​Нан жемесеңіз ағзада қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?

0
9 476

Арықтағысы келетіндерге бұл өте тиімді болады. Алайда нан жемеудің әсерінен әлсіреп қалуыңыз да ғажап емес.


​Нан жемесеңіз ағзада қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?

Нан өнімдерінен толықтай бас тартсаңыз, ағзада қандай өзгеріс болатынын білесіз бе? Көбіне нан жегеннен кейін сымбат пен ми жұмысының бұзылуына әкеледі дейді. Расында солай ма, әлде керісінше пайдалы ма барлығын жазатын боламыз.


Арықтайсыз, бірақ көп салмақ тастамайсыз

Нан – ағзаға көмірсулар тасымалдайтын бірден-бір тағам. Бірақ та көмірсуды тек нан өнімдерінен ғана емес, басқа да тағамдардан алуға болады. Нан жемеу арқылы 1-2 келі артық салмақтан арылғанмен, май қабаттары орнында қалады. Майлар тырнақ пен шаштың, терінің саулығы үшін аса қажет. Сол себепті де нан өнімдерінен тамақтану рационынан мүлде алып тастауға болмайды. Нанды салатпен, кептірілген нанмен алмастыруға болатынын естен шығармайық.


Энергия азаяды

Көмірсу адамзат баласына энергия сыйлап, өміршеңдігін арттырады екен. Сонымен қатар, нанда жылдам және баяу сіңетін көмірсулар да бар. Мұндай көмірсулар ағзаға бірден энергия беріп, сол мезетте бойына ерекше күш береді. Алайда бұл күш-қуат пен энергия көпке дейін сақталмайды. Егер сіз бөлішкелерді үнемі жейтін болсаңыз, ештеңеге алаңдаудың қажеті жоқ. Ал, нан жеуді тоқтатқанда, яғни, басқа өніммен алмастырмаған жағдайда әлсіреп қалуыңыз әбден мүмкін. Сол себепті де нанды біртіндеп азайтқан дұрыс.


Бойыңызды күйгелектік билейді

Күніне бір бүтін нан жейтіндер, оны тамақтану рационынан алып тастағанда қатты қиналады. Нан арқылы алатын энергия азаятын болса, адам ағзасы стресске түседі. Сонымен қатар, шаршаңқылық, әлсіздік, күйгелектік те бойыңызды билеп, басыңыз да айналуы ғажап емес. Бірақ бірте-бірте ағза нанның орнын алмастырғыштарды тапсаңыз, бұған да үйренетін болады. Сондықтан да сымбатты болғыңыз келсе ағзаны мұндай өзгеріске біртіндеп үйретіңіз.



Кейбір заттардың жетімсіздігі байқалады

Нансыз тамақтана алмайтын жандар өте көп. Әсіресе өте құнарлы ірімшік, май, көкөністермен бірге нан қосып жейтіндер де баршылық. Осындай жандар нанды өз рационынан шығарса, кейбір заттар ағазаға жетіспейді. Сондықтан да нанның орнын немен алмастыруға болатынын ойланып көріңіз.

Егер арықтағыңыз келсе және нанды азайтуды ойлап жүрген болсаңыз, мына ас мәзірін пайдалансаңыз болады.

Таңғы асқа кез келген ботқа жеуге болады. Ал, түскі асқа буға піскен ет немесе балық, көкөністер және 1-2 тілім нан. Әсіресе кептірілген нан өте пайдалы болмақ. Кешкі асқа жеміс-жидектер, салат жеуге болады.


5 күнге арналған диета

Аталмыш диета арқылы белдегі, іштегі, бөкседегі майлардан арылуға болады. Осы уақыт аралығында 4-5 келі салмақ тастай аласыз. Тек ас мәзіріне көңіл бөліп, артық нәрсе қоспасаңыз болғаны. Төменде берілген ас мәзірін 5 күн бойы жалғастырып, сымбатыңыздың сымдай тартыла бастағанын байқаңыз.

  1. Таңертең 2 дана кептірілген нан мен 1 стақан көк шай ішесіз. Кептірілген нанның тәтті қосылғанын таңдауға да болады. Бірақ шайды қантсыз ішу керек.
  2. Түскі асқа қияр мен қызанақ, қайнатылған тауық еті қосылған азырақ салат. Күніне екі рет көкөніс сорпасын ішуге болады. Бірақ картоп жеу ұсынылмайды.
  3. Кешкі ас – 2 дана кептірілген нан мен 1 шыны шай және 1 дана жеміс.
  4. Тәулігіне 1,5 л газсыз су ішу керек.

Аударған: Қ.ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қазіргі ХИТ тағам: Тәтті капкейктер


«ЦЕЗАРЬ» салатының тағы да ЕРЕКШЕ ҮШ ТҮРІ бар


МАЙОНЕЗ қосылмаған салаттар ЖАҢА ЖЫЛДА дастарханыңызды жайнатады