​Мына тағамдар бауыр жұмысын жақсартады

0
11 026

Әсіресе таңғы астың дұрыс тамақтан басталғаны абзалырақ.


​Мына тағамдар бауыр жұмысын жақсартады

Бауыр – адам бойындағы ең үлкен ішкі ағза. Ол ағзаны сүзгіштік қасиетінің арқасында токсиндерден тазалап, жұмысын жақсартады. Сол себепті де бауырдың жұмысы бүкіл ағзаның жұмысына, адамның көңіл күйіне айтарлықтай әсер етеді. Егер бауыр нашар жұмыс істейтін болса, бізде созылмалы әлсіздік, шаршау, асқорыту жүйесінің бұзылуы сынды аурулар пайда болуы мүмкін. Сондықтан да осындай ең маңызды мүшені таңертеңнен бастап күткен дұрыс. Ол үшін бауырға пайдалы, ауырлық түсірмейтін тағамдарды тұтыну керек. Әсіресе таңғы астың дұрыс тамақтан басталғаны абзалырақ.


Кофе

Норвегиялық ғалымдар кофесүйгіштердің бауыр ауруларынан зардап шекпейтінін анықтаған. Бірақ та қара кофе емес, сүт қосылған кофе ішкен дұрыс. Әсіресе бауыр аурулары анықталған жандарға кофені сүтпен ішу керек.


Сарымсақ

Ашқарынға жеген бір түйір сарымсақ иммунитетті нығайтып қана қоймай, бауыр жұмысын да жақсартады екен. Сарымсақ бауырдың ағзадан токсиндерді шығарып тастауына көмектеседі. Бұдан бөлек, бауырды қабынудан қорғап, зат алмасу процестерін жүйелейді. Сарымсақтың жағымсыз иісі ұнамайтын болса, оны бүтіндей жұтып жіберуге болады екен. Осылайша сіз өз ағзаңызға пайдалы нәрсе жасайсыз.


Сұлы ботқасы

Сұлы ботқасы бауырға өте қажетті әрі токсиндерден тазалайтын аминқышқылдарына бай. Оның үстіне сұлы қандағы қант мөлшерін ретке келтіріп, ағзаны ақуыздармен, бауырға пайдалы заттармен қанықтырады. Мамандар сұлы ботқасына сары май емес, зәйтүн майын қосқан дұрыс дейді. Себебі зәйтүн майы бауырдың қан айналымын жақсартып, тіндерін жаңартады.


Жұмыртқа

Тауық және бөдене жұмыртқалары көптеген ағзаларда қатерлі ісіктің пайда болуын болдырмайды екен. Олардың құрамында токсиндерді шығаратын заттар бар. Міне, осы заттардың көмегімен жасушалар жаңарып, зат алмасудың бұзылуына жол берілмейді. Әрине, бұл ретте қуырылған жұмыртқа емес, қайнатылған немесе омлет түрінде дайындалған жұмыртқа жеген дұрыс.


Грейпфрут


Қызыл түсті грейфрут ең керемет таңғы ас болары сөзсіз. Грейпфрут құрамындағы майлы қышқылдар бауырды токсиндерден тазалап, қабынған жасушаларды қалыпқа келтіреді.


Авокадо

Бұл жеміс ағзадан зиянды холестеринді айдайды. Тағы бір пайдалы жағы авокадо бауырға өте пайдалы глутатион затына бай. Аталмыш зат бауырды токсиндерден тазалап, жұмысын жеңіллдетуге көмектеседі.


Бал

1 стақан жылы суға 1 ас қасық бал салып ішсеңіз, асқорытуды жақсартып қана қоймайсыз, сонымен бірге бауыр жұмысы да жақсарады. Ертеден балды бауырды тазалау мақсатында, жұмысын қалыпқа келтіру үшін пайдаланған екен. Бұдан бөлек, бал өт айдайтын, қабынуды басатын қасиеттерге ие. Созылмалы гепатит, холецистит кезінде ашқарынға бал қосылған су ішу өте пайдалы.

Бауырдың жұмысын жақсартқыңыз келсе, жоғарыда аталған тағамдардың бірін таңертеңгілік асқа дайындауды әдетке айналдырыңыз. Егер бауыр жұмысы реттелсе, басқа ағзалар да жақсы жұмыс істейтін болады. Бұл тағамдар тек бауырға жағымды әсер етіп қана қоймай, артық майдан арылуға, семіздікті жоюға айтарлықтай көмектеседі. Сол себепті де арықтауды мақсат етіп жүрген болсаңыз, біздің кеңестерімізге құлақ асқаныңыз абзал.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Сізге диетолог қажет пе?

20 келі салмақ тастаған ресейлік актриса арықтаудың 5 ережесін ұсынады


Төрт тәулік ТЕК ТАУЫҚ ЕТІМЕН тамақтансаңыз, таразыға түсуге тартынбайсыз