​Тез АРЫҚТАУ үшін КӨК түсті ЫДЫСпен тамақтану керек

0
4 925

Бірнеше келі артық салмақтан арылу қолыңыздан келмей қойды ма? Ғалымдардың айтқан мына кеңестерін жасап көріңіз, бәлкім арықтар қатарына қосылып қаларсыз!


​Тез АРЫҚТАУ үшін КӨК түсті ЫДЫСпен тамақтану керек

Тағамды әрдайым көк түсті ыдыспен ішіңіз!

Психологтар дәлелдегендей, егер адам үнемі көк түсті ыдыспен тамақ ішетін болса, тәбеті төмендейді екен. Олардың пайымдауынша көк түсті тәрелкеде тағамдар тартымды көрінбейді. Соның әсерінен сіз тағамды азырақ жейтін боласыз.


Ақыл-ойыңыз бен физикалық белсенділігіңізді қатар дамытыңыз!

Флорида университетінде жүргізілген зерттеу нәтижесі осындай болған. Бұл тәжірибеге қатысқан жандар велотренажермен немесе жүгіртпе жолмен айналысып, сонымен қатар кітап оқыса, пайдалы фильмдер көрсе тағамның калориясын көбірек жойған екен. Қалай арықтаймын деп бас қатырып жүре бергенше, осы тәсілді пайдалансаңыз, арықтайтыныңызға күмәніңіз болмасын.


Сағат сайын арықтауға болады!



Салмағыңызды бір қалыпты ұстағыңыз келсе құнарлы әрі өзіңіз сүйіп жейтін тағамдарды түске дейін жеуге тырысыңыз. Испан ғалымдарының зерттеуіне сүйенер болсақ, олар 15:00-ге дейін жақсы тамақтанып алатындар тез салмақ тастап, сол салмақты бір қалыпты ұстап қала алады екен. Бұл зерттеуге 420 адам қатысып, олардың ішінде өз еркімен түске дейін негізгі тамақтарын жегендер 5 айда 3 келіден көп салмақ тастапты. Ал, кешкі асқа көбірек мән бергендер әрине сол қалпында қалады. Тіпті, семіріп кетуі де ғажап емес.


Мақсатты дұрыс қоя біліңіз!

Көбіне қыз-келіншектер өз-өздерін алдын ала жеңдіріп қояды. Мысалы, олар «Мен 1 айда 5 кг салмақ тастауға тиіспін» деп мақсат қояды. Дұрысы «1 айда 3 келі мен 5 келі аралығында салмақ тастауым керек» деу керек. Психологтардың айтуынша адамның миына минимум мен максимум арасында мақсат қойған жеңілірек болады. Мұндай тәсіл арқылы сіз өз-өзіңізге мотивация беріп, діттеген мақсатқа жетуге асығасыз. Сонда 1 айға жетпей 3 келі салмақ тастап қойған болсаңыз, ары қарай оңай болады деген ой келеді. Осылай сіз салмағыңызды тез азайта аласыз.


Көп жаттығу жасамаңыз!

Жаттығуды көп жасауға да болмайды. Тағы бір зерттеулерде 30 минут жаттығумен шұғылданған әйелдер, 1 сағат жаттығу жасағандарға қарағанда көбірек салмақ жоғалтқан. Бұл қалай болды дейсіз ғой. Нәтижесінде, адамға бір күнде 30 минуттық физикалық белсенділік зат алмасуды реттеуге, артық калорияны жоюға жеткілікті екен. Егер жаттығумен көбірек айналысып қоятын болсаңыз, тез қарныңыз ашады және де күннің қалған уақытын тек жатумен өткізесіз. Яғни, белсенділікті шамадан тыс арттыруға да болмайды.


Ащы қызыл бұрыш жеңіз!

Көбірек калория жоғалтып, аз тамақ жегенді қалайсыз ба? Олай болса, ащы қызыл бұрыш жеңіз. Оның құрамындағы капсаицин заты иммунитетті нығайтып, қарынның ашуына жол бермейді. Сол себепті де жейтін тағамыңызға қызыл бұрыш қосуды ұмытпаңыз.


Шагомер қосымшасын тартып алыңыз!


Ұялы телефондаы бұл қосымша шынында да көп әйелдердің салмақ тастауына көмектесіп келеді дейді ғалымдар. Күнделікті жүрген қадамдарын есептеп, белсенділікті арттыруға көмектесетін шагомер арқылы әйелдер 12 аптада 1-3 келіге дейін семіздіктен арылған екен. Ендеше сіз де осы тәсілді қолданып көріңіз. Телефоныңызға шагомер қосымшасын тартып алып, әрбір сөйлескен сайын бір орында тұрмай, ары-бері жүруге тырысыңыз. Бұл әрекет арқылы аз болса да арықтауға қадам жасаған боласыз.


Шоколад емес, конфет жеу керек!

Семіздіккке бейім жандар көбіне тәттіге құмар болады. Олар тәттісіз шай іше алмайды деуге болады. Сондықтан да диетологтар мұндай жандарға шоколад онына кішкентай көлемдегі конфеттерді алуға кеңес береді. Себебі әрбір конфетті ашқан сайын ойланасыз, тіпті, шоколадқа қарағанда азырақ тәтті жейсіз. Сонымен қатар, конфетті қорабынан немесе пакеттен алғаннан кейін керегін алыңыз да, қалғанын бірден шкафқа салып тастаңыз. Сонда көп конфет жемейтін боласыз.


Ашқарақтармен бір дастархан басында отырмаңыз!

Бір дастархан басында осындай жандармен бірге отырсаңыз, сіз де қалай көп жеп қойғаныңызды білмей қаласыз. Әсіресе әйелдер қауымы ергіш келеді. Сол себепті де тамақ ішерден бұрын өз-өзіңізді басуға тырысыңыз. Әтпесе салмақ қосып алуыңыз әбден мүмкін.


Таңертең 20 минут серуендеңіз!

Жақында ғана жасалған зерттеу нәтижесінде американдық ғалымдар таңертең 20 минут күн көзінде әрі таза ауада серуендеген жандардың семірмейтіндігін әрі қарындары оңайлықпен аша қоймайтындығын дәлелдеген. Егер фигураңыздың бұзылғанын немесе толып кеткіңіз келмесе таңертең серуендеуді әдетке айналдырыңыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Крахмалға бай КАРТОППЕН арықтауға болады - дәрігер


Қарбыз дәні ағзаны шлактан тазалайды


«БАҚЫТ ГОРМОНЫ» спортсыз да, диетасыз да арықтауға КӨМЕКТЕСЕДІ