​Он екі елі ішек ауруында ұстанатын диета

0
7 893

Қандай жағдай болмасын аурудың алдын алып, науқастанып қалған күнде де дұрыс тамақтанып, деннің саулығын күткен абзал. Осы орайда 12 елі ішек ауруына шалдыққан жандарға арналған диетаны, яғни, жеуге ұсынылатын тағамдар мәзірін айтпақпыз.


​Он екі елі ішек ауруында ұстанатын диета

фото: i.ytimg.com

«Ауру айтып келмейді». Өйткені осы уақытқа дейін ішіп-жегеніңіз ағзаңызды әбден «улап», жұмыс істеуіне кедергі келтіріп келді. Ендігі жерде ол ағза қызметін баяулата бастайды. Міне, осыдан бастап сіз ауырсынуды сезінесіз. Бірақ оған мән бермейсіз. Ауру асқынған уақытта ғана, яғни, дәрігерлердің «емделмесеңіз болмайды» деген сөзінен кейін ғана дәрі-дәрмек алып, ем-домды бастайсыз.

Егер сіз күнделікті деніңіздің саулығын сақтап, ағзаға пайдалы жаттығулармен айналысатын болсаңыз, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болып, ауырудан аман жүретін едіңіз. Алайда, аурудың алдын алмаған соң бойыңызды түрлі аурулар мазалап, тіпті, асқынып кетуі де ғажап емес. Сондықтан да, қандай жағдай болмасын аурудың алдын алып, науқастанып қалған күнде де дұрыс тамақтанып, деннің саулығын күткен абзал. Осы орайда 12 елі ішек ауруына шалдыққан жандарға арналған диетаны, яғни, жеуге ұсынылатын тағамдар мәзірін айтпақпыз. Сізді де осы ауру мазалап жүрген болса, қай тағамдарға шектеу қойылғанын біліп жүргеніңіз абзал.

Жалпы он екі елі ішек ауру кезінде күніне 5-6 рет тамақтанған дұрыс. Сонымен қатар, барлық тағамды блендерден немесе үккіштен өткізіп жеу керек.

Ас мәзіріне мына тағамдар ұсынылады:


фото: hudelkin.ru

  • Кептірілген нан;
  • Көкөністер мен жармаларды блендерден өткізіп дайындаған сорпа. Сорпаға өсімдік немесе сары май қосуға болады.
  • Сүтке қайнатылған вермишель;
  • Майлылығы өте төмен ет пен балық;
  • Сүтке піскен түрлі ботқалар;
  • Үккіштен өткізіп дайындалған пісірмелер мен пудингтер;
  • Көкөністерден дайындалған тағамдар;
  • Қайнатылған макуарондар;
  • Балдан, мармеладтан, тосаптан әзірленген тәттілер;
  • Жеміс-жидек шырыны немесе үккіштен өткізіп дайындалған тұздықтар;
  • Дәмдеуіш ретінде аскөк пен ақжелкенді пайдалануға болады;
  • Итмұрын қайнатпас;
  • Сүт және қышқыл сүт өнімдерін де ішуге болады.

Бас тартатын тағамдар:

  • Көкөністер қосылған қою сорпа;
  • Майлы ет пен балық;
  • Маринадталған, қақталған, тұздалған тағамдар;
  • Тәтті қамырдан жасалған күлшелер, пирогтар, торттар, қара нан;
  • Бүтіндей көкөністер мен жемістер;
  • Газдалған сусындар, кофе;
  • Түрлі чипсылар, дәмдеуіштер көп қосылған тағамдар;
  • Балмұздақ жеуге тыйым салынады.

Міне, жоғарыда келтірілген тағамдарды емделу курсы аяқталғанша ішіп-жемеуге тырысыңыз. Дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындап, дұрыс тамақтанатын болсаңыз ғана ем қонады. Ауырсыну басылып, ағзаңыз қалыпты жұмыс істей бастағанда үккіштен өткізіп дайындалған тағамдардың орнына пісірмелер мен буға піскен тағамдарды әзірлеуге болады. Дегенмен, мұндай тағамдарға көшпес бұрын дәрігермен ақылдасып алған дұрыс.

Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ