Қарындағы майды ТЕЗ КЕТІРЕТІН 6 жаттығу

0
6 888

Сіз ойлағаннан да жылдам кетіреді...


Қарындағы майды ТЕЗ КЕТІРЕТІН 6 жаттығу

Мүсінінің мінсіз болғанын қалайтындардың "жанды жері" - қарындағы май. Көркіне мін, сымбатына сын түсіргісі келмейтін бойжеткендер диетаға отырып, түрлі амалдар жасап жатады. Бірақ тек диетамен майдан құтыламын деу бос әурешілдік. Ол үшін міндетті түрде жаттығулар жасап және іштегі бұлшықеттерді шынықтыру керек. Осылай ғана мақсатқа тез жетуге болады. Егер бас аяғы бір айдың ішінде іштегі майдан арылғыңыз келсе төмендегі қарапайым жаттығуларды жасауға кірісіңіз.



Ішке май жиналу сыртқы сымбатыңызды бұзып қана қоймай, ағзаңыздың көптеген ауруларға шалдығуына да себеп болады. Сондықтан да іштегі майдан дер кезінде құтылуға тырысыңыз. Жаттығумен бірге дұрыс тамақтануды да үйренгеніңіз жөн.


1. "Велосипед"
Аты айтып тұрғандай, бұл жаттығуды бейне бір "Велосипедті" тепкендей жасайсыз. Қол мен аяқты қатар қимылдату арқылы денені бекітіп, аяқ бұлшықеттерін қатайтасыз.

2. Оңға-солға бұралу

Жерге отырып, аяғыңызды көтеріңіз де, тізеңізді аздап бүгіп түзу ұстаңыз. Денеңізді шалқайтып, қолдарыңызды кеудеге қойып, оңға-солға бұралыңыз. Арқаны түзу ұстауды ұмытпаңыз. Осылай бір минут бойы қайталау керек. Егер ауырлықты сезінсеңіз, аяқтарыңызды жерге түсіріңіз.

3. Диванда отырып жаттығу жасау

Диванда немесе орындықта отырып, екі тізеңізді жоғары қарай бірнеше секунд көтеріңіз. Тізені барынша ішіңізге қарай тартыңы.


4. Бүйірмен бұралу

Бір бүйіріңізбен жерден көтеріліп, шынтақты тізеңізге дейін жеткізіңіз. Бұл іш пен белдің бұлшықеттеріне жақсы әсер етеді.

5. "Көбелек" жаттығуы
Бұл жаттығуды дұрыс орындасаңыз іштің пішінін бірқалыпты сақтайсыз.

6. Планка
Планка - бүкіл денеге оң әсер беретін маңызды жаттығу. Денеңізді түзу ұстап 20-60 секунд тұруға тырысыңыз.

Фото: greatpicture.ru

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


САЛБЫРАҒАН қарыннан ТЕЗ АРАДА құтылудың ЕҢ ДҰРЫС әдістері


ЖӨТЕЛден біржола АЙЫҚТЫРАТЫН жаттығу бар