Қазір барлық адамдар өмірдегідей әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасайды, танысады, өз әсерлерімен бөліседі және онда өздерін қалай дұрыс ұстау керектігін білеміз деп ойлайды. Ал, шындығына келсек, ешкім ешкімге әлеуметтік желілердегі этиканы үйренткен жоқ.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Бұдан кейін қателеспеу үшін әлеуметтік желілердегі жеке адамдарға арналған этикет ережелерінің тізімімен танысуды ұсынамыз:
№1 ереже: Ешқашан лайк пен бөлісу туралы сұрамаңыз
Сіз қайыршы емессіз. Егер сіздің жариялағаныңыз қызықты болса, онда адамдар өздері-ақ қуана-қуана лайк басады және сіздің жазбаңызды бөліскісі келеді. Ал, Сіз лайк сұраған сайын достарыңызға керісінше әсер етіп, жеке парақшаңыздағы оқырмандарды жоғалта бересіз.
№2 ереже: Сөйлесіп отырған адамнан жылдам жауап беруін талап етпеңіз
Сіз досыңыздың желіде екенін көресіз, бірақ сіздің хабарламаңызға жауап бермейді, бұндайда ренжуге және тез жауап беруін талап етуге асықпаңыз. Өйткені, ол Сіздің оқылмаған хабарламаңызға жауап беруге және жағымсыз эмоцияңызды қабылдауға міндетті емес. Бұлай жасасаңыз, қолын бетіне басып, басқа нәрсемен айналысып отырады немесе басқа нәрсе жасай алады.
№3 ереже: Желіде онлайн болсаңыз, келген хабарларға мүмкіндігінше тезірек жауап беріңіз
Реніш пен түсініспеушілікке жол бермеу үшін, мүмкіндігінше, Сізге келген хаттарға тезірек жауап беріңіз. Өйткені, онлайн режимінде сөйлесу шынайы өмірдегі қарым-қатынасқа ұқсайды. Қысқасы – оқып, жауап беруді ұмытып кетпеңіз.
№4 ереже: Достарыңызбен түскен суретті олардың келісімінсіз жарияламаңыз
Досыңызға Сіз жариялаған суреттегі қалпы ұнамауы немесе ол қандай адамдармен қай жерге барғанын білдіргісі келмеуі мүмкін. Сондықтан, жариялайтын суретті таңдауға досыңызды да араластырыңыз.
№5 ереже: Өз оқырмандарыңыздың талғамын біліңіз
Парақшаңызға әртүрлі қызықсыз жазбаларды, жарнамаларды жариялай бермеңіз. Себебі, Сіздің жазылушыларыңыз әр қадамыңызды бақылап отырады.
№6 ереже: Жеген тамақты жариялау сәннен қалды
Мейрамханада жеп отырған тағамдарды суретке түсіріп, жариялау дәуірі өтіп кетті! Тоқтатыңыз!!! Себебі, Сіздің әлеуметтік желілердегі парақщаларыңыз – диетологтың алдында көрсететін есептік таспа емес, оны жазылушыларыңыз да қарайды. Егер, салып жатсаңыз, біраз уақыттан кейін алып тастаңыз.
№7 ереже: Жеке өмірге байланысты жазбаларды шектеңіз
Өзіңіздің жеке мәселелеріңіз жайлы достармен сөйлескеніңізді немесе сүйіктіңізбен кездескеніңізді жариялауға және оқырмандарға айтуға болмайды. Өйткені өмір өзгереді, тіпті күтпеген қиын мәселелер туындайды, ал жазбаларыңыз қалады.
№8 ереже: Ойға сыймайтын статустарды жарияламаңыз
Бұл ережені желідегі мәртебеңізді төмендетпеу үшін есте сақтаңыз және іске асырыңыз. Олар сізге соншалықты ақымақтық болып көрінбеуі мүмкін, бірақ талғамы әртүрлі жазылушыларыңыз статусыңызды әрдайым оқып отырады және Сіз туралы қоғамдық теріс пікір қалыптасады.
№9 ереже: Әлеуметтік желілер арқылы өмірдегі қарым-қатынасты бұзуға болмайды
Ешқашан нақты қарым-қатынасты үзудің виртуалды тәсіліне жүгінбеңіз. Бұл сананың төмендігі және адамгершілікке жатпайды. Оданда, жеке кездесіп, мәселені бетпе-бет шешуге ұмтылыңыз. Егер ол адамды бір кездері жақсы көрсеңіз, әлеуметтік желілер арқылы аражібін үзу дұрыс емес. Салмақты және батыл болыңыз.
№10 ереже: Сериямен жарияланатын селфи нормасы – 3-ақ дана
Көп селфи жариялауды өзіңізді жақсы көрумен шатастырмаңыз, болмады дегенде 3-і жеткілікті. Әйтпесе, жазылушыларыңыз оны теріс түсініп, парақшаңызға кірмей қоюы мүмкін.
№11 ереже: Әріптердің орнына таңбаларды пайдалануға болмайды
Әріптердің орнына таңбаларды пайдаланып сөйлесу – жұмбақтап сөйлесу немесе мазақтау сияқты әсер етеді. Таңбаларды тек шынайы достармен бейәдеп сөздер арқылы сөйлескенде пайдалануға болады. Дұрысы – әріптермен ашық сөйлесіңіз.
№12 ереже: Қоғамдық жазба жарияласаңыз, шынайылығын тексеріңіз
Біз достарымыздың лентасынан көмек көрсету туралы үндеулерді жиі көреміз. Бірақ олардың шынайылығын кім тексереді? Жиналған ақша қайда барады, олар қаржыны мақсатты жұмсай ма және мұқтаж әлі сол күйінде ме? Мұндай жазбаны өз парақшаңызда жарияламас бұрын, мәселенің ең болмағанда өзектілігін тексеріңіз. Мүмкін осыған дейін ол шешіліп қойған болар.
№13 ереже: Досыңыз туралы Сіз білетін жеке ақпаратты жарияламаңыз
Сіздің досыңыз туралы білетініңізді қалың жұртшылық білуге міндетті емес. Егер, жариялағыңыз келсе, бұл ақпарат құпия емес екеніне көз жеткізіңіз. Өйткені, ол жеке хат алмасу емес, жазбаны барлық таныстар оқиды. Сізге біреу сеніп, құпиясын айтса – сақтаңыз және бағалаңыз!
№14 ереже: Тегтер артық пайдаланбау керек
Мысалы, гүлдің суретін жариялап, астына тек #гүл деген тегтерді жазып қойған дұрыс емес. Себебі, оқырмандарға бұл гүлді кім, қандай жағдайда және қандай себеппен бергені қызық. Дұрысы, бұндай жазба салмаңыз.
№15 ереже: Желіде балағаттамау
Біреуге бірдеңе түсіндіргіңіз келсе, дөрекі жауаптарға итерместен, оны лайықты түрде жасаңыз.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Өмір сүру ЖЕҢІЛ болсын десеңіз, Сізге мыналар қажет