​Қынап бұлшықетін шынықтырудың оңай әдісі

0
5 362

Көп аурудың алдын алады.


​Қынап бұлшықетін шынықтырудың оңай әдісі

фото: sirtobacco.ru

Әйелдердегі қынап қабырғасының салбырауы, кеңеюі, сәл күшенсе, күлсе зәр жіберіп қою сияқты кеселдерге жыныс бұлшықетінің әлсіздігі себеп. Көбінесе жыныс бұлшықеті көп бала туған әйелдерде және жас ұлғайғанда босайды.

Бұлшықетті шынықтыру арқылы аталмыш ауруларды «емдеуге» болады дейді фитнес тренерлер. Бұл орайда түрлі жаттығу бар. Соның ішінде жылдам әсер ететінін назарларыңызға ұсынамыз. Жаттығу пластикалық бөтелке көмегімен орындалады.



Орындалуы

Жаттығу пластикалық бөтелкені аяқтың үш тұсында ұстап, қысу арқылы орындалады.

1) 2 литрлік пластикалық бөтелке (баклажка) ішіне су толтырып, қақпағын нықтап бұрап жабыңыз.

2) Тік тұрыңыз. Аяқтарды бір-біріне тигізіп, жақын ұстаңыз.

3) Бөтелкені екі сан ортасына, ең жоғары тұсына апарып қойыңыз.

4) Бөтелкені бар күшіңізбен (санмен) қатты қысыңыз. Тізе бос, ал сан, жамбас, жыныс бұлшықеттері жиырылуы керек. Сан, жыныс мүшелері, бөксе, бел, қарын бұлшықеттері жоғары қарай көтеріліп жиырылғанын сезініңіз.

5) Бұлшықеттермен бірге жамбас сүйегі жоғары көтерілгенін 10-15 секунд осы қалыпта тұрып, бұлшықеттерді босаңсытыңыз. (Жаттығуды 3-4 рет қайталаңыз)

6) Пластикалық бөтелкені сәл төмен түсіріп, қысып ұстаңыз. Бірден белден төменгі барлық бұлшықетті жиырып, қысасыз. 10-15 секунд осы қалыпты сақтайсыз. Босаңсытыңыз. (Жаттығуды 3-4 рет қайталаңыз)

7) Бөтелкені екі тізе ортасына апарып қойыңыз. Бөтелкені емес бұл жолы сандарды бір-біріне жақындата ұстап, жамбас бұлшықеттерін жоғары көтеріп жиырып қсыңыз. 10-15 секундтан соң босаңсытыңыз. (Жаттығуды 3-4 рет қайталаңыз)

Күнде орындауды ұмытпаңыз. Жаттығуды ыдыс жуып тұрып, киім үтіктеп жатқанда да орындай аласыз. Күніне бірнеше рет қайталауға болады.



Есте ұстаңыз:

  • бұлшықеттерді асықпай жиыруға болмайды. Бұлшықеттерді жылдам, бірден жиырып, екі санмен бөтелкені барынша қысасыз. Сосын асықпай босаңсытасыз.
  • жаттығу барысында (сан, жыныс мүше бұлшықеттерін қысып, жиыру кезінде) тізе мен балтырларды мейлінше бос ұстап үйреніңіз.



Терапевтік әсері

- әйел жыныс ауруларының жеңіл түрлерін емдейді;

- жыныс ауруларының алдын алады;

- сан, бөксе бұлшықетін жиырады;

- жамбастағы ауырсынуларды басады;

- сандағы, қарындағы май қабатын ыдыратады;

- целлюлитті кетіреді.

- тізенің әдемі рельефін қалыптастырады.

- бір орында ұзақ отырғаннан болатын ауырсынуларды жояды;

- әйелдік қуатты арттырады.

Дайындаған: Табиғат Қалыбек,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

ЖҮРЕК АЙНЫҒАНДА осы жаттығуды жасасаңыз САП ТЫЙЫЛАДЫ

Ақ шашты қарайтатын 2 жаттығу