​Бетті де арықтатуға болады

0
31 575

«Адамның беті – ішкі жан-дүниесінің айнасы» - дейді. Кез келген адамның ұйқысы қанбағанын, көңіл-күйінің түскенін немесе көтеріңкі екенін оның бет-жүзіне қарап-ақ білуге болады. іпті, кейбір қыз-келіншектерде толықтықтың әсерінен екінші иек пайда болып, әдемі ажарын көлеңкелеп тастайды. Мұндай жағдайда әрине, бетке арналған жаттығуларды жасаған дұрыс.


​Бетті де арықтатуға болады

Адамның беті – ішкі жан-дүниесінің айнасы» - дейді. Кез келген адамның ұйқысы қанбағанын, көңіл-күйінің түскенін немесе көтеріңкі екенін оның бет-жүзіне қарап-ақ білуге болады. Өйткені біз оны ештеңемен жасыра алмаймыз. Сонымен қатар, қатты ұйықтағаннан көздің ісініп кететіні рас. Тіпті, кейбір қыз-келіншектерде толықтықтың әсерінен екінші иек пайда болып, әдемі ажарын көлеңкелеп тастайды. Мұндай жағдайда әрине, бетке арналған жаттығуларды жасаған дұрыс.

Жаттығулармен қатар, кейбір қарапайым шарттарды орындаған да артықтық етпейді.

Беттің арықтағанын қаласаңыз, біртіндеп дене салмағын азайтуға да тура келеді. Егер дұрыс тамақтануды қолға алмайтын болсаңыз, жасаған әрекетіңізден ешбір нәтиже болмауы мүмкін. Ендеше жаттығуды бастайық!

фото: vianka.ru

Ең алдымен айнаның алдына келіп жайғасыңыз.

1-жаттығу: астыңғы ерінді мұрынға жеткізуге тырысыңыз. Жаттығу барысында иекті көтеруге болады.

2-жаттығу: ауызды барынша ашып, тіліңізбен ерінді айналдырып шығасыз.

3-жаттығу: астыңғы ерінді қолдың көмегінсіp орауға тырысыңыз.

4-жаттығу: ұртқа ауаны толтырып біраз ұстайсыз да, артынша ауаны шығарып, ұртыңызды ішке қарай кіргізесіз. Содан соң жаттығуды әрбір ұртқа кезек-кезек жасау керек.

5-жаттығу: ұнді бетті барынша төмен салбыратыңыз. Сосын қайтадан көтеруге тырысасыз.

6-жаттығу: астыңғы жақты оңға-солға қарай барынша жылжытуыңыз керек.

фото: fb.ru

7-жаттығу: содан кейін ерінді бізтұмсық секілді барынша алға қарай созыңыз.

Осы жаттығулармен қатар, бетке арнайы массаж жасайтын болсаңыз, екі аптада-ақ айтарлықтай нәтижені байқауға болады. Саусақ ұштарымен бетті ұрғылай массаж жасайсыз.

Жоғарыда келтірілген жаттығуларды жасағаннан кейін бет бұлшықеттерінің тонусы көтеріліп, пішіні де өзгере бастайды. Беттегі артық майлар жиырылып, ажарлана түсесіз.

Бетіңіздің айтарлықтай арықтағанын қалайтын болсаңыз, төмендегі бірнеше кеңестерді де орындағаныңыз дұрыс:

  • Дұрыс тамақтануды қолға алу;
  • Сырт келбетке мән бер керек (Бүкірейіп жүрудің әсерінен қанайналым нашарлап, бетте ісік пайда болуы мүмкін. Сондықтан да денені тіс ұстауға дағдыланыңыз);
  • Жұмсақ әрі биік жастық жастанатын болсаңыз, оның орнына тығыздау және биік емес жастықтарды пайдаланыңыз (Мұндай әрекет арқылы екінші иектің пайда болуына жол бермейсіз);
  • Бет пен мойын бұлшықеттеріне арналған жаттығуларды күн сайын жасауды әдетке айналдырыңыз.
  • Осылай әрекет еткенде ғана әрбір әйел өзі қалағандай бет-әлпетті жасай алады. Ендеше, әдемі болуды бүгіннен бастаңыздар!

Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ