Салмақ тастау үшін алдымен жеген асыңыз тез сіңуі қажет. Бірақ... қалай?

0
4 893

Барлық адам бірдей асты көп ішкеннен семіздікке бой алдыра бермейді. Мұның басқа да себептері болуы мүмкін. Көбіне физикалық белсенділіктің аздығынан, артық салмақ қосып жатады. Дегенмен, кейде қомағайланып, тәтті тағамды көргенде тәбетімізді тыя алмай қалатын кездер болады. Міне, осындайда тағамды тез сіңіру мақсатында да жасалатын жаттығулар бар.


Салмақ тастау үшін алдымен жеген асыңыз тез сіңуі қажет. Бірақ... қалай?

фото: peoples-free.com

Барлық адам бірдей асты көп ішкеннен семіздікке бой алдыра бермейді. Мұның басқа да себептері болуы мүмкін. Көбіне физикалық белсенділіктің аздығынан, артық салмақ қосып жатады. Дегенмен, кейде қомағайланып, тәтті тағамды көргенде тәбетімізді тыя алмай қалатын кездер болады. Міне, осындайда тағамды тез сіңіру мақсатында да жасалатын жаттығулар бар екен. Егер ішкен-жегеніңізді аз уақыттың ішінде жойғыңыз келсе мынадай әрекеттерге көшіңіз. Төменде берілген жаттығулардың қолыңыздан келетінін таңдап алып, сол түрімен айналыса аласыз.

1.Аквааэробика

Көктем мезгілінен соң жадырап жаз келеді. Яғни, осы уақытты пайдаланып, аквааэробикамен айналыссаңыз болады. Үйіңізге жақын маңдағы шомылатын су айдынына барыңыз немесе арнайы бассейндерге жазылсаңыз жрайды. Өзіңіздің шамаңыз келмейтін қиын жаттығуларды жасаудың қажеті жоқ. Бар болғаны суға түсіп, ағысқа қарсы жүзіңіз, дене қимылдарын жасаңыз, әйтеуір су ішінде қимылсыз тұрмауыңыз керек. Сонымен қатар, суда шомылған уақытта бір орында жүріп, жүгіріп, секіріп және аяқ-қолды қимылдатып жаттықсаңыз болады.

Пайдасы: целлюлитсіз тегіс тері, энергия.

Немен алмастыруға болады? – Су ішінде жаттығу жасағыңыз келмесе жүзумен айналыссаңыз болады.

2.Би

Билеген кезде адам 1,5 сағатта 500 ккал жоғалтады екен. Бірақ та билеу барысында сіз қалай қимылдайсыз астың қорытылуы соған байланысты. Мәселен, жай қимылмен 30 минут билейтін болсаңыз, оның пайдасы аз. Ал, керісінше жарты сағат бойы дене мүшеңіздің барлығын іске қосып, билейтін болсаңыз, әжептеуір ккалория шығаруға мүмкіндік бар.

Пайдасы: Көтеріңкі көңіл-күй, энергия.

Немен алмастыруға болады? – Үй жағдайында немесе клубтарда билеу. Кез келген әуенді қосып, қалағаныңызша билеңіз.

3.Атпен серуендеу

Аттың үстінде қимылсыз отырып та тағамды тез сіңіруге болады дейді мамандар. Астыңызға мінген атыңыз жай қимылмен кетіп бара жатса да сіз 2 сағат ішінде 500 ккал жоғалтасыз. Ал, атқа күнделікті мініп жүрген тәжірибелі атбегілер орташа жүрумен энергияны 1,5 есе көп жұмсайды.

Пайдасы: Жануарлардың температурасы адамдікіне қарағанда бірнеше градус жоғары болатындықтан, сіз аттың үстінде отырып, жылы бұлау қабылдағандай боласыз. Сонымен қатар, бойыңызды тік ұстауды үйренесіз.

Немен алмастыруға болады? – Аулаға шығып балаңызбен қуаласып ойнаңыз немесе итпен жүгіріп ойнауға болады.

4.Степ-аэробика

Степ-аэробика – би мен жаттығуды ұштастыру болып табылады. Егер сіз бұрын-соңды фитнестің бұл түрімен айналысып көрмеген болсаңыз, онда бастауыңызға болады. Ғаламтордан степ-аэробика жаттығуларын тауып алып, күнделікті шұғылданған өте пайдалы.

Пайдасы: Степ-аэробикамен айналысқан адамның тыныс алу, жүрек-қан тамыр жүйелері және жүйке жүйесінің жұмыстары нығая түседі. Сондай-ақ, артериалды қан қысымы қалыпқа келіп, денсаулығыңыздың біршама жақсарғанын сезіне бастайсыз.

Ал, артрит пен остеопороз кезінде степ-аэробикамен айналысу міндетті. Өйткені бұл аурулар қимыл-қозғалыстың аздығынан туындайтынын ұмытпаңыздар.

Степ-аэробика қимылдары жамбас пен сан бұлшықеттеріне айтарлықтай әсер етеді. Артық салмақтан арылып, сымбатыңыздың мінсіз болғанын қаласаңыз да, степ-аэробика жаттығуларын жасауды ұсынамыз.

Немен алмастыруға болады? – Баспалдақпен көтерілу. Фитнес орталықтарына баруға уақыт жеткізе алмасаңыз, күнделікті баспалдақпен көтерілуді әдетке айналдырыңыз. Жай көтеріліп қана қоймай, секіріп мініп-түсу де керек.

5.Боулинг ойнау.

Боулинг ойнау арқылы да тамақты тез сіңіруге болады екен. Шарларды лақтыру үшін де энергия жұмсалады.

Пайдасы: Алыста тұрған зат пен өз арақашықтығыңызды көзбен өлшеуді үйренесіз. Сонымен қатар, шардың қимылын бақылау арқылы ойлау қабілетіңізді дамытасыз.

Немен алмастыруға болады? – Бильярд немесе гольф ойнау. Бұл екі ойын түрінде де көп жүруге, қимылдауға тура келеді. Бадминтон ойыны да боулингтың орнын баса алады.

Тағамды тез сіңіруге мынадай әрекеттер де әсер етеді:

Ұйқы – 50-60 ккал/сағ

Орташа қимылмен жаттығу жасау – 300 ккал/сағ

Хат жазу – 80 ккал/сағ

Шаш кептіру – 140 ккал/сағ

Компьютермен текст теру – 140 ккал/сағ

Кітапты дауыстап оқу – 90 ккал/сағ

Итпен серуендеу – 280 ккал/сағ

Көлік жүргізу – 100 ккал/сағ

Шопинг – 200 ккал/сағ

Баспалдақпен жоғарыға қарай жүгіріп көтерілу – 1400 ккал/сағ

Теннис – 400 ккал/сағ

Баскетбол – 470 ккал/сағ

Боулинг – 270 ккал/сағ.