​Сексуалдық белсенділігіңіз төмендеп кетсе, арнайы диета ұстаңыз

0
8 020

Төсектегі белсенділікті оның жатысынан-ақ байқауға болады. Кім өмірлік жолдасына қырын қарап жатады?


​Сексуалдық белсенділігіңіз төмендеп кетсе, арнайы диета ұстаңыз

фото: rubic.us

Төсектегі белсенділікті жоғалту көбінесе әйедер қауымына тән. Себебі олар, жұмысбастылық пен үй шаруасы, бала-шаға қамы деп, күні бойы бір тынбайды. Сонымен қатар, қоршаған ортаның ластануы да олардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Міне, осындай жағдайлардан соң көптеген әйелдер сексуалдық белсенділікті жоғалтып жатады.

Ғалымдардың айтуы бойынша төсекке деген ынтызарлықтың күнделікті тұтынатын тағамдарға да байланысы бар екен. Әсіресе қан құрамындағы қанттың азайып кетуінен, яғни, тәіттілер мен ұнды тағамды көп жегеннен осындай жағдай туындайтын көрінеді. Өйткені тәттілер мен ұн өнімдерің қандағы қант мөлшерін жылдам төмен түсіреді.

фото: zhiv-zdorov.ru

Ал, американдық диетолог М.Уолкер сексуалдық белсенділікті арттыру үшін «Қант пен майлы тағамдарды аз жеп, құрамы жасұныққа бай тағамдарды ас мәзіріне қосыңыз» деген. Сондай-ақ, Уолкер бүкіл ағзаны толықтай сауықтырғысы келгендерге былай деп кеңес береді:

  • Барынша балғын жемістерді жеңіз. Шырынына қарағанда балғын жемісте жасұнық көп болады.
  • Күніне құрамында А және С дәрумендеріне бай бір жеміс немесе көкөніс жеп тұру керек.
  • Бұдан бөлек, міндетті түрде ас мәзіріне құрамы Е дәруменіне бай тағамды қосқан дұрыс. Мысалы, банан, сәбіз, қызанақ, пісте, жаңғақ, өсімдік майын айтуға болады.
  • Соымен бірге, күн сайын салат жапырағы қосылған салатты жеген де пайдалы.
  • Майлы тұздықтарды аз тұтыну керек. Ас мәзірінде майлы тағамдар қаншалықты аз болса соншалықты жақсы.
  • Барлық тағамдарды лажы барынша буға пісіріп, қайнатып, бұқтырып жеген дұрыс.
  • Жұмыртқа мен сырды аз жеген абзал.
  • Құрамында кофеині бар кофе мен шайды да аз-аздан ішуге әдеттеніңіз немесе мүлде ішуді доғарыңыз.
  • Сондай-ақ, қантты да аз қолданған дұрыс. Ал, алкогольді ішімдік сексуалды белсенділіктің төмендететін, зиянды сусындардың бірі.
  • Тағамды тұзсыз дайындаңыз немесе аздан тұтынуға дағдыланыңыз.
  • Кез келген сусынды тамақтанудан жарты сағат алдын және жарты сағаттан кейін ішкен жөн.
  • Йогурт, кефир, қымыз секілді қышқыл сүт өнімдері де өте пайдалы.
  • Рафинадталған өсімдік майлары мен ақ ұнды да мүлде қолдандаңыз.
  • Консервіленген, газдалған тәтті сусындар, тұзды жаңғақтар, шоколад пен балмұздақты, кондитерлік өнімдерді азайтқан дұрыс.


Сексуалды белсенділікті арттыратын диета

фото: mirbodrosti.com

  • Таңғы астан алдын балғын жемістер жейсіз.
  • Бірінші таңғы ас – майсыз сүтпен дайындалған сұлы ботқасы, балғын жемістер. Қара нан мен бір дана қайнатылған жұмыртқа, сүзбе жеуге болады. Шөп шай немесе кофеинсіз кофе ішкен де пайдалы.
  • Екінші таңғы астың алдында қызанақ шырынын немесе йогурт ішуге болады.
  • Екінші таңғы ас – ірі тартылған ұннан дайындалған нан, көкөністер мен жасымықтан қайнатылған сорпа, шикі көкөністер салаты, сүзбе, сыр, ет, балық, жеміс шырыны.
  • Түскі астан бұрын да жеңіл тіскебасар дайындайсыз. Бұл уақытта балғын жемістерді немесе жаңғақ, пісте жеуге болады.
  • Түскі ас – шикі көкөністерден балғын салат, қайнатылған ет, балық, тауық еті, піскен картоп, балғын жемістер.
  • Кешкі ас – балғын жемістер, майсыз сүт немесе қышқыл сүт өнімдерін ішіңіз.

Дайындаған Қ.Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз: Қарныңыз тез аша ма? Олай болса мына тағамдарды ас мәзірінен алып тастаңыз

Өмір бойы салмақ қосуға жол бермейтін диета