​Неге біз тойда ғана билейміз?

0
5 288

«Би – көңіл күйді көтереді» - дегенді жиі еститін боларсыз. Мұның дәлелі - той-томалақтағы билеп жүрген сәтіңіз. Егер сондай сәттерді еске алар болсаңыз, өзіңіздің қаншалықты көңілді жүргеніңізді, энергияның бәрін қайдан алып жатқаныңызды бағамдай беріңіз. Мұндай рахат сезімді, көтеріңкі көңіл күйді сіз әрине биден аласыз. Би билеген адамның ағзасы эндорфин гормонын көбірек бөліп, жанын жадырата түседі екен. Алайда біз неге тойларда ғана билейміз?


​Неге біз тойда ғана билейміз?

фото: 4dancing.ru

«Би – көңіл күйді көтереді» - дегенді жиі еститін боларсыз. Мұның дәлелі - той-томалақтағы билеп жүрген сәтіңіз. Егер сондай сәттерді еске алар болсаңыз, өзіңіздің қаншалықты көңілді жүргеніңізді, энергияның бәрін қайдан алып жатқаныңызды бағамдай беріңіз. Мұндай рахат сезімді, көтеріңкі көңіл күйді сіз әрине биден аласыз. Би билеген адамның ағзасы эндорфин гормонын көбірек бөліп, жанын жадырата түседі екен. Алайда біз неге тойларда ғана билейміз?

фото: i.ytimg.com

Күнделікті үй жағдайында да түрлі әуендерді қосып, өміріңізді қызықты етіп, денсаулығыңызды нығайтуға болады. Осы орайда біз бидің денсаулыққа пайдасын айта кетейік. Сонда бәлкім, сіз құлағыңызға жағымды әуен естілгеннен билей жөнелетін боларсыз.

Ешбір медицина қызметкері бидің денсаулыққа пайдалы екеніне күмән келтірмейді. Тіпті, қазіргі кезде битерапиясы да бар. Мұндай билер тек сіздің физикалық саулығыңызды ғана арттырып қоймай, барлық жағдайыңызға әсер етеді.

  • Жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы жақсарады.
  • Әйелдерде кездесетін гинекологиялық мәселелердің алдын алуға әрі жоюға септігі мол. Әсіресе шығыс билерінің пайдасы көп деп айтуға болады. Сондықтан да осындай мәселелері бар қыз-келіншектерге ішке арналған арнайы биді билеуге кеңес береміз. Мәселен, «танец живота» ішектерге айтарлықтай әсер етіп, массаж болатындықтан, оның жұмысы жақсара бастайды.
  • Тыныс алу жолдарына да жағымды әсері бар. Бимен күнделікті айналысатын адамдар сирек тұмауратады. Өйткені олар би билеу арқылы көптеген аурулардың бетін қайтарады. Суық тиіп ауырып жатып қалмайды. Сондықтан да би билеуді кейінге қалдырмаған дұрыс. Алайда созылмалы бронхитпен ауыратындарға бидің жеңіл түрімен айналысқан жөн.
  • Би – сіздің мүсініңізді тартымды етеді. Арқа омыртқаларын қалыпқа келтіріп, иықты түзу ұстауға үйретеді. Мұны бишілердің сырт келбетінен-ақ аңғаруға болады. Омыртқаның қалыпқа келуі бүкіл ішкі ағзалар жұмысын жақсартып, адамның саулығын арттыра түседі екен.
  • Мүсініңіздің сымдай тартылғанын қаласаңыз да, би билеген өте пайдалы. Себебі мұндай әдемі бейненің барлығын би жасайды.
  • Өз-өзіңізге деген сеніміңіз артады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, бимен шұғылдану арқылы сырт келбетті тартымды етіп, денсаулықты нығайтып, көңіл-күйіңізді көтересіз. Міне, мұның барлығы адамның сенімділігін арттырып, өзін бағалауға үйретеді. Сондай-ақ, үнемі жігерлі, қайратты болып жүресіз. Сіздің санаңызда шаршау деген ұғым болмайды.

Белсенді қимыл-қозғалыс жүрек бұлшықеттерін нығайтып, қанайналымын күшейте түседі. Сонымен қатар, билеген уақытта майда қан тамырларының да айналымы жақсарып, ұйыған қан болса жойылады екен. Мамандардың айтуынша би билеу қан тамырларына да айтарлықтай жаттығу дейді. Мәселен, тамырлардың жиырылып, созылуы қан қысымының реттелуіне көмектеседі.

Фитнестің ең пайдалы әрі көңілді түріне жататын би өнерінің кереметтей қасиеттерін алға тарттық. Би билеу қашанда артықтық етпейді. Ал, бидің қай түрімен айналысатыныңызды, қай түрінің пайдалы екенін білу өте маңызды.

Үй жағдайында айналысатын болсаңыз, мына билер сізге жақсы көмекші бола алады.

Степ- би – ең танымал әрі көп тараған би түрі. Бұл биді билеу арқылы сіз тепе-теңдікті сақтауды үйренесіз. Сонымен қатар, жүрек пен буындар шыныға бастайды.

Латынамерикандық билер – көп қимылдағанды ұнататын, белсенді жандарға арналған. Ча-ча-ча, румба, танго, джайв секілді билер әсіресе қыз-келіншектердің жүрісін орнықты етіп, салмақ тастауға, целлюлиттің азаюына ықпал етеді.

Хип-хоп – ішкі жан-дүниеңізді емдеп, көңіл-күйіңізді барынша көтереді. Хип-хоппен айналысу кез келген фитнеспен, би аэробикасымен шұғылданғанмен пара-пар.

суреттер: ашық дереккөзден

Билеу үшін не қажет?

Үй жағдайында билейтін болсаңыз, сізге ештеңе кедергі келтірмеуі керек. Бөлме өте жарық әрі кең болғаны дұрыс. Сонымен қатар, кейбір қателіктеріңізді, дұрыс жасамаған қимылдарыңызды анық көрсетіп тұратын үлкен көлемдегі айнаңыз болса тіптен жақсы.

Би билеуге балаларыңыз да, басқа отбасы мүшелерінің де қатыспағаны абзал. Сіз өз биіңіз арқылы, әуеннің әрбір ырғағынан лаззат алуыңыз керек. Сондықтан да жолдасыңыз жұмыста, ұл-қыздарыңыз өз бөлмесінде болса, еркін қимылдауға мүмкіндік туады. Жан-дүниеңізді рахатқа бөлеп, барлық мәселелерді ұмытуға тырысыңыз.

Би кезінде денеге қонымды киім кигеніңіз ыңғайы болмақ. Сонымен бірге музыканы да жақсы таңдай біліңіз. Кей жағдайларда жұмыстан қатты шаршап, мазаңыздың болмауы мүмкін. Міне, осындайда бойыңызды сергітетін, жағымды әуен қойсаңыз, билей жөнелетініңіз анық. Ендеше, би билейік, достар!

Құрманкүл Өмірзаққызы

ERNUR.KZ