​Жаттығу нәтижелі болсын десеңіз МЫНА 3 жемісті жеңіз

0
1 899

Бұл өнімдер сіздің жаттығудан кейінгі нәтижеңізді күшті ете түсетін элементтерге бай.


​Жаттығу нәтижелі болсын десеңіз МЫНА 3 жемісті жеңіз

Зерттеуші мамандар тұрақты түрде спортпен айналысатын жандар үшін тамақтану рационына міндетті түрде үш жемісті қосу қажеттігін айтады. Өйткені, жаттығуға жұмсалған энергияның орнын толтыру үшін олардың пайдасы зор.


Мамандар ас мәзірімізге мейіз, анар мен бананды қосқан жөн дейді. Фитнеспен айналысқанға дейін бе, кейін бе ол жағына өзіңіз анықтай бересіз. Бұл өнімдер сіздің жаттығудан кейінгі нәтижеңізді күшті ете түсетін элементтерге бай.



Анар шырыны нағыз табиғи энергетик болып табылады. Ол денеге тонус береді, шаршағанды, бұлшықеттің ауырсынуын басады, әрі энергиямен қуаттандырады. Жаттығудан кейін ішілген бір стакан анар шырыны күш-қуат береді.

Ал, анар шырынынан бұрын жаттығу алдында мейіз жеп алатын болсаңыз, оның пайдасы тіпті керемет. Өйткені, мейіз энергетикалық құрғақ жеміс болып саналады. Оның құрамында спортшыларға ең керекті табиғи қант пен калий бар. Бұл элементтер ағзаға түскен соң күш береді. Ұзақ әрі интенсивті жаттығу жасап жүрген жандарға мейізді үнемі жеп жүру керек.

Мейізді белок коктейлінің құрамына қосуға да болады.



Ал, жаттығуға дейін де, кейін де ағзаға көмегі күшті жемістің бірі банан екенін де айта кеткен жөн. Жемістің құрамындағы калий бұлшық еттердің кұрысуынан кұтқарады. Бұл өздерінің көп уақытын денесін шынықтырумен өткізетіндерге өте маңызды. Бананның сүйектерді қатайтатын да қасиеті бар. Ол кальцийді ағзада қалдырып, оны сүйектерді қатайтуға қолдануға септігін тигізеді. Жемістің құрамында көп мөлшерде триптофин деген нәрсе болады, ал одан серотонин – бақыт гармоны бөлінеді. Сонымен бірге, ол керемет энергия қайнары. Сондықтан спортпен шұғылданған соң, банан жеп алсаңыз, көңіл-күйіңізді көтеріліп, қаныңыздағы қант деңгейі ұзақ уақыт бойы керек мөлшерде сақталып тұрады. Бананның құрамына антиоксиданттар мен аминоқышқылдар кіреді, ал олар ағзаны қорғап иммунитетті нығайтады.


Ғалымдар ұйықтап жатқанда артық майды кетіретін тағам түрін анықтады. Ұйықтар алдында сүзбе жеу семіздіктің алдын алып қана қоймай, артық салмақтан арылуға көмектеседі екен. Флорида штаты университетінің ғалымдары жүргізген тәжірибе барысында 20 жастан асқан қатысушылар күн сайын ұйықтардан 30-60 минут бұрын сүзбе жеген. Нәтижесінде бұл өнімнің бұлшықеттерге оң әсер етіп, зат алмасу процесін тездетіп, адам денсаулығын жақсартатыны анықталды.
Ғалымдардың түсіндіруінше, бұған сүзбе құрамындағы казеин себепкер, ол ағзаға біртіндеп түсіп, амин қышқылдарының тұрақты жеткізілуіне көмектеседі. Сонымен қатар өнімнің жылу эффектісін ұлғайтады, яғни асты қорыту барысында ағза көбірек энергия жұмсап, тіпті ұйықтап жатқанда да артық майды кетіреді.


(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Асүйдегі фитнес: Оқтаумен қамыр жайған әйелдің білегі жуан болмайды


Қарындағы майдан тез арылуға көмектесетін ең тиімді жаттығу