​Бір аяқпен тұру – көп аурудың алдын алады

0
5 479

Күніне екі рет қайталаңыз.


​Бір аяқпен тұру – көп аурудың алдын алады

фото: inteq-bau.ru

Халықта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар. Ал ауырмаудың жолы – салауатты өмір салты. Яғни, зиянды әдеттерден аулақ болу, дұрыс тамақтану, позитивті ойлау және спортпен шұғылдану.

Осы орайда спорт түрін іздеп, күнделікті оған уақыт бөлуді қиын көретіндер бар. Қиналмаңыз, қиындатпаңыз.

Күнделікті 10-15 минут кез келген дене жаттығуын жасауды дағдыға айналдырсаңыз жетеді. Немесе бір орында тұрып-ақ бүкіл ағзаның саулығын нығайтатын йогалық қалыптарды таңдасаңыз да болады.

Мысалы, біз «Алтын әтеш» деп аталатын йога жаттығуын ұсынамыз. Оңай әрі барлық жастағыларға және кез келген жерде орындауға болады.



Орындалу техникасы

  • Тік тұрыңыз.
  • Екі алақанды біріктіріп, кеуде тұсында ұстаңыз. Немесе қолдарды екі жаққа созып тік ұстауға да, белге қоюға да болады. Өйткені бұл жерде қолдың қалпы маңызды емес.
  • Көзіңізді жұмыңыз.
  • Оң аяқты еденнен көтеріп, табанды сол аяқ тізесіне жақын тұсқа тіреп қойыңыз. Егер бұған мүмкіндігіңіз болмаса табанды тізеге, я болмаса балтырға қойсаңыз да бола береді. Немесе алға созып ұстасаңыз да жарайды. Бастысы, ол еденге тимеуі керек. Ал жаттығу ережесі – бір аяқпен тұру (ешнәрсеге сүйкенбей, тепе-теңдікті ұстап).
  • Осы қалыпта 30 секунд тұрасыз.
  • Аяқты төмен түсіріп, еденге қойыңыз.
  • Көзді ашып, бірер минут демалыңыз.
  • Сол аяқты көтеріп, санға, тізеге немесе балтырға тіреңіз.
  • 30 секундтан соң бастапқы қалыпқа оралыңыз.
  • Бірінші рет орындағанда 30 секунд жеткілікті. Кейін әр аяқпен 1 минут тұрып үйренген абзал.


Алғашқыда бір аяқпен қанша уақыт тұра аласыз, сонша уақыт тұрып жаттығуға, яғни үйренуге болады. Кейін жаттығу ережесі бойынша 30 секунд, 1 минут тұрасыз.

Сондай-ақ бастапқыда қолды өзіңізге ыңғайлы қалыпта ұстап, кейін бірнеше рет қайталаған соң алақандарды біріктіріп ережеге сай ұстайсыз.

Нәтиже 2-3 аптадан соң байқалады. Жаттығуды күнде екі рет орындаған дұрыс.



Терапевтік әсері

  • иммунитет көтеріледі;
  • тепе-теңдікті ұстау жақсарады, яғни жүріс-тұрыс жақсарады;
  • мидың биоэлектрлік белсенділігі артады;
  • бас ауруы жоғалады;
  • әлсіздік, жиі шаршағыштық синдромы жойылады;
  • сергектік артады;
  • ұйқы тыныш, тәтті болады;
  • стресске төзімділік артады;
  • мазасыздық азаяды;
  • көңіл-күй жақсарады;
  • психоэмоционалды тепе теңдікті қалпына келтіреді;
  • өзіне деген сенімділік артады;
  • асқазан жұмысы артады;
  • ағзаның маңызды төрт (жүйке, ас қорыту, жүрек-қан тамыр және эндокриндік) жүйесінің қызметі реттеледі;
  • көздің көруі, құлақтың естуі жақсарады;
  • қалқанша безінің бұзылыстары емделеді;
  • созылмалы аурулардың емделуін жылдамдатады;
  • физикалық және психикалық күйді жақсартады;

Бұл жаттығу ми қызметіне тікелей әсер етеді. Ал аурудың қай-қайсысы да адамның миынан (ойынан т.б.) басталады. Мидағы бұзылыстардың реттелуімен көп аурудан құтыласыз және алдын аласыз.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Қынап бұлшықетін шынықтырудың оңай әдісі

Геморрой да жаттығумен емделеді