АРТЫҚ САЛМАҚ пен ӘЛСІЗДІКТЕН терең тыныс алу арқылы арылуға болады

0
3 639

Бұл жаттығуды кез келген уақытта жасай аласыз.


АРТЫҚ САЛМАҚ пен ӘЛСІЗДІКТЕН терең тыныс алу арқылы арылуға болады

Адам ағзасы өздігінен, тоқтаусыз тыныс алғандықтан, біз оған аса қатты көңіл аудара бермейміз. Бірақ, жай тыныс алып қана қоймай, терең тыныс алуды әдетке айналдырсақ, өзімізге әлдеқайда көберек пайда тигізген болар едік. Терең тыныс алудың техникасын үйрену арқылы рухани әрі тәндік тұрғыда жақсы жаққа өзгеруге болады. Жаттығуды күнделікті қайталасаңыз көбірек күліп, көңіл күйіңіз көтеріңкі жүреді. Бойыңызда қуатыңыз артып, еңбекке құлшыныспен кірісе аласыз.

Терең әрі дұрыс тынысты ауызбен емес, мұрынмен алу керек. Сонымен қатар, тек өкпе мен кеуде ғана емес, ішіңізбен де тыныс алған маңызды. Егер сіз дәл осы әдісті меңгерсеңіз, күні бойы өзіңізді жақсы сезініп, күніңізді керемет өткізесіз. Ал ең бастысы, бұл жаттығуды кез келген жерде әрі кез келген уақытта жасай алуға болады.

Бар-жоғы 10 минутыңызды арнау арқылы ағзаңызға орасан зор пайда тигізесіз. Олай болса, уақытты босқа өткізбей, жаттығуды орындауға кірісіңіз!


Қалай тыныстау керек?

Бұл әдісті таңертеңгі уақытта да, ұйқығы жатар кезде де орындай беруге болады.


  • Тегіс жерге шалқаңыздан жатыңыз. Сіздің ойыңызды бөлетін қимыл-қозғалыстардан аулақ жер болғаны жөн. Шулы жерден алыстау кеткеніңіз дұрыс.
  • Кейін ішіңізге қолыңызды қойып, денеңізді бос ұстаңыз.
  • Мұрныңызбен барынша терең тыныс алыңыз. Сіз ішіңіздің үлкейіп, ал кеудеңіздің ауаға лық толғанын сезінуіңіз керек.
  • Дем алып жатқан уақытта беске дейін санаңыз.
  • Ал, содан соң деміңізді ішіңізде ұстап, үшке дейін санаңыз. Кейін аузыңызден деміңізді шығарыңыз. Кеудеңізді толықтай босатыңыз.
  • Кейін тағы да беске дейін санап, барлық бұлшықеттеріңізді босаңсытыңыз.
  • Дәл осы қимылды 5-10 минут көлемінде қайталаңыз.


Жаттығуды орындау барыснда іш көтеріліп, кейін төмен түсуі керек. Ішіңізге ауа толып және сол ауа қайтадан толықтай шығып кеткенін сезінсеңіз, демек жаттығудың дұрыс орындалғаны. Тыныштықты қаламасаңыз, баяу музыка ойнауына да болады.

Жаттығуды орындау есіңізден шығып кетпеуі үшін телефоныңызға "еске салу" қосымшасын қосып қойыңыз.

Егер сіз бұл жаттығуды жатып орындауға мүмкіндігіңіз болмаса, отырып та жасай аласыз.

Терең тыныс алудың қандай пайдасы бар?


1. Күйзеліс

Алаңдаушылық, күйзелу сынды жағымсыз жайттардан терең тыныс алу арқылы оңай құтылауға болады. Денемізге түскен күш пен миымыздағы мазасыздық жоғалады. Қорқыныш пен абыржудың да ең жақсы емі де - дәл осы жаттығу.


2. Денені уытсыздандыру

Өкпеміздегі уыттарды (токсин) жою үшін күнделікті алған тынысымыздың (терең емес) қауқары жетпейді. Ал бізге өкпемізді уыттардан күнделікті тазартып отыруымыз қажет. Себебі, уыттар өкпенің қабынуына, созылмалы шаршаушылық пен салмаққа да әсер етеді. Ал, егер терең тыныс алсаңыз, қаныңыз тазарып, ағзаңыз уытсыздана бастайды.


3. Өкпенің жұмысы жақсарады

Терең тыныс алу әдісін меңгере түскен сайын, өкпенің де қызметі жақсара түскені байқалады. Тыныс алумен байланысты бұлшықеттер нығайып, денеңіз көп мөлшерде оттегімен толығады.


4. Салмақ азайту

Тез арада салмақ тастағысы келетіндер де бұл тәсілдің қолданып көруіне әбден болады. Терең тыныс алу арқылы оттегі майлы молекулаларға тез жетіп, ыдыратып жібереді. Ол қан айналымды өзгертіп, салмақтың тез арылуға септігін тигізеді.


5. Керемет тынығу

Түнгі ұйқыңыз да тыныш болады. Жүйке жүйеңіз тынышталып, миды тынығуға "шақырады". Егер бұл жаттығуды ұйқығы жатардан алдын жасасаңыз, ұйқыңызда "мәселе" туындамайды.


6. Қан қысымын төмендету

Гипертония - күн сайын жүз адамға қойылатын диагноз. Қан қысымының артуы айтарлықтай қауіпті саналады. Бұдан құтылудың жолын да тыныс алудан табасыз.

Терең тыныс алу арқылы денені босаңсытып, бойымыздағы тұздардан құтыламыз. Ол тұздар күнделікті тұтынған тағамдармен келген.


7. Ауру

Денеңіздегі ауырсынуды да терең тыныс аумен бассаңыз болады. Жаттығуды орындау барысында "бақыт гормоны" деп аталатын эндорфиндер бөлінеді екен. Гормондар ауруды тоқтатады. Біз денемізді бақылау арқылы ауруды да бақылай алады екенбіз.


8. Бас айналу

Сіздің пойызда, кемеде немесе ұшақта саяхатау кезінде басыңыз жиі айнала ма? Олай болса, терең тыныс алу әдісін қолданып көріңіз. Бұл жүйке жүйесін күшейтетін табиғи тәсіл. Сол арқылы бас айналудың белгілерін жоғалады.


9. Асқорытуды жақсарту

Іштің кебуі, қатуы мен тағы басқа мәсілелер туындап жатса да осы жаттығу көмектеседі. Ол асқорытуды жақсартуды жолға қояды. Қан айналымы асқорыту жүйесіне жақсы жеткізіліп, тағам табиғи әрі нәтижелі түрде қорытылады. Асқорты жақсы болуы үшін күнделікті екі рет терең тыныс алған дұрыс.


10. Күш-қуат


Тыныс алу - ішкі күш-қуатты іске қосудың бірден-бір жолы. Қан айналымы жылдамдап, оттегі артып, күш-қуаттың еселенуіне септігін тигізеді. Егер сіз үнемі шаршаңқы күйде жүрсеңіз, терең тыныс алудың көмегіне жүгініңіз. Әп-сәтте көңіл-күйіңіз көтеріліп, бойыңыз қуатқа толады.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Теріс қарап жүгірудің пайдасын білесіз бе?


Жүрекке арналған жаттығулар: «Моторымызды» емдейтін 7 әдіс