Ол үшін ЕКІ ҚИМЫЛДЫ жасап көріңіз.
Фото: cuencahighlife.com
Жақында Бразилия ғалымдары қызықты тест ойлап тапты. Бұл тестің көмегімен адамдар медициналық талдаулардан өтпей және арнайы мамандарға тексерілмей-ақ, ағзасының жай-күйін дәл анықтай алады.
Қарапайым тәсілмен жасалатын тестке арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Кез келген жерде әрі қалаған уақытта жасап көре аласыз. Бар-жоға 2 секунд уақыт болса жеткілікті. Егер мүмкін болса, дәл қазір жасап көріңіз.
Ғалымдар жасаған тест "Отыру-тұру" (sitting-rising test) деп аталады және бір жаттығудан тұрады. Тестен "сәтті" өту үшін тепе-теңдікті сақтау қажет. Соныме бірге, созылған әрі күшті бұлшықеттер және буындарыңыздың иіліуге икемді болуы маңызды. Ал артық салмақ болмаса тіпті керемет.
"Отыру-тұру" тестін қалай орындайды?
Алдымен ыңғайлы орын таңдап алыңыз. Қабырғаға жақын жерде емес, бөлменің ортасында тұрған дұрыс. Кейін қолдарыңызды алға созыңыз, аяқтарыңызды айқастырып, еденге баяу отырыңыз. Қолыңызбен еденді тіреуге немесе тізені ұстауға болмайды. Жерге жай сылқ етіп отырмай, баяу, бірқалыпты отыруға тырысыңыз.
Егер еденге және денеңізге қолыңызды тіремей отырған болсаңыз, сізді құттықтауға болады. Сіз тестен "сәтті" өттіңіз. Енді аяқтарыңызды айқастырған қалыпта біраз уақыт отырыңыз. Кейін қолыңыздың көмегінсіз ақырын орныңыздан тұруға тырысыңыз.
Нәтижені қалай есептейді?
Ең жоғары ұпай - 10 балл. Егер қолыңызды тіреп отырсаңыз немесе тұрсаңыз, әрбір тірек үшін 2 балл шегеріледі. Жеңіл қиындықтар үшін 1 балл (мысалы, тепе-теңдікті жоғалту), отырғанда немесе тұрғанда қиындық туындаса 2 балл алынады.
Сіздің тәтижеңіз қандай?
С4: (8-10 балл)
Бұл - өте жоғары нәтиже. Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз және денеңіздің жай-күйі керемет. Денсаулығыңызда кінәрат жоқ.
С3: (6-7 балл)
Орташа нәтиже. Денсаулығыңызға қауіп жоқ. Дегенмен қатер жоқ екен деп алаңсыз отыруға да болмайды. Күнделікті жаттығу жасауға кеңес береміз.
С2: (3-5 балл)
Бұл - сізге берілген ескерту. Денсаулығыңызда мәселе туындауы мүмкін. Жоғарыдағы екеуіне қарағанда сіздің ағзаңыздың ауруға шалдығу қаупі 2 есе жоғары.
С1: (0-2 балл)
Өте төмен нәтиже. 10 балл жинаған адамға қарағанда сіздің ағзаңыздың ауруға шалдығу қаупі 5 есе жоғары.
Ұзақ өмір сүрудің тәжірибе жүзіндегі алғашқы тест сынағына 51 мен 80 жас аралығындағы 2000 адам қатысқан. Тестің нәтижесі European Journal of Preventive Cardiology медициналық журналында жарияланды.
2000 адам қатысқан тест нәтижесі мынадай: зерттеуден кейін 6 жыл ішінде 3 балл жинағандардың өлімі 8 балл (кем дегенде) жинаған адамдарға қарағанда 5 есе көп болған.
Төмен нәтиже: НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Сіздің нәтижеңіз төмен бе? Олай болса, уақыт оздырмай спортпен айналысыңыз. Қарапайым қағида: денеңізді шынықтырсаңыз әрі белсенді болсаңыз, ұзақ өмір
сүресіз. Ал тест сіздің денеңіздің қаншалықты шыныққанын бақылауға көмектеседі.
Сондай-ақ, нәтижеңіздің төмендігін көріп, қамықпаңыз. Егер отыра алмасаңыз және тұру қиын болса, бұл алдағы 6 жылда сіздің денсаулығыңыз нашарлайтынын көрсетпейді. Тесті "денсаулығыңызды нығайту керек" деген ескерту ретінде қабылдаңыз.
Денсаулықтың жай-күйін бағалау барлық адамға қызықты болары анық. Алғашқы екі санаттағы адамдарға алаңдайтындай дәнеңе жоқ. Бірақ егер сіз төменгі екі топтың бірінде болсаңыз, денсаулығыңызды күшейту туралы шындап ойланғаныңыз жөн.
Дереккөз: adme.ru
Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,
Тағы да оқыңыз:
БҰЛ жаттығу БЕТ пішінін БІР айда өзгертеді
ОМЫРТҚА ЖАРЫҒЫ барларға жасауға БОЛМАЙТЫН 5 жаттығу