соң асқазандағы ауырлықты сезбеуіңіз керек. Егер көп тамақ жеп қойғаныңызды сезінетін болсаңыз, арықтаймын деп ойламаңыз. Кез келген артық тамақ денеге май болып жиналатынын ұмытпаңыз. Тіпті, жемістер мен ботқаны көп жейтін болсаңыз, артық май жинауыңыз ғажап емес.


1 күнге арналған мәзір

Таңғы ас: Сүт пен суға қайнатылған сұлы ботқасы, жарты банан, 20 гр. грек жаңғағы, лимон қосылған шай.

Тіскебасар: алма.

Түскі ас: Буға піскен стейк, 3-5 қасық қайнатылған күріш, балғын көкөністерден дайындалған салат.

Кешкі ас: балық еті қосылған салат немесе қияр, қызанақ, зәйтүн майы және бөдене жұмыртқасы қосылған ерекше салат.

Диетаны бастамас бұрын міндетті түрде дәрігеріңізбен кеңесуді ұмытпаңыз.

Аударған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Калориясы ӨТЕ ТӨМЕН 7 азық-түлік


Ауызашарға арналған ДТ (дұрыс тамақтану) тағамдары


Сәресі асқа қайнатылған ет пен көкөніс жеген пайдалы