Таңертең ашқарынға ЖЫЛЫ СУ ішкендер ЖАСАРАДЫ

0
5 103

Диетологтар ҰСЫНАДЫ.


Таңертең ашқарынға ЖЫЛЫ СУ ішкендер ЖАСАРАДЫ

Сіздің таңыңыз қалай басталады? Бір шыны кофе ішесіз бе әлде 1 шыны шай ма? Бәлкім 1 стақан жылы су ішетін шығарсыз?!


Ашқарынға су ішу қытайлардың дәстүрлі іс-шарасы саналады екен. Қытайда ашқарынға ең алдымен ыстық су ішу міндетті. Тіпті, олар шайды жүрген жерлерінде термосқа құйып алып жүретін көрінеді. Сонымен қатар, кез-келген мейрамханасынан қайнаған су сұрап ішуге болады. Бұл олар үшін үйреншікті жағдай боп қалыптасқан. Қытайлардың түсінігінше 1 стақан жылы су ағзадағы зиянды шлактар мен токсиндерді шығарып, иммунитетті нығайтады, көңіл-күйді көтеріп, зат алмасуды жақсартады. Арықтауға көмектесіп, ісікті кетіреді. Бұдан бөлек, жасаруға да септігін тигізіп, ішек жұмысын қалыпқа келтіреді.


Неге ашқарынға жылы су ішу керек?


Адам ағзасының ішкі температурасы 38 градусты құрайды. Сол себепті де салқын немесе бөлме температурасындағы суды ішкенде асқорыту жүйесіне ауырлық түседі. Себебі ағза суды 38 градусқа дейін жылытуы керек. Бір сөзбен айтқанда жылы су – ағзаға өте пайдалы су саналады.

Адам ұйықтап жатқанда ағза барынша жұмыс істейді. Күнімен жиналған зиянды токсиндер мен шлактар ыдырай бастайды. Осылардың бәрін таңертең жылы сумен айдап шығу керек болады.

Таңертең ашқарынға ішкен жылы су – ішек-қарын аймағына жиналған шырышты жуады. Ішектің қабырғаларын тазалап, ондағы токсиндерді айдайды. Сосын ішек-қарын жүйесі іске қосылып, ары қарай жүре бастайды.


Иммунитетті нығайтады

Ішек – адам ағзасындағы иммунды мүшелердің бірі. Жылы су оның жұмысын жақсартып, үнемі тазартып отырады. Сонымен қатар, жылы суағзаға қажетті нәрлі заттарды тасымалдайтын лимфа жүйесінің жұмысын жылдамдатады. Мұның иммундық жүйе үшін пайдасы зор.


Көңіл-күйді көтереді

Расында да жылы су көңіл-күйді көтереді. Жылы су ағзадағы кейбір гормондардың түзілуіне септігін тигізеді екен. Әсіресе қуаныш гормоны саналатын эндорфин гормонын түзеді. Бас ауырып тұрғанда жылы су ішетін болсаңыз, ауырғаны басылып, көңіл-күйіңіз көтеріліп шыға келеді.


Зат алмасуды жақсартып, арықтауға көмектеседі

Диетологтар бұл болжамды растап отыр. Жылы су ішек-қарын арқылы өтіп, зат алмасу жүйесін 3 есеге арттырады екен. Осындай жылдамдықтың арқасында ағзадағы тіндер кислородпен қанығып, көбірек калория жоғалтатын болады. Сөйтіп сіз де арықтай бастайсыз. Тіпті, мұндайда ең проблемалы аумақтар: бел, бөксе, сандағы майлар да жиырылады.


Ісінуді басады

Жылы су ешбір қоспасыз-ақ несеп айдайтын қасиетке ие. Егер сіз күн сайын таңертең ашқарынға жылы су ішетін болсаңыз аз күнде-ақ, ісіктің басылғанын байқайтын боласыз. Оның үстіне жылы су бүйрекке тас жиналудың алдын алады.


Жасартады

Терінің құрғауы – оның қалпына келуге кері әсерін тигізеді. Сондықтан да әр күн сайын жылы су ішу жасаруға алып келеді. Сол себепті де суды 40 градусқа дейін қыздыруды әдетке айналдырыңыз.


Жылы суды кімдерге ішуге болмайды?

Асқазанында ойық жарасы барларға;

Гастритпен ауыратындарға мұндай суды ішпеген дұрыс. Оның орнына қайнаған, бөлме температурасындағы суды ішкен абзал.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Диетологтар: мына азық-түліктерді ас мәзіріне МІНДЕТТІ ТҮРДЕ қосу керек


Арқаңызды қатпарлы май басып, төстартқышыңыз көрінбей қалды ма?