Онлайн-марафон арқылы артық салмақтан арылуға болады дегенге сенесіз бе?
фото: yandex.net
Кейінгі кездері арықтауға қатысты онлайн-марафондар әлеуметтік желілерде кеңінен таралып кетті. Бұл марафондар шын мәнінде пайдалы ма? Біз онлайн-марафондардың оң және теріс жақтарын қарастыра отырып, қатысуға болатыны немесе болмайтыны туралы мәлімет ұсынамыз.
Онлайн марафонға қатысудың артықшылығы
фото: inetin-magaz.ruЕң бастысы жақсы диетолог/нутрициолог маманды таңдау керек. Егер ол біліксіз әрі қатысушыға ден қойып қарамайтын болса, арықтаудың орнына денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.
Сонымен, артық салмақтан арылуға қатысты бағдарламаға қатыса отырып, мынадай артықшылықтарды күтуге болады:
*Рационның жеке есебі. Әр адамның калория қажеттілігі әртүрлі. Сондықтан сізге тамақтануға байланысты жеке таңдау жасайтын марафондарды таңдаған абзал. Ал салмақ тастаудағы ең басты жағдай - калорияның төмен болуы. Адамдар арықтауға келгенде калорияны өз бетінше жылдам түсіріп есептеп, керісінше белсенділікті арттырады. Ал сауатты маман кез келген олқылықтың алдын алып, жазып берген кесте бойынша жүруге көмек береді.
*Жаттығулар бағдарламасын құру. Бұл барлық марафондарда бола бермейді. Дегенмен үй жағдайында болса да жаттығу жасау артықтық етпейді.
*Мотивация. Артық салмақтан арылуға келгенде ең керекті дүние - ынта. Әсіресе, сізде көп салмақ болса және онымен күресіп келе жатқаныңызға біршама уақыт болатын болса өзіңізді қамшылап отырған пайдалырақ. Сізбен бірге марафонға қатысып жатқан адамдардың жетістіктері сізге үлкен мотивация. Ал ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға сыйлықтар болса нұр үстіне нұр.
*Адамдармен араласу. Әдетте онлайн марафондарда ортақ чат құрылады. Сіз өз мәселеңізді ортаға салып, ондағы адамдармен араласа аласыз. Дегенмен барлық кеңесті бірдей қабылдай беру міндетті емес екенін де естен шығармаған жөн.
*Марафон ұйымдастырушыдан алынатын жауап. Көп жағдайда дұрыс тамақтануға, жаттығулардың орындалу реттілігіне қатысты сұрақтар туындап жатады. Сізге түсініксіз болып жатқан сұрақтарды қоюға еш қымсынбаңыз. Сіз үшін барлығының нақты әрі түсінікті болғаны дұрыс.
*Есеп беру. Есеп беру жүйесі әртүрлі болып жатады. Мысалы, марафонға қатысушылар әр апта сайын өзінің салмақ көлеміне байланысты есеп жіберуі мүмкін. Марафон ұйымдастырушысы үлгерімді бақылап, қажетті тамақтану жағдайын тағайындап отырады.
Кемшіліктері
фото: vk.comМұндай курстардың кемшін тұстары да бар:
*Ең басты кемшілік денсаулықпен байланысты. Өйткені кей жағдайда ең ауыр салмақтағы адамдар өзінде қандай аурулар бар екенін білмеуі де мүмкін. Ұзақ уақыт бойы калорияның жетіспеуі ұйықтап жатқан аурулардың көзін ашып жіберуі де ықтимал. Ал марафон өткізушілер қатысушыларға дәрігерден алдын-ала толыққанды тексерістен өту керектігін айта қоймайды. Осыған сәйкес қандай да бір арықтау марафонына қатыспас бұрын жалпы қан сараптамасын, биохимия тапсырудың артықшылығы жоқ. Тіпті терапевт-дәрігердің қаралуынан бір өтіп алсаңыз да жақсы. Кардиолог немесе гастроэнтерелог болса тіпті жақсы. Марафон кезінде денсаулығыңызда жағымсыз өзгерістер байқалса білікті диетологпен байланысқаныңыз дұрыс.
*Марафон құны өткізушісінің танымалдылығына, тәжірибесіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Өз бетінше салмақтан арылу жақсы, дегенмен оған білім жете ме, мәселе сонда.
Артық салмақтан арылуға кепілдік беріле ме?
фото: vk.comИнтернет арқылы артық салмақтан арылтуға кепілдік беру деген қисынға келмейді. Мұндай хабарламалар әдетте маркетингтің немесе тәжірибесіз диетологтың тәсілдері. Артық салмақтан арылу бірнеше факторлардан тұрады. Бастысы балансты жоғалтып алмау керек.
Марафоннан кейін бұрынғы салмаққа қайта оралу
Көптеген қатысушылар үшін бұл мәселе өте маңызды. Ол үшін диетологпен бірге калориясы төмен тағамдарды тұтынып бастаған марафон тәртібін өмір салтыңызға енгізу маңызды. Ал бұрынғы әдетке салып майлы, тәтті тағамдар жеу әрине қайтадан салмақ қосуға апарады. Сонымен қатар марафон барысында тым қатаң режимдегі диета ұстау да кері әсерін тигізеді. Сондықтан:
- 15-20 % нормадан көп калория жоғалтатын марафондардан аулақ болыңыз;
- Төмен көмірсу, төменгі мөлшерде белок, тәтті ұсынатын марафондар да тиімсіз. Диета ұстай жүріп те аз-аздан мұндай тағамдарды тұтынуға болады. Әйтпесе гормондарда өзгерістер орын алуы мүмкін.
- Онлайн марафондарға қатысу үшін ең алдымен білікті диетолог маманды таңдау керек.
- Өз ағзаңызды алдын-ала тексерістен өткізіп алыңыз.
- Дұрыс тамақтану әдетін марафоннан кейін де жалғастырыңыз.
- Марафон кезінде бастаған физикалық жаттығуларды да одан кейін тұрақты түрде алып жүріңіз.
Дереккөз: cross.expert
Н.НАЛТАЙ,
Тағы оқыңыз:
ЖҰПТЫҚ жаттығу ЕКІ есе НӘТИЖЕЛІ әрі ПАЙДАЛЫ
ЖҮРЕГІҢІЗ АТТАЙ ТУЛАЙДЫ: Шымкенттегі пайдалы әрі көңілді демалыс орындары